Экономические
науки/7.Учет и аудит
К.э.н.,
доцент Ахметова А.А.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Компанияның бизнес-процестерін
диагностикалаудың экспресс әдісі
Өндірістік процесті дайындау мен
ұйымдастыруға байланысты қызмет көрсету жөнінде
бизнес-процестерді өзгертуде пайдаланылатын әдістермен бірге
процестерді талдауда бизнес-процестерді бағалаудың сапалы
әдістерін қолдануға бейімділігін көрсетуде.
Мұндай жағдай бизнес-процестердің және оларды қайта
құру әдістерінің маңыздылығын
түсінбеуден болады.
Бірақ
процестік басқару мен жоғарыда айтылған процестерді
қайта құру әдістерін түсінудегі
алшақтықтың өзіндік проблемасы бар және әр
түрлі процестердегі бөліністі талап етеді. Осы мақсатта
бизнес талтаушыларға зерттелетін бизнес-процестердің
жағдайына оперативті баға беру мен компания басшысына
процестердің кемшіліктерін жетілдіруге қажетті іс шараларға
кешенді қорытындылар беруге көмектесетін әдісті
түсінуді қарастыру қажет.
Басқаруды
талдаудың негізіне бизнес-процестерді талдаудың принциптері мен
әдістерін қалау қажет. Бизнес-процестерді талдауда мына
әдістер кең қолданылады:
- үлгілеу
(SADT әдістері ( үлгілерді жобалау технологиясы мен құрылымдық талдау),
объекті-болжалы үлгілеу және т.б. );
- бизнес-процестердің
құнын процестік талдау ( АҚТ әдісі –
атқарымдық-құндық талдау және т.б.);
- негізгі
көрсеткіштерді талдау.
Өндірістік
процесті дайындау мен ұйымдастыруға байланысты қызмет
көрсету жөнінде бизнес-процесті өзгерту тәсілін
қолданудың тиімділігіне баға беру үшын коэффициенттерді
есептеуден алынған бизнес процестердің көрсеткіштерін,
яғни мәндерін тиімділіктің негізгі формуласына қою
қажет. Әдісті нақтылау мақсатында бизнес-процестің
тиімділігін көрсететін бағалаушы коэффициенттер көп
жағдайда процестерді үлгілеуде қолданылады ( SADT
әдісін қолдану арқылы ).
Бизнес-процестердің
сандық көрсеткіштеріне мыналарды жатқызады:
1. Күрделілік – процестердің үлгілерінің
бөлшектеп байланыстырылған деңгейлерінің санының
процестердің данасының жиынтығына қатынасы. Бұл
көрсеткіш бизнес-процестердің сатылы құрылымының
қаншылықты күрделі екендігін көрсетеді.
2. Процестік – бизнес-процестегі «алшақтық» (бизнес-процестер
данасының арасындағы себеп салдар байланыстарының
жоқтығы) санының процестердің сыныптарының
жиынтығына қатынасымен анықталады.
3. Бақыланатын – бизнес-процестердің кластарының
санының процестерді меншіктеушілердің санына (πм) қатынасымен анықталады.
4. Ресурс сыйымдылығы – пайдаланылған ресурстардың
санының бизнес- процестердің данасының
нәтижелерінің санына қатынасымен анықталады. Бұл
көрсеткіш нақты бір бизнес процестегі ресурстардың
қаншалықты тиімді пайдаланылатынын көрсетеді.
5. Реттелетін – қолдағы бар реттелген
құжаттардың санының бизнес- процестердің
сыныптарының санына қатынасымен анықталады.
Бизнес-процестердің
көрсеткіштерінің жиынтығы мына нормативке сәйкес болуы
керек:
![]()
Коэффициенттердің
қорытындысының мәні 1-ге тең немесе одан көп
болса, онда талданатын бизнес-процесс тиімді деп есептелінеді. Ал егер
бұл коэффициент 2,8-ден
көп болса, онда бизнес-процестің моделі
тиімсіз деп саналады.
Қарастырылатын
компанияның бизнес-процесін екі негізгі топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік бизнес-процестер;
2.
Коммерциялық өткізу бизнес-процестері.
Пайдаланылған әдіснама тиімділікті бес көрсеткіштер
бойынша есептеумен үйлеседі, өйткені:
- Біріншіден, құрылымдық талдау
әдіснамасымен бизнес-процесті жобалау бас белгіні иемденеді –
модельдеудің сатылы құрылымы. Бұл жағдайда
тиімділікті талдау процестердің моделінің төменгі
сатыдағы көрсеткіштерді ескереді.
- Екіншіден,
модельдеудің пайдаланылған әдіснамасы бөлінген
элементтерге ие, яғни ресурспен басқарылатын әсер.
- Үшіншіден,
модельдеудің негізгі элементтерінің бірі – процесті меншіктеушілер (πм). Олар ведомстволық
бағыныстағы бизнес-процестің сыныптарының тиімділігі
туралы сұраққа жауап бере алады. Сонымен πм соңында бес
көрсеткіштер бойынша есептеудің нәтижелері белгілі
болғанда эксперт бола алады.
Әдебиеттер
1. Демесінов Т.Ж. Қаржылық талдау: Оқулық. –
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 320 б.
2. В.Черняк, У.Шалболова. Қаржылық талдау: Оқу
құралы. – Астана: Фолиант, 2013. - 160 б.
3. Нұрымов А.А., Бұлақбай Ж.М. Қаржы менеджменті:
Оқулық. – Астана:
ҚазЭҚХСУ БПО, 2013. -374 б.