Экономические
науки/7.Учет и аудит
К.э.н.,
доцент Ахметова А.А.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Қаржылық активтердің нарықтық және
өзіндік тәуекелдіктерін бағалау және басқару
Кәсіпорынның
қаржылық механизмі жалпы қаржылық механизмде
орталығы болып табылады, яғни материалдық өндіріс
саласында қаржының басты рольге ие екендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның
қаржылық механизмі қаржылардың өзінің
функциялары мен олардың өзара іс-қимылдарын барынша
толық және тиімді орындалуына көмектесуі қажет. Алдымен
кәсіпорынның қаржыларды басқару механизмінің
көмегімен олар қажетті ақша құралдарымен
қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорындағы
қаржылардың функцияларына мыналар жатады: кәсіпорынның
ақша құралдарымен қамтамасыз етілуі; үлестірілуі;
бақылау; олар бір-бірімен өзара байланысты.
Кәсіпорынның
ақша құралдарымен қамтамасыз етілу функциясы
үлестіргіш функциясымен тығыз байланысты, ол қаржылық
механизм арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы
бөлу қатынастары соңғы нәтижеге өте күшті
әсер етеді. Кәсіпорындағы өнімдерді өткізуден
түскен түсім бөлінеді. Оның бір бөлігі
кәсіпорынның шығынын жабуға, яғни
өнімнің өзіндік құны, ал бір бөлігі –
оның пайдасын көрсетеді. Ол өз кезегінде кәсіпорын мен
мемлекеттік бюджет арасында бөлінеді.
Нарықтық
тәуекелділікті басқарудағы кешенді тәсіл
тәуекелділіктерді бағалау мен талдау соларға сәйкес
жүргізілетін принциптерді анықтауды айтады. Тәуекелділіктерді
сәйкестендіруді ғана білу емес, сонымен олардың пайда болу
көздерін анықтау қажет.
Қаржылық
емес ұйымдардың портфельді тәсілі шеңберінде
компанияның активтері мен пассивтері біртұтас, яғни
портфельдің элементтері ретінде қарастырылады, ол оған
тәуекелділіктің сипаттамасы мен табыстылығын ескертеді,
бұл экономикалық тәуекелділіктерді оңтайландыру мүмкіндіктеріне
талдауды тиімді жүргізуге жағдай жасайды.
Компанияның
қаншалықты нарықтық тәуекелділікте анықтау
үшін (пайыздық, валюталық, қорлық немесе
бағалық) алдымен оның қаржылық есептілігімен
танысу қажет: балансымен, пайдалар мен залалдар есебімен, ақша
қаражаттарының қозғалысының есебімен, меншілікті
капиталдың өзгерісінің есебімен және басқа
құжаттарымен. Компанияның ұзақ мерзімді
қаржылық салымдарының көлеміне, валюталық
шоттарына, несие алудың шарттарына, шет елдегі еншілес
ұйымдарының барына және т.б. ерекше назар аудару қажет.
Компанияның
тәуекелділіктерін қоржынды тәсілдеме бойынша талдаудың
есептілігінің нысандарын қарастырамыз. Баланс және пайдалар
мен залалдар есебінің әрбір баптарын тәуекелділіктің қай
түріне жатқызуға болатындығын талдаймыз. Бұл
операция нарықтық тәуекелділікті талдау барысында
компанияның қандай сала бойынша қызмет атқаратынын
зерттеуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің
негізгі объектілеріне шикізаттарды, дайын өнімдерді, негізгі
құралдарды сатып алу немесе сату жөніндегі мәмілелер
жатады. Бұл компанияның бағалық тәуекелділікке
бағынышты екенін көрсетеді. Екі жағдайды қарастыру
қажет:
Біріншіден, компания
қандай тауарлармен жұмыс істейді және олардың
бағасы қаншалықты өзгеріске ұшырайтындығы
үлкен мәнге ие .
Екіншіден, компания осы
тауарлардың нарығымен неше жыл жұмыс істейтіндігі.
Ірігабаритті жабдықтарға жасалған бір реттік мәміле аз
бағалы тәуекелділікке ие болады.
Әдебиеттер
1. Демесінов Т.Ж. Қаржылық талдау: Оқулық. –
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 320 б.
2. Нұрымов А.А., Бұлақбай Ж.М. Қаржы менеджменті:
Оқулық. – Астана:
ҚазЭҚХСУ БПО, 2013. -374 б.