Педагогика ғылымдарының магистрі

Муратқанова Айдана Муратқанқызы

 

Қазақстан, Астана, Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп гимназиясы

 

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРНЫ

 

Оқушының оқу әрекетін қалыптастырудың кез-келген моделі үш негізгі бөлікті қамтиды. Олар: базалық, диагностикалық және дамытушылық.

Математикалық тестілеуге қатысты әрқайсысының арасы он жыл салынып жүргізілген екі ғалымның зерттеулері көрсеткендей, тестілеудің көмегімен шәкірттердің математикалық даму қабілетін болжай аламыз.

Оқытудың білім сапасын көтерудің тиімді тәсілдерінің бірі «мұғалім-оқушы» арасындағы кері байланыс. Шынайы кері байланыс педагогикалық диагностикамен іске асырылады және ол төмендегі жағдайларға ықпал етеді:

-                     оқушыларды оқытудың қажетті білім деңгейіне жетуге ықпал етеді;

-                     оқушының қажет ету әрекетін күшейтеді.

Тестілеуді қолдану оқушының интеллектуалды өсуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Оқушының нәтижесін мұндай түрде беру оқушы үшін де, ата-ана үшін де сапалық формасын көрсетуге ыңғайлы. Тест тапсырмаларын үнемі қолдану арқылы оқушылардың игерген білімдерінгдегі олқылықтарды айқындау ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерді алдын алуға мүмкіндік береді. Тест өткізу барысында тесттің негізгі параметрлері – тест сұрақтарының саны мен оны орындауға берілетін уақытқа көп көңіл бөліне бермейді. Қысқа көлемдегі тесттер – оқу материалын кең көлемде қамти алмайтыны айқын. Тест сұрақтары неғұрлым көлемді болса, онда ол соғұрлым білімнің нақты сапасын ашып көрсетеді. Қазіргі кезде оптималды уақытты анықтау жөніндегі нақты әдістеме жоқтың қасы. Осыған орай біз көп жағдайда психологиялық және психофизиологиялық факторларға сүйенеміз. Ресей ғалымы Е.П.Каптеровтың айтуы бойынша, оқушы ақыл-ойының жұмысы – тәжірибелік дидактиканың негізгі сұрақтарының бірі. Ақыл-ой жұмысы күш жұмсаумен етене байланысты болады. Сонымен бірге ол екі сәтті өзіне біріктіреді, олар: жаттығу мен шаршау. Адамның шаршауы оның жаттығуымен тығыз қарым-қатынаста. Адамның жеткілікті түрде меңгерген жұмысты автоматты түрде жасауға мүмкіндігі болады. Дарындылық деңгейі төмен болса, ол соғқрлым тез шаршайды. Ресей ғалымы А.Н. Майоровтың айтуы бойынша, «шаршау – жұмыс процесіндегі продуктивтіліктің нашарлауын, іс-әрекеттің жылдамдығымен оның сапасының төмендеуінен, қателіктер жіберуден көрініс табады. Бірсарынды жұмыс шаршау процесінің пайда болуына тікелей себепші болады.

Сыналушылар тест тапсырмаларын продуктивті (шаршағанға дейін) орындауға кететін уақыт мөлшері – тестті құрастырудағы өзекті мәселенің бірі. Шаршаудың болуы – кездейсоқ қателіктердің көбеюімен, тапсырмаларды орындау жылдамдығының төмендеуімен сипатталады. Шаршаудың болуы көпетеген факторларға байланысты: сыналушылардың жас ерекшелігі, мотивация деңгейі, орындалатын жұмыстың бірсарындылығы және жеке басты ерекшеліктер болып келеді. Адамның жеке бастық ерешелігіне қарай шаршау 20 минуттан 100 миунтқа дейінгі аралықта болады. Сыналушының қатаң және жағымды мотвациясының болуы, тестілеудің қажетті шарты екенін баса айтуға болады. Ол тест тапсырмаларының қызықты мазмұнынымен, тест өткізуге қолайлы жағдайларды жасаумен сипатталады. Сонымен қатар тест алушы педагогтың жүрі-тұрысы, тапсырмаларды орындаудағы нұсқауларының жағымды болуы сыналушының мотивациясының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

Бұл аталып өткен факторлар тестілеуге уақытты таңдауға тоқталар болсақ, онда, әрине тестілеуге кететін уақытты дайын тест тапсырмаларын әртүрлі формадағы апробация арқылы да айқындауа болады. Алайда, кейбір авторлардың еңбектерінде тестке берілетін уақытты шамалап көрсетілген. Мысалы, Ресей ғалымы Н. Гронлундтың көрсетуі бойынша, орта және жоғары сынып оқушыларына тест кезінде берілетін уақыт 40-50 минут. Себебі бұл қалыпты сабаққа берілетін уақытпен тең.

Кездейсоқ алынған тапсырмалар жинағын, не тапсырмалар жауабына кез-келген сандарды, өрнекті тіркей жазу арқылы тест құрдым деуге болмайды. Дұрыс құрылған тест оқушының математикалық сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Өте жеңіл құрылған тест оқушылардың математикалық сауаттылығын көтеріп, шығармашылығын арттырмайды. Ал өте ауыр құрылған тест олардың немқұрайлылығын тудырып, математикадан алшақтатады.

Егер тестіні барлық оқушылар шешсе оның жеңіл болғаны, ал бірде бір оқушы шеше алмаса тест тапсырмаларының ауыр болғандығын көреміз. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек тестті оқушылардың 80-85 дұрыс орындаған жағдайда ғана оны дұрыс құрылған тест деп санаған.

Яғни математикалық білімді қалыптастырушы құралдың бірі тест болғандықтан, оның құрамымен оқушының деңгейіне сай болуы қажет екенін түсіндік. Егер тест нашар оқитын оқушы үшін қиын құрылған болса, онда ол математика пәніне деген қызығушылығы төмендеп, сенімсіздігі артады. Ал тесттің қиындық деңгейін мына формула арқылы есептеуге болады.

           (1)

Мұндағы қиындық коэфициенті.

Оқушыларды бағалап отыру олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілікті сезіндіреді. Ал тест атпсырмаларымен оқушыларды бағалаудың мынадай негізгі екі әдісі бар:

1.                 Қарапайым: әрбір тапсырма дұрыс орындалған жағдайда 1-балл, кері жағдайда 0-балл (бұл ең сенімді әдіс болып отыр)

2.                 Тест тапсырмасының қиындық деңгеіне және орындауға кеткен уақытқа орай бағалануы.

Бірінші әдіс – қарапайым, түсінікті, әрі өңдеуге жеңіл. Екінші әдісті – объективті деп айту қиын. Себебі тапсырманың қиындық деңгейін анықтау, оны баға балансын сақтай отырып алдын ала қалай бағалау дау тудырарлық мәселе болып отыр. Әр тапсырмаға қиындық деңгеіне лайықты балл беру мынадай дәйектерге сүйенеді:

- тест тапсырмаларын жеңілден қиынға қарай орналастыру арқылы, олардың қиындық деңгеін ескереміз. Онда, сәйкесінше бағалау балын солай өсіру керек.

- тапсырманы орындауға кететін амалдар санын ескеру қажет.

Бірақ бұл ескертпелер көп жағдайда орынды бола бермейді. Мысалы математикадан берілетін тапсырмаларды әртүрлі жолдармен шығаруға болады. Демек, бұл жағдайда амалдар саны инвариантты емес.

Айтылған бағалаудың екі түрі де әлемдік деңгейде бірдей қолданыс тауып отыр. Бұл әдістерді өңдеудің мынадай тиімді жолы бар:

Жоғарыда аталған мына формула:

               (2)

Тапсырманы орындағандар үшін і – тапсырма құны (1+тең болады, сәйкесінше орындамағандар үшін 0-ге тең болады. Нәтижесінде бірбалдық жүйе қиындық деңгейі ескерілетін жүйе нәтижелері сәйкес келеді.

Мынандай орынды сұрақ туындауы мүмкін: сонда қарапайым болған бірінші әдісті күрделендірудің қажеті не? Бұл сұрақтың жауабы: бірбалдық жүйенің 30-тапсырмадан тұратын 30 балдық тест шкаласы кеңейтіледі. Бұл жүйе тестіленушілер арасында бәсекелестікті туғызады. Демек, тестіленушілер көршілеріне көмектесу арқылы тапсырма құндылығын арзандататындығын түсінеді.

Бүгінгі таңда барлық жоғары сынып оқушыларының нақты білімі сырттай бағалау Ұлттық Біріңғай Тестілеу арқылы жүретіндігі барлығымызға мәлім. Сол себепті барлық оқушылардың білімін бағалап, тексеріп отыру өте маңызды.

Әдебиеттер:

1     Майоров А.Н. Тесты школьных достижений: нормирование тестов. // Школьные технологии №3, 1999, 179-197 б.

2     Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық. ҚР БжҒМ №151 бұйрығы, 2012.

3     Майоров А.Н. Теория и практика создания тестов для системы образования. Москва , 2000.

4     Аванесов В.С. Педагогические задания в тестовой форме. // Школьные технологии. №4, 2007, 156-167 с.

5     Аванесов В.С. Применение заданий в тестовой форме в новых образовательных технологиях. // Школные технологии. №3, 2007, 146-163 б.