Ахметова
И.А., Марат Е.Т.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Әр
халықтың ғасырлар бойы сарқылып, қалыптасқан
өзіне тән ұлттық рух, салт-сана, дәстүрлері
болады. Бұл салт-сана, дәстүрлер сол халқықтың адам
тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы
мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың
жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының қадір тұтар құндылығы болып қалады.
Әрбір
адамның ой дүниесін толықтырып білім алуда
ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең
сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан
халықтың жақсы салт-сана,
әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері
мол. Өйткені даналық, парасаттың өшпейтін себебі — сол
халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны
жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа
қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет
істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны
қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау
қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы болып табылады [1].
Олжас Омарұлы
Сүлейменов — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы,
саясаткер. 1975 жылы оның «Аз и Я» атты
еңбегі жарыққа шыққан болатын. Кітап
жарыққа шықпай жатып, сыңға да
тағылған еді. Онда жазушы көне словян және
түріктердің ескерткіштерін зерттеген. Еңбегінде барынша
көне словян және түркі халықтарының
ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, лексикологиясын
ашуға тырысты.
Автор
еңбегінде «әйел елі - түрікше “төркін”. Орыс
тілінің емлелік өзгерістеріне орай шежірешілер “узы” деген
көшпелі тайпаны торки деп атап кетеді (“торкин”, “Торгин”) жалқы
есімдер. Түркі сөзінің жалғауы орыстың “ин” деген
тәуелді жұрнағына сәйкес түскен» деп қарасырады.
Сонымен бірге,
өз еңбегінде «славяндар көптеген түркі тайпаларымен
қатар өмір сүрген, сондықтан да тілдік
ауыс-түйісі мол түркі тілінің диалектілік ерекшеліктерін
сақтаған» деп топшылайды.
Христиан
дәуіріне дейін славяндардың түркілермен бейбіт
қатынаста болғанына тіл дәлел табады. Олар бірге мал
бағып, жер жыртқан, кілем тоқып, киім тіккен, бір-бірімен
сауда жасасқан, ортақ жауға бірігіп қарсы шапқан,
ортақ әріптермен жазған, бірге ән салып, ортақ
аспаптарда ойнаған. Сенімі де ортақ болған деп атап көрсетеді.
«Біз
түркизмдер деп халықтың ауыз екі айтылу процесінен өтіп
жатықпаған, тек кітаби сөздің көпшілігіне
ғана жататын сөздерді атап дағдыландық.
Түркизм-орыс тілі болып кеткен, үнемі шыққан тегі
мойындала бермейтін сөздер. А.И. Поповтың шұбар тіл деп
атағандары-чал, евшан, орьтма - түркизмдер емес. Жазбаша
қолданылмағанымен, халық игермеген кәдуілгі түркі
сөздері» дейді О.О. Сулейменов.
Сонымен қоса,
автор әрбір ұлттың мәдени шарықтау шегі мен
құлдырау кезеңдері болатынын айқын көрсетеді:
«көшпелілер көресісін ғылымнан көрді емес пе.
Олардың XIX ғасырдағы шұрқ-шұрқ
тесік, жамау-жамау киіз үйлерін, қайыршылық тұрмысын
көргенде европалық ғалымдардың жиіркеніп
қапаланғаны соншалық, мына құладүз Дала мен
Европаның арасында сонау көне замандарда мәдени байланыстар
болу мүмкіндігі туралы ойлаудың өзі күпірлік саналды.
Г.Потанин
түркі-моңғол эпосының батыс европалық
эпосқа тигізген ықпалына арналған кітабында кез-келген
халықтың тарихы бірде тасып, бірде қайтып жататын
толқын секілді екендігіне, оның мәдени шарықтау шегі
мен құлдырау кезеңдері болатындығын ишара етіп,
көшпенділердің шынайы мәдени бейнесін дәл
көрсетуге тырысқан болатын. Бірақ ресми ғылым бұл
кітап жөнінде жұмған аузын ашпады. Тіпті сынға да
алмады. “Роланд туралы жырды” моңғол эпосымен қалай
салыстырасың. Бұл Луврды киіз үймен салыстырғанмен
бірдей еді, әрине».
Соның нәтижесінде
жазушы: «маған мәдениет тарихының ойлы білгірі Э.Тейлор
түсінігі жақынырақ» дей келе, «Қайсыбір
әдет-ғұрып, дағды немесе пікір әжептәуір
кең тараған жағдайда, толып жатқан екінші
құбылыстардың оларға тигізетін әсері әлсіз,
жалғасып отырады. «Мұнан біз мәдениеттің
тұрақтылығын байқаймыз. Белгілі идея өзінің
мәнін осыдан талай ғасыр бұрын жоғалтып алса да,
бұрын тұрақтанған себепті ғана өмір
сүре береді» деген ойымен қосылады.
Еңбек авторы
«Э. Тейлордың бұл айтқанын Шумерде басталып, Орта Азия (біздің
дәуірімізге дейінгі V ғасыр) мен Алтайда “ресми” түркі
заманына дейін созылған метал тостаған мен моншақты
көрге өлікпен бірге көму дәстүрін дұрыс
түсіну үшін пайдалануға болады деп ойлаймын» деп
тұжырымдайды [2].
Жалпы
мәдениет, ұлттық дәстүр, ұлттық рух
сабақтас дүниелер. Көбіне көп бір елдің
өркендеп дамуы мен құлдырауы сол елдің жеке
ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Өйткені, әр бір
ұлттың өзі сенген діні, сөйлеген тілі және
әдет - ғұрыптары болады. Басқа ұлттың
мәдениетін, салт-санасын білмей кемсіту,
ұлтшылдықты тудыруы мүмкін. Сондықтан да,
әр халықтың мәдениеті мен ұлттық
дәстүрлеріне сол елдің баға жетпес құндылығы
деп сыйластықпен қарау қажет. Ал ұлттық тәрбие – ұлттық
құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын
құндылықтардың үйлесімді дамып, көркейіп,
жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет етуіне
үлесін шүбәсіз қосары хақ.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
http://bigox.kz/etnopedagogika-ulttyk-dastur/
2. Олжас Сулейменов. «Аз и Я»,- Алма-Ата, Жазушы, 1975г.