БҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР (CLOUD COMPUTING)

 

магистрант Алтынбекова Бағила Бекболатқызы

 

Мирас университеті, Шымкент қ., Қазақстан

 

«Бұлтты есептеу» анықтамасы 1960 жылы Джон Маккартидің қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану» арқылы жүзеге асырылатын болады деген тұжырымынан кейін пайда бола бастады. Бұл идея 1960 жылдардың соңында танымал бола бастады, бірақ 1970 жылдардың ортасына қарай өз күшін жоғалтты десе де болады, себебі ол кезде аппараттық, программалық және коммуникациялық технологиялар мұндай қызметтерге әлі дайын болмады. Соған қарамастан 2000 жылдан бастаап бұл идея қайта жанданды. Бұлтты есептеулер идеологиясы байланыс каналының дамуы мен бизнесте, өз ақпараттық жүйелерінің горизонтальды масштабталуы болған жеке қолданушыларда қолданылуы геометриялық прогрессия бойынша өсуі арқасында 2007 жылы атақтылығы арта түсті.

Кейін «бұлтты есептеу» анықтамасын әр түрлі компаниялар қолдана бастады, мысалы Google. Ерекше мысал ретінде браузер арқылы офистік документтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Google Docs қызметін атап өтуге болады.

Бұлтты есептеулер (ағылшынша. cloud computing ) - компьютер ресурстары және қуаты интернет-сервис сияқты қолданушыға жеткiзiлiп берiлетiн мәлiметтердi өңдеу болып табылады.

Бұлтты сервис ерекше қолданушы-серверлiк технология – желідегі серверлердің тобын, соның ішінде процессорлық уақытты, жедел жадыны, диск сияқты кеңiстiкті, торлық арналарды, мамандандырылған контроллерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді клиенттің қолдануы болып табылады, яғни қолданушы үшiн барлық топ бiртұтас виртуалды сервер сияқты көрiнедi және де қолданушы тұтынылатын ресурстардың көлемін өз қажеттiлiгiне қарай өзгерте алады. Сондай-ақ, төлемақы арқылы белгілі бір өзгертулермен сервер қуатын жоғарлатып немесе төмендете алады.

IDC (International Data Corporation) ұйымының зерттеуі бойынша батыс европаның көптеген мемлекеттері, яғни 1/3 бұлтты есептеулерге шығынды 25 пайызға ұлғайтпақшы. IDC сарапшыларының айтуы бойынша Батыс Еуропада cloud computing қолданылуы төмен, алайда 2014 жылға дейін бұл көрсеткіш 300 пайызға көтеріледі.

Бұлтты есептеулердің маңызы және болашақта көп қолданылатыны жайлы көптеген компания сарапшылары қарастырған. Мысалға келтіретін болсақ: Parallels ұйымы, Gartner, Edge Strategies, Microsoft, Forrester Research, Cisco, IHS iSuppli және тағы басқа да үлкен компаниялар.

Дүние жүзілік нарықта бұлтты технологиялар нарығында көсбасшы компаниялар АҚШта: IBM, Microsoft, Google, HP, AT&T.

Францияда: Atos, Cap Gemini, Steria, Orange SFR.

2011 жылдың ақпан айында Forrester Research аналитикалы серіктестігі 2020 жылға дейінгі бұлтты есептеулердің нарықта дамуы жайлы тұжырымын айтты. Есеп берудегі мәліметтер бойынша 2020 жылда бұлтты нарық көлемі $160 млрд болады.

Ciscoның тұжырымы бойынша (Cisco Global Cloud Index (2010 – 2015ж.) 2015 жылға «бұлтты» трафик көлемі 12 есеге өседі, 130 эксабайттан 1,6 зеттабайтқа дейін, ал оның орташа жылдық өсуі 66 пайыз болып отырады деді.

Бір зеттабайт ол бір секстиллион байтқа немесе бір триллион гигабайтқа тең. Яғни 1,6 зеттабайт ол:

«Бұлтты» трафик Деректердіөңдеуорталығының (ДӨО) үштенбірінқұрайтынболады. Дүниежүзілік «бұлтты» трафигдүниежүзілік ДӨО трафигіменсалыстырғандаекіесе тез өседі.

Бұлтты есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі. Ол сіздің үйде жылдар бойы жиналған фотосуреттер мен видеожазбаларды электронды түрде жүздеген жылдар бойы сақтап тұра алады. Файл сақтайтын ақпарат тасымалдағыш құралдың қажеттілігі болмай қалады. Интернеттегі мұрағатқа салған мәліметтеріңіз әлемнің кез келген бұрышынан қолжетімді болады.

Сloud computing-ті жүзеге асыратын сервер-лерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлтты технологияның ерекшелігі, тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы ол өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады. Бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіре алмайды.

Біздің әлеуметтік желіде сақталатын фотосуреттеріміз бен бейнежазбаларымыз осындай технологияның негізінде мүмкін болып тұр

Бірақ олардың «бұлтты» шешімдер екеніне көбіміз назар аударып жүргеміз жоқ.

Бұлттық есептеулер - байланыс операторларының, VAR-делдалдардың (SaaS формасында), программалық қамтамалардың тәуелсіз өндірушілердің табыстарын арттыру, сатылым каналдарын кеңейту үшін тиімді құрал болып табылады. Бұл амал қызметтерді динамикалық түрде ұсыну, яғни қолданушылар тек белгілі фактілер арқылы төлем жүргізеді және өздерінің қорларын қадағалап, ұзақ мерзімді міндеттерсіз нақты қажеттіліктерін ғана пайдаланады.

Хостерлерге бұлттық есептеулер өте үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Бұлттық есептеулер индустриясы қарқынды дамып келе жатыр, және сарапшылардың болжауынша 2016 жылы оның үлесіне АТ-ға жұмсалатын шығындардың 30% тиеді дейді. Одан бөлек көп екпін хостингтан бұлттық есептеулерге және SaaS-қа ауысуда.

Бұлттарды қолданудың айрықша тиімділігі қолданышға қаражатын үнемдеу үшін өте қуатты жүйені иемденудің керек еместігі. Екінші артықшылығы пираттық нұсқалардың жоқтығы, себебі кіріс трафигі сертификатталған провайдерлерден келеді. Осыған байланысты қазіргі компьютерлік заманның глобальды мәселелердің бірі - пираттық мәселесін шешуге болады.

Бұлттыесептеулердіңартықшылақтары:

Бұлтты есептеулердің маңызы және болашақта көп қолданылатыны жайлы көптеген компания сарапшылары қарастырған. Мысалға келтіретін болсақ: Parallels ұйымы, Gartner, Edge Strategies, Microsoft, Forrester Research, Cisco, IHS iSuppli және тағы басқа да үлкен компаниялар.

Дүние жүзілік нарықта бұлтты технологиялар нарығында көсбасшы компаниялар АҚШта: IBM, Microsoft, Google, HP, AT&T.

«Бұлтты» трафик Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) үштен бірін құрайтын болады. Дүние жүзілік «бұлтты» трафиг дүние жүзілік ДӨО трафигімен салыстырғанда екі есе тез өседі.

Елімізде бұлтты–сервистер пайда болып, оны электронды құжат айналымы бағытында қолдана бастадық. 2013 жылдың жазынан бастап «Қазақтелеком» АҚ Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint бұлтты сервистері қолжетімді болды. Сондай–ақ, MyCloud жобасының бірнеше сервистері бар. Дата орталықтардың бірі ретінде «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett–Packard компаниясының бірлескен жобасы болып саналатын ТМД– дағы ірі инновациялық қызмет көрсететін мәліметтер өңдеу орталығын айта аламыз. Мәліметтер өңдеу орталығы тәжірибелік–өнеркәсіптік пайдаланудан өтуде. Оның базасында хостинг қызметі, сондай–ақ бұлттық есептеу, бұлттық жүйенің мәліметтерін сақтау, мәліметтерді өңдеу виртуалды резервтік орталығы, бизнес үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивтік қарым– қатынас жасау және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа тұжырымдамасы негізінде жасалынған сервистер ұсынылады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.      Баймолдаев Т.М. Педагогические основы менеджмента в современной школе: автореф...к.п.н. – Алматы, 1998.

2.      Топоровский В.П. Подготовка директора школы к исследовательской деятельности в процессе повышения квалификации: автореф...к.п.н. – Алматы, 1994.

3.      Гаевская Е.Т. Развитие информационно-методических умений и навыков педагогов средствами видеокомпьютерного банка педагогических данных: дисс...к.п.н. – Алматы, 1996.- 163 с.

4.      Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологий обучения: дисс...д.п.н. – Алматы, 1994.-312 с.

5.                         Қараев Ж.А., Сардарова Ж.И.  Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін қазіргі ақпараттық технологияларды кіріктірілген негізде меңгеруге дайындау  мәселесі //  Білім-Образование. -2006.- № 4.

6.      Қазмағамбетов А.Г., Кеңесбаев С.М. Білімді ақпараттандыру және оның болашақ мұғалімдерді дайындаудағы әсері //Тезисы докл. Межд. конф. «Развитие информационных технологий в высшей школе».- Алматы, 2003.