Қазмемқызпу

                                                                           физика-математика факультеті

                                                                                          5В010900 математика

мамандығының

                                                                   1 курс студенті

 Таштемирова С.

                                                  Ғылыми  жетекші: аға оқытушы Исембаева Л.А

 

 

Шет тілін оқытудағы инновациялық

оқытудың маңызы

 

         XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру, бүгінгі күннің талабы.
         Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.Қазіргі таңда білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің мазмұны жаңарып, білім беруге деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушылардың қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуде жүзеге асыратын  жаңартылған инновациялық  технологияны  меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. 

         Білім беру саласының барлық жағына жаңаша ойлау, жаңаша қарым – қатынас, жаңаша көзқарас қалыптастыру керек. Осындай инновациялық жүйеге енгізілген әрбір сабақтың өзіндік құндылықтары бар. Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын қамтып отыр.Біздің оқу орнымызда  шет тілін оқыту  түрлі әдіс-тәсілдерді  арқылы үйретіледі. Оқытушылардың ұстанған бірден-бір мақсаты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.Менің өзімнің мамандығым мұғалім болғандықтан, сабақ барысында түрлі әдістерді қолдану біздің қызығушылығымызды оятады. Өркениетті еліміздің білікті маманы болу үшін, шығармашылықты  шыңдауда инновациялық технология нәтижелі болғанын маңызды деп санаймын.

     Ондай инновациялық технологияларға  :

-         жобалау технологиясы ;

-         саралап даралап оқыту;

-         дамыта оқыту технологиясы;

-         модульдік оқыту технологиясы;

-         сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

-         сатылай кешенді талдау;

-         деңгейлеп оқыту технологиялары жатады.

Еліміздің бірегей жоғары оқу орнында білім беру модульдік оқыту технологиясын қолдануда. Модульдік оқыту технологиясын пайдаланудағы түпкі мақсат – материалды толық игеру, нақты мәнін терең ашуға көмектесетін әдістемесі.

       Инновациялық технологиялардың нәтижелеріне тоқталатын болсам:

1.    Барлығымызды  сабаққа қатыстыруға мүмкіндік береді.

2.    Олардың әрқайсысының деңгейі анықталынады.

3.    Көбін бағалауға мүмкіндік жасайды.

4.    Оларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

5.    Қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.       

      Бүгінгі таңда оқу орындарында студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, тұлғалық қабілеттерін шыңдау саналы, тұжырымды ойлау, мәдениетін дамытып, ішкі әлемі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, оны дамыта оқыту - оқыту үрдісінің негізгі мақсаты болып табылады.
Профессор Ф.Оразбаев айтқандай: "Ағылшын тілін үйретуде бөлінген материал көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса,білім беру әрекеті әдіс-тәсілдері арқылы неғұрлым тиімді болса, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытудың принциптері арқылы асырылса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғұрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижелері терең болады",-дейді. Шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас құралы ретінде оқу үрдісін нақты қатынас процесс үлгісіне жақындатуда, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді.Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары деңгейде болуы коммуникативтік біліктілік элементтерінің біздің, яғни студенттердің бойында толық қалыптасуынан көрінеді. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды,коммуникативтік іскерлік.Қорыта келгенде, елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.


                                     Резюме

В статье рассматривается  инновационной  технологии  в области образования

 

                                    Summary

 The article touches upon of this  innovative  technology in education

 

 

              

              Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Шетел тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2015жыл, 61(68)

2. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері, Алматы, 2011жыл

3. Шет тілдері журналы, Алматы, 2011жыл 6(44)