магистрант Руспекова А.

Астана қ., «Қаржылық академия» АҚ

Республикалық бюджеттің бюджет жүйесі құрамында алатын орны

 

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі  келесі деңгейдегi бюджеттерді қамтиды: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.Бұл бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады. Облыстық бюджет, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері, аудан, облыстық маңызы бар қала бюджетi жергiлiктi бюджеттерге жатады [1].

Республикалық бюджетте ҚР-сы мемлекеттік бюджетінің маңызды бөлігі шоғырланған. Республикалық бюджет республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен Парламенттің бірлескен  отырысында бекітіледі. Республикалық бюджет Бюджеттік кодексте белгіленген түсімдер және  бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе профицитті пайдалану есебінен құрылады. Бұл жоғарғы бюджет деңгейі  маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге арналған және  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын

1-суреттен республикалық бюджет кірістерінің динамикасын көруге болады (1-сурет).

Сурет 1. Республикалық бюджет кірістерінің динамикасы, млрд. теңге

 

1-суреттен көріп отырғанымыздай,  соңғы жылдары республикалық бюджет кірістерінің өсу тенденциясы тұрақты болмаған. Атап көрсетер болсақ, 2013 жылы кірістер көлемі 5179,5 млрд. теңге көлемінде болса, 2014 жылы 854,5 млрд. теңгеге артып, 6034  млрд. теңгені құраған. Ал 2015 жылы кірістер көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 227,2 млрд. теңгеге төмендеп, 5806,8 млрд. теңгені құрады. Ал 2016 жылы республикалық бюджет кірістері 6847,5 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.

Келесі кесте бойынша республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымына талдау жасауға болады (1-кесте).

 

Кесте 1 - Республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы, млрд. теңге

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Ауытқу 2015/2014, млрд.тг

Өсу темпі, %

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Салықтық түсімдер

3510,6

67,8

3813,0

63,3

3013,0

51,9

-800,0

79,0

Салықтан тыс түсімдер

100,7

1,9

119,3

1,9

151,4

2,6

32,1

126,9

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

9,0

0,2

7,8

0,1

9,8

0,2

 

 

2,0

 

 

125,6

Трансферттердің түсімі

1559,2

30,1

2093,6

34,7

2632,6

45,3

 

539,0

 

125,7

Барлығы

5179,5

100,0

6034,0

100,0

5806,8

100,0

-227,2

96,2

Кесте мәліметтерінен көргендей,  республикалық бюджет кірістерінің ішінде  жоғары  үлесті салықтық түсімдер алады. Атап көрсетсек, 2013 жылы олардың үлес салмағы 67,8%, 2014 жылы 63,3% және 2015 жылы 51,9% құрады. Салықтық түсімдер көлемі есепті кезеңде өткен кезеңмен салыстырғанда 800 млрд. теңгеге немесе 21,0%-ға төмендеп, 3510,6 млрд. теңгені құрады. Екінші орында республикалық бюджетке түсетін трансферттер орналасқан. Олардың үлес салмағы 2013 жылы 30,1%, 2014 жылы 34,7% және 2015 жылы 45,3% құрап отыр. Трансферттер көлемі есепті кезеңде 25,7%-ға артқан. Ал, салықтан тыс түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер көлемі есепті кезеңде өткен кезеңдермен салыстырғанда тиісінше, 26,9% және 25,6-ға артқан. Жалпы республикалық бюджет кірістерінің жиынтық көлемі 2015 жылы 2014 жылмен салыстрғанда 3,8%-ға төмендеген.

Келесі суретте республикалық бюджеттің жиынтық шығындарының динамикасы бейнеленген (2-сурет).

 

Сурет 2. Республикалық бюджет шығындарының жиынтық көлемінің динамикасы, млрд. теңге

 

Сурет мәліметтерінен республикалық бюджет шығындарының қарқынды өсуін байқауға болады. Атап көрсетсек, 2013жылы шығындар көлемі 5700,8 млрд. теңге болса, 2016 жылы 1705,7 млрд. теңгеге ұлғайып, 7406,5 млрд. теңгені құраған. 2016 жылы республикалық бюджет шығындары 2015 жылмен салыстырғанда 600,7 млрд. теңгеге ұлғайып, 7406,5 млрд. теңгені құрады [2].

Келесі кестеде республикалық бюджет шығындарының құрамы мен құрылымына талдау жасалған (2-кесте).

 

Кесте 2- Республикалық бюджет шығындарының құрамы мен құрылымы, млрд. теңге

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015/ 2014жж өзгерісі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

285,7

5,0

363,3

5,5

363,7

5,3

100,1

Қорғаныс

388,1

6,8

415,7

6,3

422,1

6,2

101,5

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық сот, қылмыстық атқару қызметі

508,7

8,9

478,8

7,3

436,1

6,4

91,1

Білім беру

453,2

7,9

459,6

7,0

442,1

6,5

91,8

Денсаулық сақтау

499,4

8,8

645,3

9,8

656,9

9,7

101,8

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

1261,0

22,1

1505,5

22,9

1620,9

23,8

107,7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

244,4

4,3

245,9

3,7

137,7

2,0

56,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

93,9

1,7

109,5

1,7

105,9

1,6

96,7

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

102,8

1,8

99,6

1,5

79,9

1,2

80,2

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

183,9

3,2

159,5

2,4

164,3

2,4

103,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

15,2

0,3

24,2

0,4

13,9

0,2

57,4

Көлік және коммуникация

384,0

6,7

499,4

7,6

493,8

7,3

98,9

Өзгелер

237,2

4,2

357,7

5,4

667,5

9,8

186,6

Борышқа қызмет көрсету

177,2

3,1

232,8

3,5

296,5

4,4

127,4

Трансферттер (облыстық бюджеттерге субвенциялар)

865,8

15,2

978,1

14,9

904,5

13,3

92,5

ШЫҒЫНДАР:

5700,8

100,0

6575,0

100,0

6805,8

100,0

103,5

 

Кестеден көргеніміздей 2015 жылы республикалық бюджет шығындарының құрамында жоғары үлес салмағын әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге кеткен шығындар алды және олардың үлестік салмағы 23,8 пайызды құрады. Әлеуметтік көмекке кеткен шығындар жыл сайын өсуде және 2013 жылы бұл салаға  1261,9 млрд. теңге бөлінсе, 2015 жылы бұл шығындар  359 млрд. теңгеге көбейіп, 1620,9 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтауға кеткен шығындар соңғы 3 жылда біркелкі деңгейде бөлінген және  үлесі 9,7 пайызды немесе 656,9 млрд. теңгені құрады. Ал білім беруге арналған шығындардың үлестік салмағы 2015 жылы 6,5 пайызға дейін төмедегенін көреміз. Егер 2013 жылы  білім беруге кеткен шығындар 453,2 млрд. теңге көлмінде бөлінсе, 2015 жылы олардың көлемі 11,1 млрд. теңгеге төмендеп, 442,1 млрд.  теңгені құрады.

Ресми трансферттердің үлес салмағы 2013 жылы 15,2% (865,8 млрд. теңге), 2014 жылы 14,9% (978,1 млрд. теңге) және 2015 жылы 13,3% (904,5 млрд. теңге) құрады. Трансферттер көлемі 2015 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 7,5%-ға азайған. Ресми трансферттердің құрамына облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар кіреді.

 Жалпы шығындар жиынтығы 2015 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 3,5 пайызға артқан.

Республикалық бюджет шығындарының құрылымы оның экономикада алатын ролін көрсетеді. Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі. Соңғы жылдары бүкіл әлемдегі  дағдарыс республикалық бюджет кірістеріне үлкен әсерін тигізді, сол себепті  шығындарды да қайта қарастыруға тура келді. Сонымен қатар, денсаулық сақтауға, білім беруге арналған шығындар қайта қарастырылып, қысқартылды. Республикалық бюджеттің реттеуші ролі күшейді, облыстық бюджеттерге бөлінетін субвенциялар көлемі өсті.

 

Әдебиет:

1. Өмірбаев С.М., Ынтықбаева С.Ж., Адамбекова А.А., Парманова Р.С. Мемлекеттік бюджет: оқулық. Алматы 2012: Дәуір, 2012-640б.

2. www.minfin.gov.kz - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми сайты