История/2. Общая история

Г.ғ.м. Уалиева Г.К., г.ғ.м. Иксанов С.Б.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Біріккен Италия мемлекетінің құрылуы

 

Италия мемлекетінің бірігуі Еуропа тарихында ұзаққа созылған және күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе Италияның өз ішіндегі топтардың арасындағы күштердің қарама-қарсы көзқараста болуы және көрші мемлекеттердің Италияның ішкі істеріне араласуы бұл процеске кері әсерін тигізді. Осы кезеңде Италияның солтүстігіндегі Габсбургтердің жеңіске жетуі бүкіл түбектегі мемлекеттерге тікелей әсер етті. Сицилияда Фердинанд ІІ-нің билігі 1849 жылы мамырда түгелдей қайта қалпына келді. Австриялық әскерлердің көмегімен Тоскана герцогы билікті тез қлпына келтірді. Солтүстікте және оңтүстікте контрреволюциялық күштердің жеңіске жетуі жас Рим Республикасына қауіп төндірді. Гэтадағы Пий ІХ-шы 18-ақпанда Римде Папа билігін қалпына келтіру үшін Австрияның, Испания мен Францияның үкіметінен көмек сұрады. Тек осындай жағдай ғана Рим Республикасын құлдырау мен жойылудан сақтап қалуы мүмкін еді. Алайда 23-наурызда құрамында буржуазиялық демократтар Армеллини, Саффи және Мадзини бар үкіметтік триумвират бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық шектеуліктеріне байланысты шаруалардың үлкен тобын күреске шақыра алмады.

Тосқанаға австриялық әскерлердің енуі, әсіресе Рим Республикасының жағдайына әсер етті. 24 сәуірде Чивитта-Веккиға (Римнен қашық емес жерде) Луи-Наполеон Бонапарттың француз әскерлері жіберілді. Ондағы мақсат – Рим тұрғындарын шетел әскерлерінен қорғау және жарты аралда француз үстемдігін қалпына келтіру. Мамырда австриялық әскер Болоньды басып алды, ал Террачина портына испандықтар келіп орналастырылды. Оңтүстікте Рим Республикасымен бір уақытта неаполитан әскерлері әрекет етіп жатты.

Гарибальди бастаған республикандықтар француз әскерлерінің қарсылығына бірінші рет төтеп берді және тағы бір мақсаты Веллетри деревнясының маңында неополитандықтарға соққы беру. Алайда триумвират мүшелерінің дұрыс шешім қабылдамауы және француз үкіметімен келісімге келу әрекеті сәтсіздікке ұшырап, республикалық биліктің құлауына алып келді. Триумвираттықтар француз демократтарынан көмек күтіп, қателесті. Бұл артеллерианы француздардың билеуіне және контрреволюцияны аяқтау үшін өздерінің әскери күштерін толықтыру қажеттігіне алып келді. 3-маусымда келісім-шартты бұзып, француз әскерлері Римді бомбалайды және бір ай дайындықтан кейін 1849 жылы 3-шілдеде қаланы басып алады. Қалада Папа билігі қалпына келтіріледі және триумвират жүргізген барлық реформалар алынып тасталынады.

Мадзини және басқа да республикандықтар шет елдерге қашады. Ал Гарибальдидің легионерлік отряды тау асып, Адриат теңізіне қарай бағыт алады. Ондағы мақсаты Венецияға жету еді. Бірақ австриялық әскерлердің кемелері олардың соңына түседі. Грибальди әскерлерінің аз ғана тобы қашып құтылады. Ал Гарибальдидің жолдасы Уго Бали екі ұлымен және жанындағы адамдарын австриялықтар атып өлтіреді. Гарибальди соңына түскендерден құтылу үшін таудан асып Тосканаға, одан әрі Пьемонтқа жетеді. Жолда әйелі уругвайлық Анита қаза болады. Гарибальдидің ерлік жорығымен 1848-1849жж. Италиядағы революция ақталады [1; 431 б.].

Италиядан австриялықтарды ығыстырып шығаруға талпынған Кавур Франциядан үлкен көмек күтті және 1853-1856жж. Қырым соғысы кезінде Франциямен жақын қарым-қатынас орнатуға алғашқы қадам жасалды: 15 мыңдық сардин әскерін Севастополге жібереді. Париж бітім келісім-шартына қол қойғаннан кейін Кавур Наполеон ІІІ-ні Австрияға қарсы соғыс ашуға көндірді. Есесіне Францияға компенсация ретінде Савойя мен Ниццаны беруді ұсынды.

1858 жылы жазда Кавур француз императоры Пломбьермен жасырын кездеседі. Нәтижесінде Наполеон ІІІ-ші Австриямен соғыста Пьемонтқа көмек көрсетуге уәде береді. Наполеонның ондағы мақсаты Ницца мен Савойяны қосып алу, Австрияны әлсірету, Австриялық иеліктің есебінен Пьемонт жерін кеңейту және Италия мемлекеттеріне өзінің ықпалын күшейту. Австрияға қарсы соғысты бастамас бұрын Наполеон ІІІ 1859 жылы наурызда Ресеймен құпия келісімге келеді. Бұл Габсбургтер империясын әлсіретті және онымен тиімді достық нейтралитетке келу мақсатына жетті. Ресей патшасы Александр ІІ австриялық шекараға күшті әскер жіберетіндігін уәде етеді [1; 484 б.].

Патша және оның сыртқы істер министрі, князь А.М.Горчаков Франция басшысымен кездесуге келеді. Осылай Ресейдің сыртқы саясаты үшін «Италияны жоғарыдан біріктіру» тиімді болды. Бір жағынан Пьемонт пен Австрия арасындағы соғыс, екінші жағынан Австриямен соғыс 1859 жылы сәуірдің аяғында басталады. Соғысқа кіріскен Австрия үкіметі Солтүстік Италиядағы әскерлердің санының басымдылығына сүйенді. Француз әскері По өзенінің аңғарына келместен бұрын Виктор-Эммануил ІІ-нің шағын әскері келген болатын. Мамырдың  аяғында франк-сардин әскері шабуылға көшті. Олар Маджентте (4маусым) австрия әскерлерін жеңіп, Ломбардияны басып алды. По өзенінің аңғарымен қозғалған одақтық әскер 1859 жылы 24 маусымда Сольферино түбегіндегі қанды шайқаста австриялықтарды жеңді.

Австриялықтарды жеңгеннен кейін бүкіл Италия халқы азат етілгендей болды. Алайда  Наполеон ІІІ Кавурды алдайды. 1859 жылы 11 тамызда франк қаласы-Виллада Наполеон ІІІ император Франц-Иосифпен жасырын кездесіп, австриялықтармен шарт жасасып, кейін бейбіт келісімге қол қойды. Келісім-шарт талаптары италияндықтардың мүддесіне сай келмеді: Пьемонтқа қосылатын бүкіл Ломбрд-Венециан территориясы қайта қарастырылып, Пьемонтқа тек Ломбардия ғана өтті, ал Венциан облысы австриялықтардың иелігінде қалды. Ал екіншіден жоғарғы билік Виктор-Эммануил ІІ-гетапсырылды. Ал Римге француз гарнизоны орналастырылды және Моденада, Пармда және Тосканадан қуылған бұрынғы австриялықтардың Габсбургтер әулетінің герцогтіктері қайта қайтарылды.

Виллафранкте жасалған келісім-шарт италян халқының ашу-ызасын туғызды. Франция мен Австрия империясының келісім-шарттарының нәтижесінде К.Маркс айтқандай «независимость Италии превратилась в  зависимость Ломбардии от Пьемонта, а Пьемонта от Франции» [2; 443 б.]. Нәтижесінде Моденада, Парм мен Тосканада герцогтықтарды қалпына келтіру мүмкін болмады. Жалпы дауысқа салынған ұлттық жиналыстың шешімі бойынша Пьемонтқа жоғарыдағы үш герцогтықтрды қосты. Революциялық қозғалысты басуға мүмкіндігі болмаған Напалеон ІІІ бұған келісімін беруге мәжбүр болды. Ол тек Кавур компенсация ретінде уәде еткен Савойя мен Ниццаны ғана талап етті [3; 246 б.].

         Италияның бірігу процесінің нәтижесінде барлық феодализм қалдықтары және абсолютизм жойылып, Итлия шет елдік қанаушылардан тазартылды. Италияның  жеңіспен бірігуі демократиялық буржузияның басында Мадзини мен Гарибальди сияқты, елін шексіз сүйетін тұлғалардың болуымен байланысты. Алайда негізінен қарапайым халыққа сүйенген буржуазияның істі аяғына дейін жеткізуге күші жетпеді. Бірақ та демократия өкілдерінің сәтсіздігі, ал либерлдардың жеңіске жету жолында және Италияның бірігуінде Мадзини, Грибальди және оның қолдаушыларының күресі Италия тарихында үлкен орын алып, өшпес із қалдырды.

Әдебиеттер:

1. Новая история: учебник для педагогических институтов /под ред. А.Л. Нарочницкого. - Москва: Министерство просвещения РСФСР, 1963. Ч.1: 1640-1870. - 1963. - 732 с.  

2. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинение. - Т. 13. – М.: Издательство политической литературы, 1959. –805 с.

3. История Италии в 3 т. / Академия наук СССР, Институт всеобщей истории; ред.: С. Д. Сказкин, К. Ф. Мизиано, С. И. Дорофеев. ­ М. : Наука, 1970 ­ 1971. Т. 2 / под ред. К. Ф. Мизиано [и др.]. ­ 1970. ­- 607 с.