Мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеу кафедрасының» оқытушысы
Минайдарова М.И.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Болашақ тәрбиешілерді
кәсіби дайындаудың теориялық негізі
«Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық
және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту - баланың жасын және өзіне
тән ерекшеліктерін ескере отырып,
оның толыққанды адам болып қалыптасуы мен даму ортасын
құратын үздіксіз білім берудің бастапқы
деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында
"педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың
бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және
психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі
көрсетілген. Тәрбиеші кадрларды кәсіби оқыту
жүйесі педагогикалық тұрғыдан және
тәжірибелік практикадан өте маңызды орын алады. Ол
жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие
үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ
тәрбиешілердің теориялық дайындығы мен
практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. [1].
Жақсы тәрбиеші —
бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі
жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол
тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге
ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын
қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі.
Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті
тәрбиешіні даярлау үшін оқытушының да, студенттің
де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді
кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. [3].
Қай
кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші
еңбегін жоғары бағалап, оның
қоғамдағы рөлін кұрметті де маңызды деп
санаған. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «...тәрбиеші
өзін өткен мен болашақтың арасында тірі
дәнекермін, шындық пен жақсылықтың
кұдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісін сырт
қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың
ұлы істерінің бірі екендігін, бұл іспен көптеген
ұрпақтар нәр алатынын түсінеді» деп жазды. [4].
Тәрбиеші кадрларды
кәсіби оқыту жүйесі педагогикалық практика
үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
- студенттерді тәрбиеші
мамандығына деген қызығушылық пен
сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық
міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және
арнайы білімдерді пайдалану үрдісін тереңдету, бекіту;
- болашақ
тәрбиешілердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын
қалыптастыру және дамыту және педагогикалық
қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға
бейімдеу.
Педагогикалық
практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның
кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және
тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына
және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау,
жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.
Педагогикалық практика
кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі
тиіс:
- балалардың жас және
жеке ерекшеліктерін және ұжымның
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- балалардың дамуы мен
тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында бала
тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық
қызметтің ағымдағы және болашақтағы
жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру;
- балалардын
оқу-танымдық қызметінде басқарудың
әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және
білім-тәрбие міндеттерін шешу;
- балалар ұжымын алға
қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз
іс-әрекеті мен балалар іс-әрекетінің жүйелілігін
анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің
қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру,
жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);
- оқу-тәрбие
жұмысын бақылау және талдау;
- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.
Қорыта айтқанда,
болашақ тәрбиешінің кәсіби қалыптасуында
үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық
оқу орны мен бала арасындағы тығыз байланыстың
нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге
асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Балабақша
күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру.
Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері
аптаның бір күнінде толығымен балабақшада болып, алдына
қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені,
қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан
шыққан уақытта барады, бұл кезде студенттердің
қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы
төмен болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н
«Қазақстан 2030» -Алматы 1998 ж.
2.
Құнанбаев
Ә. Шырырмалары Алматы жазушы 1992 ж.
3.
Жұмабаев
М «Педагогика»
Алматы Ана тілі 1992 ж.
4.
Баласағұни
Ж «Құтты білік» -Алматы Жазушы 1998 ж.