Есеева Р.Т.
ТарМПИ -аға оқытушы
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылымдық
ойлауын қалыптастыру
ерекшеліктері
Мектепке дейінгі
балалардың өмірге қажетті білімді меңгеруі мен
олардың ойлау қабілеттерін арттыру оқытудың
біртұтас мақсаты болғандықтан, психология мен
педагогика оларды бөліп жарып қарамайды. Методикалық
тұрғыдан заңды осы ережені нақты іс жүзіне асыру,
оқыту үрдісінде мектеп жасына дейінгі балалардың білім
жүйесін меңгеруі мен олардың логикалық ойлау
қабілеттерінің арасындағы қатысты терең білуге
ерекше байланысты болады.
Мектепке
дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке
басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде
қамтамасыз ету. Өйткені осы
кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз
болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады[1].
Көптеген
педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген
бала, ойлау іс әрекетінің
тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда
үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі
қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл
міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың
логикалық ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз
ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың
жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық
қызығушылық, ойлауәрекетінің дағдысы мен
іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі
психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр. Ойлау процесінің жалпы даму принципі
мен баланың даралық даму принципін ұштастыру, оны оқыту
процесінде неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты
біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелердің оқыту
жүйесінде түрлі альтернативті бағдарламалар енгізіліп жатыр.
Құрылымдық(
конструктивті) деген сөз:
конструкция-құрылым деген сөзден тұрады.
Конструкция-құрылым салу материалды соғу, жинақтау
дегенді білдірсе, онда құрылымдық ойлауды нақты ретпен
орналастыруға негізделген ойлау деп қарастыруға
болады.Адамның ойлауы құрылымды екен дегенде,оның
ретпен, жүйелі ,қатармен талдау негізінде сөйлейтіндігін
байқаймыз. Құрылымдық
бағытта ойлай алатын ғана адам жоспармен стратегиялық ойлау дәрежесіне жете
алады.Сондықтан да стратегиялық ойлай алатын қабілеткежете
алу үшін құрылымдық және жасампаз(креативті) ойлау білу
қажет.Құрылымдық әрекетті проблемалық жағдаяттар құру құралы
ретінде қарастыру қажет. Құрастыру процесінде балалар
заттардың бір-бірінен айырмашылықтарын ажырата білуге
үйренеді және оларды ұзындықтары, ені, биіктіктері
бойынша өлшемдерін салыстыруға бейімделеді.
Құрылымдық әрекет
анализ, синтез топтастыру , жалпылау
сияқты ойлау процестерінің көмегімен баланың
тілін де дамытады.
Сонымен, құрылымдық ойлау
«соңғы нәтижелі нәрсені» конструкция арқылы таба
алатын ойлау түрін құрылымдық ойлау деп
атауымызға болады . Бұл мәселемен Моляко В. А., Вертгеймер М., Волков Б. С.,
ПоддъяковН.Н, Шаталова Н.
П., Шаламон т.б ғалымдар айналысқан[2].
Мектеп
жасына дейінгі ересек тобы балаларында ойлаудың барлық түрі
әр түрлі деңгейде дамыған. Осы кезеңде бейнелі-
көрнекілік, схематикалық ойлаудың мәні өте зор.
Біз жай ойлауды емес құрылымдық ойлаумен байланысты ойлауды
қарастырамыз, басқаша айтқанда конструктивті
(құрылымдық) ойлауды.
Мектеп жасына дейінгні баланың
математикалық ойлауының
дамуы математикалық түсініктер мен құрылымдық
ойлауларымен байланысты.
Құрылымдық (құрастыруды
ойлау) дәл осы кезеңдеәлі де толық
құрастырылмаған нәрсені ойластырумен сипатталатын
ерекше ойлау түрі десек те болады.
А.В.Белошистая
құрастыруға үйрету дегенді жалпы құрастыру
іскерлігі мен ойлаудың құрылымдық стилі негізінде
дамыту деп түсіндіреді.
Құрастыруға
үйретудің мақсаты – модельдеудің алғашқы
қарапайым тәсілдерін көрнекі әсерлі негізде
үйретуге немесе 3-5 жастағы балалардың көрнекі
әсерлі ойлау негізінде және 6-10 жасар балалардың бейнелі
көрнекі ойлау түрінде қарастырылады.
Құрылымдық
ойлау – тұтас бір нәрсенің, оның бөліктеріне
қатысты құрамын құрастыра білу болып табылады.
Нәрсені (объектіні) – жан жағынан аудара отырып, ойша көре
білу, оны ойша бөліктерге бөлу, одан оны қайта жинау
құрылымдық ойлауға қатысты іскерліктер.
Құрылымдық
ойлау кеңістіктік ойлаумен тығыз байланысты. Себебі модельдеу-оймен
және ақылмен берілген параметрлер бойынша құрастыру
болып табылады. Осы мақсатпен мектепке дейінгі жаста қарапайым
математикалық ойлау болып табылатын (құрылымдық ойлау)
ол кеңістікті ойлау екендігі анықталады. Затты эаттық
модельдермен құрастыру арқылы балаларға тиімді жолмен
алғашқы кеңістікті ойлауын қалыптастыруға болады.
Бұл әрекетті кәдімгі жағдайды қарастыру
процесі[4].
Құрылымдық
ойлауды математикалық дамуға іске асыру барысында мектепке дейінгі
балаларды құрастыруға үйрету міндеттеледі және
баланы біртіндеп мен ақыл-ойын дамуын
қалыптастырады.
Математикалықтүсініктерді қалыптастыру барысында геометриялық материалдардың
құрылымдары, олардың шаблондары қолданылады.
Сонымен
қорыта айтқанда, оқу-тәрбие
процесі жүйесіндегі мектеп жасына
дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін дамытып, білімді
меңгертуге негіздеу, балабақшадағы арнайы
ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде балалардың
құрылымдық ойлау
қабілетін қарапайым математика оқытуда кеңістікті жайлы түсініктерін
және еңбек баулу іс-әрекетерін сабақтастыра
отырып дамытуға байланысты.
Егер
мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту барысында баланың
кеңістікті қабылдауы мен геометриялық пішіндер туралы
түсініктерін, еңбек ету әрекетінің ішінде
құрастыру әрекеттерін сабақтастыра отырып,
ұйымдастыру баланың құрылымдық ойлауын қалыптастыру тетігі деп
танылып, соның негізінде осы
үдерістің әдістемесі
жасалып, іске асырылса, онда бәсекеге қабілетті жеке
тұлға тәрбиелеудің негізі қаланады да,
болашақта құрылымдық ойлауы қалыптасып
дамыған баланың
өмірге бейімділігі артады деген ұсыныс жасалынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1 «Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды
оқыту және тәрбиелеуге арналған бағдарлама.
Астана-2010,-114 б.
2.Шаламон Е.Д. Особенности конструктивной
деятельности младших школьников, кандидатская диссертация. М. ,2009
3. Ауельбеков Е.Б,Құралбаева Н.А. Бейнелеу
өнеріндегі балалардың
кеңістіктік ойлауы мен қонструктивті ойлауының байланысы. http://www.rusnauka.com/29_DWS_2012/Pedagogica/3_