Инвестициялық бағалы
қағаздардың мәні мен
маңызы
Удасбекова А.М.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Бағалы қағаздарды
бағытталуы немесе шығарылу мақсаты бойынша қысқа
мерзімді ақша нарығынң және капиталдар (инвестициялар)
нарығының бағалы қағаздары деп бөлуге
болады. Ақша нарығында айналу мерзімі бір күннен бір
жылға дейінгі қысқа мерзімді бағалықағаздар
сатып алынады және сатылады. Оларға коммерциялық, банктік,
қазыналық вексельдер, чектер, депозиттік және
жинақтаушы сертификаттар
және т.б. жатады. Олар займ қатынастарына негізделген. Шығару
мақсаты- төлем және ақша айналымының
үзіліссіздігін қамтамасыз ету.
Инвестициялар нарығы капиталдар
қозғалысын білдіреді және ортамерзімді (бес жылға дейін)
және ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) бағалы
қағаздар, сондай-ақ мерзімсіз қор
құндылықтарымен сипатталады. Соңғыларында
өтеудің соңғы мерзімі жоқ (акциялар, мерзімсіз
облигациялар).
Қарыздық бағалы қағаздар несиелік қатынастарды білдіреді,
яғни ақша құралдары белгілі-бір мерзімге
пайдалануға ұсынылуын, қарыз құралдарын
қолданғаны үшін
алдын-ала бекітілген пайыздарды төлей отырып қайтарылуын
білдіреді. Қарыз қатынастарына құрылатын
құралдарды тарту формасына сәйкес корпоративті
бағалы қағаздардың
облигациялар мен вексельдер, банктердің
депозиттік және жинақтаушы сертификаттары сияқты
түрлері қолданылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар- меншікте
немесе кәсіпорында пайы немесе қатысы бар екендігін
дәлелдейтін инвестициялау құралы ретінде айналымда болатын
ұстаушыға немесе атаулы бағалы қағаз түрі.
Бағалы қағазды инвестициялыққа
жатқызудың негізгі белгісі оның атқаратын
функцияларының сипаты болып саналады. Егер құжат қор
нарықтарында танылған болса немесе
инвестициялау құралы ретінде айналымда болса, ол
инвестициялық бағалы қағаз ретінде қарастырылады.
Мұндай қағаздар айналым құжаттары болып табылады.
Қарыздық бағалы
қағаздар- қарыздың болашақта қарыз берушіге
төленуі қажеттігін куәландыратын кез келген бағалы
қағаз, мысалы, вексель (қарыз міндеттемесі), банкнота,
облигация .
Қарыздық бағалы
қағаздар- инвестициялардың бар болуы және олардың
мемлекеттік немесе жеке меншік бағалы қағаздарға
(облигациялар және т.б.) жылжуы
есептелетін бухгалтерлік есептің «Қаржылық салымдар» шотының субшоты. Мекеме жүзеге
асырған қаржылық салымдар «Қаржылық салымдар»
шотының дебеті бойынша және осы салымдардың шотына
аударуға жататын құндылықтар есептелетін
шоттардың кредиті бойынша көрінеді. Мысалы, мекеменің басқа
мекемелердің бағалы қағаздарын төлеп алуы
«Қаржылық салымдар» шотының дебеті бойынша және
«Есептік шоттар» немесе «Валюталық шоттар» шотының кредиті бойынша
жүргізіледі.Ұйымның алған облигациялары мен басқа
да қарыздық бағалы қағаздарының сатып алу
құнының олардың номиналды құнынан
асқан сомасын жазу (списание) барсында «Түрлі дебиторлар мен
кредиторлармен есеп айырысу» (бағалы қағаздарды сатудан
алынатын табысқа қатысты сомадан) шотының дебеті бойынша
және «қаржылық салымдар»(сатып алу және номинальды
құнының арасындағы
айырмашылықтың
бөлігіне) шотының
және «Басқа да табыстар мен шығындар» (« Түрлі
дебиторлар мен кредиторлармен есеп
айырысу»және «Қаржылық
салымдар» шоттарына жатқызылған сомалардың
арасындағы айырмашылыққа) шотының кредиті бойынша
жазулар жүргізіледі. «Қаржылық салымдар» шотында есептелетін
бағалы қағаздарды өтеу (сатып алу) және сату «Басқа да табыстар мен
шығындар» шотының дебеті
бойынша және
«Қаржылық салымдар» шотының кредиті бойынша бейнеленеді
(бұл операцияларды «Сатулар» шотында көрсететін ұйымдардан басқалары).
Инвестициялық бағалы
қағаздар- бұл қатысты тұрақты,
ұзақ мерзімді негізде құралдар инвестицияланатын
бағалы қағаздар. Инвестиция мақсаты бағалы
қағаздар бойынша пайыздан және олардың
бағамдық құнының өсімімен пайда алу,
сондай-ақ эмитенттің өтімділігіне талаптарды сақтау
үшін өтімді активтер резервін құру.
Халықаралық тәжірбиеде әдетте бұл
категорияға тек жоғары рейтингі мен сапа бағасы бар
бағалы қағаздарды жатқызады.
Қарыздық бағалы
қағаздар қарыздық міндеттемелер болып табылады
(облигация, нота, вексель және т.б.).
Инвестициялық (капиталды) бағалы
қағаздар- бұл капитал салу үшін обьект болып табылатын
бағалы қағаздар (акция,облигация, фьючерстік контракттер
және т.б).
Фьючерстік контракт-келісім жасалған
сәтте бекітілген баға бойынша болашақта белгілі-бір
уақыттан соң биржалық активті сату-сатып алудың
стандартты биржалық келісімшарты.
Қарыздық бағалы
қағаздар- бағалы қағаздар иесі (несие беруші) мен
бағалы қағазды шығарған тұлға
(қарыз алушы) арасындағы займ қатынасын куәландырады.
Қарыздық бағалы қағаздарға
облигациялардың барлық түрлері, депозиттік және
жинақтаушы сертификаттары, вексельдер, сондай-ақ закладнойлар
жатады .
Қазіргі нарықтық
экономиканың қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс
қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең
жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең
түрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің
көптеген анықтамалыры бар. Олардың әрқайсысы
қарыз міндеттемесінің әржақтарын сипаттайды.
Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
Сонымен,
қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды
тұлғалардың, яғни нарыққа
қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық
жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін
шығарып және оған одан әрі ұстаушыға дейін
қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды. Көп
жағдайда эмитентпен қарыз міндеттемесін ұстаушының
арасында ұстаушының
құқын және эмитенттің міндетін анықтайтын
шарт жасалады.
Қарыз
міндеттемесі нарыққа қатысушылардың
қаржылық жағдайларын алдын-ала болжау қажеттілігінен
шыққан құжат. Ал нарыққа
қатысушылардың қаржы жағдайын сол уақыттағы
олардың табысының кірісі мен
шығынының арақатынасы анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз
етілудің 3 түрлі жағдайы кездеседі:
Кез
келген уақытта қаржысы
артық шаруашылық
субьектілері де, қаржы тапшылығында отырғандар да бір
ұлттық қаржы жүйесі
шеңберінде кездеседі. Дәл осы жағдайда екі
шаруашылық субьектілерінің біреуі артық табысын екіншісіне
несиеге беріп, орнына қарыз міндеттемесін алады. Керісінше,
бұрынғы қарыз міндеттемесінің орнына
қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз
міндеттемесін борышқор несие
берушіге жазып береді. Ол борышқор несиесін өтегенше несие берушіде
сақталады. Қарыз міндеттемесін иемдену құқынан
оны орындау құқы туындайды.
Артық қаржысы бар және
тапшылық қаржы жағдайындағы шаруашылық
субьектілері бірімен бірі 3 түрлі тәсілмен байланысты болуы
мүмкін: тікелей, қаржы делдалдары арқылы және
қаржы институттары арқылы.
Пайдаланылған әдебитттер тізімі.
« Эканомика ».- 1998. –С.41 -66