Э.ғ.к Джрауова К.С

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

САЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

 

 Салықтық жоспарлау- бұл мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің болжамды параметрлерге негізделген алдағы жылға салық ағымдарының неғұрлым тиімді қозғалыс бағыттарын және перспективасын анықтау мен көлемі, құрамы мен құрылымын оңтайландыру процесі.

Салықтық жоспарлау - салық менеджментінің маңызды функционалдық  элементі. Оның көмегімен шешімдер негізгі бағыттары мен басқарудың күтілетін нәтиже белгіленіп ғана қоймайды, сонымен қатар белгіленген мақсаттарға жетудің нақты әдістері анықталады, яғни салықтық жоспарлау- салық менеджментінің мақсаттарына жетудің құралдары мен әдістерінің кешені. Түрлі әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда жоспарлаудың алдында талдау (басқару объектісінің қазіргі жағдайын бағалау) және болжау  (қолдағы мәліметтерді талдау және модельдеу негізінде басқару объектісі жағдайының болжамды көрсеткіштерін анықтау) жүзеге асырылады.

Салықтық жоспарлаудың негізгі арналымы мақсатты бағытталымы мен мақсаттарға және міндеттерге жетудің тиімді әдістерін анықтау арқылы салық менеджменті жүйесінің тиімді қызмет етуін жоғарылату болып табылады. Сондықтан салықтық жоспарлаудың негізгі мезеті мақсатты тұжырымдау болады.

Салықтық жоспар- мақсаттарды, мазмұнын, ресурстардың тепе-теңдігін және белгіленген салықтық енгізілімдердің орындалу мерзімдерін ескерген оперативтік, тактикалық және стратегиялық деңгейлерінің алдын ала жасалған шаралар жүйесі.

Салықтық жоспарлау түрлерін келесі белгілер бойынша сыныптауға болады:

1. жоспарлау кезеңінің ұзақтығы мен шешілетін міндеттердің сипатына қарай перспективалық және ағымдағы салықтық жоспарлау:

Перспективалық салықтық жоспарлау- алшақ перспективаға жоспарлау:

- стратегиялық (5 жылдан көп уақытқа)- салықтық жоспарлау стратегиясы анықталады.

- ұзақ мерзімді (3-5 жыл);

- орта мерзімді (1-3 жыл).

Ағымдағы салықтық жоспарлау- негізінен тактикалық міндеттер шешілетін ағымдағы салықтық жоспарлау:

-        қысқамерзімді (1 жылға);

-        оперативтік (1 айға, тоқсанға);

2. Басқару деңгейіне байланысты:

- мемлекеттік (макродеңгей);

- корпоративтік (микродеңгей);

- жеке (микродеңгей).

3. Салықтық жоспарлаудан күтілетін жағдайлар сипатына қарай:

- оптимистік;

- пессимистік;

- реалистік.

Салық бюджеттері айырмашылығы салық пайдасын құрайтын салық табыстары мен шығыстарын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты жалпы бюджеттердің бір бөлігі болып табылады.

Салықтық реттеу салық менеджменті жүйесінің серпінді және ұтқыр маңызды функционалдық элементтердің бірі болып табылады.

Салықтық реттеу қабылданған жоспарлы салықтық тапсырмалар мен салық саясатының концепциялары шеңберінде салықтардың реттеушілік мүмкіндіктерін практикада пайдалану жөнінде адамдардың субъективті қызметі болып табылады.

Салықтық реттеудің негізгі мақсаты- қоғамдық, корпоративтік және жеке экономикалық мүдделердің тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Салықтық реттеу міндеттеріне мыналар жатқызылады:

1) ресурстар, әдістер мен жүзеге асыру мерзімі бойынша салық жоспарының қабылданған вариантының ғылыми негізділігі;

2) жоспардың орынды параметрлерін белгіленген деңгейінде анықталуы мен бекітілуі;

3) салық жоспарын жүзеге асыру әдістерінің егжей-тегжейлі жасалуы және оның жүзеге асырылуының реттеушілік әсерлерін жасау;

4) жоспардың орындалуына кері әсер ететін жағдайларды алдын алу;

5) салық жоспарларының орындалуына оперативті түрде араласу шараларын жасау.

Салықтық реттеудің ерекшелігі оның әдістерін пайдаланғанда салық өндірісінің түрлі жақтарын анықтайтын заңдылық нормаларын және олардың бұзылуы үшін жауапкершілікті ескеру керек. Салық өндірісі- заң жүзінде белгіленген салық қатынастары субъектілерінің заңдылық міндеттемелерін орындау тәртібін анықтайтын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Салықтық бақылау - тиімді салық менеджменті жүйесінің қажетті және маңызды функционалдық элементі, ол салық салуды басқарудың қорытынды кезеңі болып саналады. Салықтық бақылау нәтижелері бойынша салық менеджменті тиімділігі бағаланады және процесске түзетулер енгізу бойынша басқарушылық шешімдер қабылданады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.  Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011

2.  Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент: администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана, 2015