Педагогические науки/ 5.Современные методы преподавания
Жакиянова А.Н.
Сулейман Демирел атындағы колледж, Қазақстан
Оқушылардың
ауызекі сөйлеу тілін дамыту мақсатында сөздікпен жұмыс
жүргізу
Қазақ
тілінде табиғатта кездесетін барлық құбылыстарға
керемет сөздер мен атаулар бар. Сондықтан да болар сөз
әлемді танудың басты құралы болып табылады. Ал, сол
сөздерді оқушы ойына түсінікті етіп жеткізуде басты рөл
атқаратын қазақ тілінің түрлі сөздіктері
болып табылады. Осы түрлі сөздіктерді оқушыларға
таныстырып, сөз мағынасын көрсете білу мұғалім
үшін табылмас үйрету жолдарының бірі. Қазіргі
уақытта қазақ әдебиетінде, қазақ тілінде
осы заманда қолданыста
жоқ көнерген сөздер,
архаизмдер мен истаризмдер көптеп кездеседі, сөздікті
қолданбай жұмыс істеу оқушыға да мұғалімге
де қиындық тудыратыны сөзсіз.
Қазақ тілінде сөздіктің
мынандай түрлері кездеседі:
түсіндірмелі сөздік, этимологиялық сөздік, фразеологиялық
сөздік, диалектологиялық сөздік, терминологиялық
сөздік, аударма сөздік, арнаулы сөздік, синонимдік сөздіктер
т.б.. Осы сөздіктердің қай –қайсымен де жұмыс
істеу баланың сөйлеу тілін жетілдіретіні сөзсіз
Тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен
сауаттылығын арттырады.Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл
жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту – ой
дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік
жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік
жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып
саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол
өзінің айтатын деген ойын нақты жеткізе алмайды.
Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың
сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу
дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді.
Сөздік жұмысын әр
сабақта өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп
отыру оқушының түсінуге деген ынтасының артуына
ықпал етеді.
«Бірінші естіп,
сонан соң қалай жазылатынын көру», - деген А. М.
Пешковскийдің принципіне сүйенетін болсақ, онда ең
алдымен сөздің орфоэпиялық сыртқы пішінімен танысу
қажет. Тақтаға жазылған сөздің ең алдымен дұрыс айтылуы естілуі қажет, сонан соң
сөздің лексикалық
мағынасын ашуға тырысамыз, алдымен оқушылардың сөзді
қалай түсінгенін сұрап (оқушылардың біліміне
сүйеніп немесе қалай сезінетіндігін бақылай отырып), кейін
сөздің мағынасын түсіндірме сөздікпен ашып
көрсетіп, сонан кейін жазылуына мән беру керек.
Сабақ
өту барысында кездескен мағынасы түсініксіз сөз
тақтаға жазылуы тиіс, әрине алдымен оқушылар
сөзді естіп, дұрыс айтылуын түсінуі қажет.
Тақтаға жазылған сөздің мағынасын
оқушылардан сұрап жауап алу оқушының ойлануына,
қызығушылық танытуына әсер етеді. Оқушы
сөздің мағынасын оз танымына қарай
түсіндіргенннен кейін мұғалім сөздің
түсіндірме сөздіктегі мағынасын ашқаннан кейін,
әр оқушы өз
ойының қаншалықты дұрыс болғанын тексере алады.
Мысалы әдебиетте кездесетін «Күдері шапан» сөзін
алайық.
Күдері шапан - біркелкі таңдалып
алынған теріні бір-екі күн бойы суға салып жібітеді. Содан
кейін теріні шелі мен кір қоқыстан жақсылап қырып
тазалайды. Әк пен күлді суға қою етіп араластырып
дайындаған ерітіндіге терілерді 4-10 күнге салып қояды.
Жүні жиди бастаған терілер қопсып, ісініп, қыртысы
әжептеуір қалыңдай түседі. Осы кезде терілерді
ерітіндіден алып, мұқият тазалап жуғаннан соң,
өткір ұстарамен немесе жүзі доғал келген арнайы
пышақпен жүнін өте жұқа тері қабатымен
қоса қырып алады. Бұл күдерінің басқа
былғары түрлерін жасаудағы басты ерекшеліктерінің бірі
болып саналады. Жүнінен тазартылған теріні тағы да
әкпен жібітіп, бір-екі күн ұстайды. Содан соң
ағынды суға тағы бір - екі күн салып қойып, әгі
әбден кеткенше жуып тазалайды.
Түсіндірме
сөздіктегі мағынасын тақтаға жазғаннан кейін
оқушылармен сөздік бойынша келесі жұмыстардың
түрін жүргізуге болады. Жаңа сөзді сөйлемде
қолдану, өз беттерімен сөйлем құрап, жаңа
сөздің сөйлемде қандай рөл атқаратынын
анықтау. Қазіргі уақытта сөздің қандай
жерлерде кездесетінін зерттеу, оқушылардың кейін де бұл
сөзді сөздік қорынан тыс қалдырмауына тиісті
әсерін тигізеді. Жаңа сөздің мәтінде кездесетін
орынын тауып мағынасын зерттеу де оқушының зерттеулік
қабілетін арттыруға әсер етеді.
Қазақ
тілі сабақтарында да сөздік жұмысын жүргізу
оқушының тіл дамыту үрдісіне әсері мол
жұмыстардың бірі. Өзге тілді аудиторияда сөздікпен
жұмыс жасау оқушылардың сөздік қорын молайтып
ғана қоймай сонымен қатар сөйлеу тілін де жетілдіреді.
Жаңа
сабақ сөздік жұмысынан басталады. Тіл дамыту
жұмысының негізгі түрлерінің бірі – осы сөздік
жұмысы. Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағын
өтуде мұғалімнің аса зер салатын өзекті
мәселелерінің
бірі де осы. Тақтаға екі тілді
сөздерді жазып, оны дәптерлеріне көшіріп, жаттатқаннан
балалар ол сөзді жадыларында ұстай алмайды, ұғып алса
да кейінірек ұмытып қалады. Сондықтан балаларға
жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса
суретін көрсетіп, жанына қатарласа заттың аты
қазақша жазылады, оны бірнеше рет қайталатып оқытып,
мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлде қайда
ұтымды болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер
бар сөз тіркесін құрып, күнделікті тұрмыста
қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны
дәптерлеріне жаздырып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.
Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер
үйренеді. Жаңа сөздерді кестеге жазған дұрыс
болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана
танысып қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимін,
антонимін, омонимдерді тауып жазады.
Жаңа
сөздерге байланысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып,
ойын түрлерін құрастыру жаңа сөздерді
меңгертудің ең ұтымды жолдары болып келеді. Ойымды
аяқтай келе, сөздікпен дұрыс жұмыс жүргізе
білсек, тіл дамытуда ұтарымыз мол болмақ демекпін.
Әдебиет:
1. Әлімжанов Д.,
Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1965.
2. Исабаев У. Қазақ тілін
оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999.
3. Әбілқаев А. Қазақ
тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995.