Бейсенбекова
Г.Б. доцент
Оразалина
Г.С. магистрант
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Қазақстан.
Студенттердің толеранттылық мәдениетін
қалыптастыру ерекшеліктері
Егемен
еліміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,
мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне
байланысты. Осы орайда Қазақстандағы білім беру саласында
әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар
оқытудың, тәрбиелеудің әртүрлі
әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді,
ізденімпаз барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық
бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта алатын жеке
тұлғаны тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде. Сол себепті
педагогика мен психологияның маңызды міндеттерінің бірі
ретінде келешек ұрпақтың бойында жалпы адамзатқа
және зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас
қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі
күні оқу-тәрбие үрдісінде студенттерді
толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттігі артып отыр
десек онда осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы
– жоғары оқу орынында білім алатын студенттерді
толеранттылыққа тәрбиелеу міндетін шешу болып саналады.
Осыған орай,
біз толеранттылық
ұғымын әр қырынан қарастыруды жөн
көрдік яғни, толеранттылық «адам даралығы
көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен
тәсілдеріміздің, әлеміміздің әр алуан бай
мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді»
білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық,
қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі
ықпал етеді.
Толеранттылық
– әр алуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен
қатар ол саяси әрі құқықтық
қажеттілік.
Толеранттылық
– соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен алмастыруға
ықпал ететін және бейбітшілікті қол жетімді ететін
рақым. Сапалы өмір сүріп, тіршілік ету үшін
өзіңе және айналаңдағы әлемге деген
өзіңнің қатынасыңды реттей отыра оған
үйренген маңызды. Толеранттылық тұлғаның
нормаларға, бағаларға және өзін-өзі
бағалауға саналы қатынасының арқасында оның
күрделі өмірлік жағдайларда өзін-өзі реттеуіне
ықпал етеді. Ол өзге адамның ұстанымына сыйлы
қатынасты сақтай отыра, дербес ұстанымын қорғау
іскерлігіне байланысты. Сонымен қатар өзгені арандатуға
бейім, реніш тудыратын, ашуландыратын жағдайлар мен адамдардың
болатыны белгілі. Толеранттылық қатаң өзара
әрекеттестік жағдайын қашуды емес, түзетпелі
қарсылықты, өзара әрекеттестіктің қиын
жағдайларында эмоцияларыңызды шиеленістірмей, дұрыс
арнаға бағыттап, соққыға іштей
берілмейтініңізді болжайды.
Этимологиялық
тұрғыдан «Толеранттылық» терминіне талдау жасайтын
болсақ, «Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім)
терминіне шет тілдері сөздігінде екімағынада түсініктеме
беріледі[1]:
1) бір
нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау;
2)
биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық
реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни
ағзаның ауруға қарсы тұратын антиденелер
шығару қабілетінің төмендеуі.
Сондай-ақ,
толеранттылық (ағылшын, франзуз тілінен Toleranсе-төзімділік)
– көзқарастары, құндылықтары және
мінез-құлықтары жағынан өзіңнен
ерекшелінетін басқа адамдарға төзімділік таныту.
Толеранттылық коммуникативтіліктің және өзін айқындаудың
сипаттамасы ретінде мәдени құбылысқа
жатқызуға болды[2].
Испан тілінде
«toleranсia» – «өз пікіріне қайшы келетін идеялар мен пікірлерді
қабылдау қабілеті» деп көрсетілсе, немісше-орысша
сөздікте «tolerant», «біреудің пікіріне шыдау» дегенді білдіреді.
Қытай тілінде
толеранттық «басқаларға кеңпейілділікпен қарау»
дегенді білдірсе, парсы тілінде «шыдам, шыдамдылық, төзім,
татуласуға дайындық» дегенді, француз тілінде «tolerant»- «шыдамды,
мейірбан», ал «tolerare» «төзу, қолдау көрсету» дегенді білдіреді.
Толеранттылық
– басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық
көрсету, саясатты алуан пікірлігі, қарысылық
көрсетудің кең мағынасында жұмыс істеуіне
мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен
қарауды білдіреді[2].
«Толеранттық»
ұғымын әртүрлі тілдердегі түсініктермен салыстыра
келіп, толеранттық адам құқығы мен
тұлғаға сыйластыққа негізделген
қағидалар жүйесі деп тұжырымдауға болады.
Толеранттылық
мәдениет - тұлғаның ең маңызды
ерекшеліктері болып табылады. Ол тұлғаның белгілі бір
мақсаттар мен құндылықтарға ұмтылысы
және рухани өмірге қабілеттілігінде көрінеді.
Бірақ бұл қабілет тұлғалардың
мүмкіншіліктерін көрсетеді, сондықтан да оның
қалыптасуына арнайы ұйымдастырылған жүйенің
психологиялық-педагогикалық шарттары мен құралдары
қажет етеді.
Ғалым
В.С.Мухина «адамзат өзінің дамуында сол адамзатпен
жинақталған рухани тәжірибені меңгеру және
әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік арқылы тек сол
орта жағдайында тұлға деңгейіне дейін біршама
көтеріле алады» деп атап көрсетеді. Толеранттылық бұл –
өзге қисын мен көзқарастарды, ерекшелену,
ұқсамау құқығын мойындауға
дайындық. Ол жүйені (тұлға, қоғам) ішінен
тұрақтандыратын фактор. Толеранттылық
құндылық, бағдар және тұлғалық
сапа ретінде қарастырылады[3].
Бағыты бойынша
толеранттылықты төмендегіше ажыратуға болады:
— сыртқы
толеранттылық (өзгелерге) – тұлғаның
өзгелердің дербес пікірін, мойындауға, даулы жағдайды
әртүрлі жақтан қарастыруға, әртүрлі
аспектілері мен дәлелдерін ескеруге мүмкіндік беретін
қалыптасқан сенім.
— ішкі
толерантталық (ішкі тұрақтылық) – даулы жағдайда
тепе-теңдікті сақтау, шешім қабылдау, әрекет ету
қабілеті.
Енді
«Толеранттылық қағидаларының декларациясы» (1995 жылы
16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 185 мүше-мемлекеттері
қол қойған) ұсынған «толеранттылық»
ұғымының анықтамасына келсек онда, ол көмекке
мұқтаж адамға өз ойын таңбай жәрдемдесу
даярлығы, өзгелерге қарағанда өзіне талапшыл
болу, айналасындағыларға жауапкершілікті өз мойынына алу, жиі
күлімсіреу және жақсы көңіл-күйде болу[4].
Бүгінгі
күні шыдамсыздық саясатқа тікелей қатысты және
қауіпсіздік пен әлемге қауіп ретінде қарастырылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты өз күшімен
толеранттылыққа тәрбиелеу білім беру сферасына қиынға
түседі. Бұл жерде педагогикалық жоғарғы оқу
орындары мен мектептік, қоғамдық басқару органдарын
біріккен күші қажет.
Толеранттылық
педагогикасының теориялық негізін гуманистік
құндылық ретіндегі толеранттылық туралы ұстанымды
құрайды. Осыған орай толеранттылыққа
тәрбиелеу – бұл адамның менталдық негізіне идеалдарды
қалыптастыруды пайымдайтын; педагогикалық үрдістің
әлеуметтік мәдени қызметтерін іске асыратын;
құндылық бағдарының арасындағы және
адам түсінігінің диалогы, адамдардың әртүрлі
моралдік ұстаным, әртүрлі мәдениет, дәуір,
дәстүр және инновацияның қиын
жүйелі-құрылымды үрдісі. Білім беру саласы
өзінің педагогикалық әдістері арқылы
толеранттыққа тәрбиелеу сияқты өзекті
мәселені шешуде жүйелілікті ескермеу адам өркениетінің
болашағына оның физикалық және рухани прогресіне кері
әсерін тигізеді. Сол себептен толеранттық тәрбиемен байланысты
педагогикалық акциялар білім беру жүйесіне қарағанда
сырттай акциялар жүйесімен қатар жүруі тиіс.
Студенттердегі
толеранттылық мінез-құлық мәдениетінің
қалыптасуының бірден-бір ірге тасы – жоғары оқу орны.
Студенттерде әдептілік, имандылық, мейірімділік,
қайырымдылық, ізеттілік және т.б.
құндылықтары қалыптасқан және де
өзінің бойына адамдық құндылықтарды
терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани
адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра
отырып, өзінің міндетін айқын сезіне білетін,
мінез-құлқы жетілген саналы адам болуы тиіс.
Алайда, студенттік
орта оның жеке тұлға болып қалыптасуына және
адамгершілігі мол, мейірімді, төзімді және шыдамды адам болуына
толығымен әсер етеді. Ортадағы адамдардың психологиялық
ерекшеліктері студенттің жеке көзқарастарының пайда
болуына негізделеді. Сондықтан қандай ортада жастар
тәрбиеленсе де толеранттылықты ұмытпауы қажет. ЖОО-да
студенттердің толеранттылық мәдениетін қалыптастыруда
тәрбиелік жұмыстар мен психологиялық тренингтер маңызды
рөл атқарады. Толеранттылық мәдениетін дамытуда:
даналық сабақтар, дөңгелек үстелдер,
конференция-семинарлар, пікірталастар, тренингтер, ой талқылау
сәттері мен психологиялық жаттығуларды қолдануға
болады.
Қорыта
айтқанда, студенттердің толеранттық мәдениеттің
тәрбиелеуде, өмірлік ұстанымын қалыптастыруда
оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға
бағытталған жұмыс жүргізілуі керек. Кейінгі жылдары
дүние жүзінде және елімізде болып жатқан
өзгерістер адамдар арасындағы қарым-қатынас
мәселесінің өзектілігін ескере отырып, мемлекет
жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен
ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған
нақты саясат оқытушымен студент, ата-ана арасындағы бірлікті,
аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті
қамтиды. Егер қоғамымыз конфронтация мен таптық
күрестен бас тартқысы келсе, онда студенттер арасындағы
тәрбие жұмыстарын адамдарға ортақ
құндылықтарды: түрлі идеологиялық
көзқарастарға, қоғамдық-экономикалық
жағдайларға, саясатқа, мәдениетке, діни
нанымдарға және тағы басқа шыдамдылықты
қалыптастыруға бағыттау керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Формирование толерантной личности в
полиэтнической образовательной среде /под. ред. В.Н.Гурова и др. – М.:
Педагогическое общество России, 2004.
2.Современный словарь иностранных слов:
толкование, слово употребление, слово образование, этимология /под ред.
А.В.Боброва и др. 2-е изд. Стереот.- М.:Цитадель, 2001.- 928 с.
4. А. Айталы.
Толеранттылық - өзара сыйластық. Астана,2008.