БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДА МОДУЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Утебаева
Балауса Хантаевна
биология
магистрі, аға оқытушы қ.Қостанай
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологиялар тандауда көп нұсқаулық
қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің
мұғалімдеріне, педагогтардың өзіне оңтайлы
нұсқаны қолдануға педагогикалық үрдісті
кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен
құруға мүмкіндік береді.
Соңғы
жылдары білім үрдісінде бой көрсете бастаған ғалым
М.Жанпейісованың модульдік технология әдісі-тиімді
әдістердің бірі болып отыр. Модульдік оқыту
технологиясының мақсаты: оқу үрдісінде
оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы
жағдай туғызу; Міндеті: таным үрдістерін
дамыту;Ерекшеліктері: оқушылардың ізденіс, шығармашылық
жұмыстармен айналысуына қолайлы жағдай туғызу.
Сөйлесу бөлімін ұйымдастырудың белсенді формалары:
топтық пікірталас. Модульдік оқыту технологиясының
тиімділігі:
Оқушыларды
оқытудың мақсатымен, оқыту модулінің
мазмұңымен таныстыру;
Материалды
қысқаша түсіндіру (сызба, кесте т.б.)
Оқу материалын
зерттеу жұмысы негізінде беру;
Барлық
тақырып бойынша тест жүргізу.
Модульдік технология
қағидаларын іске асыру келесі нәтижелерге қол
жеткізеді:
1.
Уақыт үнемдейді;
2.
Сабақтың сапасын көтереді;
3.
Оқу әдісі мен құралдарын тандауға мүмкіндік
тудырады;
4.
Оқушының белсенділігі мен қызығушылығын
арттырады.
Мұғалім
үшін басты міндет оқушының қызығушылығын
арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу
қабілетін дамыту. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ
үрдісінде пайдалану оқыту мақсатына жетудің тиімді
жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа әдістерін
пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін,
шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген
қызуғышылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында
қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке
тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің
негізін құрауға бағытталған. Ата-бабамыздан
қалған асыл мұрамызды, сөз байлығын, шебер
сөйлеудің озық үлгілерін игерту, тілімізді
қадірлеп, қастерлеуге шақыра білу-біздердің
педагогтердің басты міндеті.
Қазіргі заман
талабы-өзін-өзі басқара алатын, жан-жақты
дамыған, ана тілін жетік меңгерген дара тұлға етіп
шығару. Педагогтар үшін басты міндет- оқушының
қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу,
сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ
дұрыс нәтижеге жету үшін ұстаз жаңа
технологияларды сабақта тиімді, ұтымды, шебер қолдана білуі
қажет. Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа
инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу-оқушының
білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз
бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Түрлі
әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті
әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары
баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап,
оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап
отыру-мұғалімнің міндеті. Бұрынғы оқушы тек
тындаушы, орындаушы болса, қазіргі оқушы-өздігінен білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Инновациялық технологияның нәтижелері: Түрлі
әдістерді пайдалану, сабақтың нақты мәнін
терең ашуға көмектесу; Оқушылардың барлығын
сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
Олардың әрқайсысынын деңгейі анықталады;
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік
туады; Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс істеуге
үйретеді. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау
еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі
артады.Қазіргі қоғам-жаңа ақпараттық
технологиялар дәуірі. XXI ғасыр-ақпарат ғасыры, ғылымның
әр саласын дамыту ақпараттық жаңа технологияларды
игерумен тығыз байланысты екендііне көзіміз жетті Интерактивті
оқыту-ақпараттық технологиялармен, қашықтан
оқытумен, ғаламтор ресурстарын қолданумен, электрондық
оқулықтар мен анықтамаларды,онлайн режиміндегі еңбектерді
пайдалану мен байланысты. Заман талабына сай күнделікті сабақта
бейне, аудио қондырғылары мен компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде. Мұндай қондырғылар
оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін
қойып тыңдаумен қатар көзбен көруге,
тыңдауға және алған мағлұматты
нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі ақпарат
көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар
құрамына мәтіндік ақпарат, фото, бейне модельдеу,
дыбыстық сүйемел ететі оқушылардың танымдық,
белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға
мүмкіндік береді.
Бүгінгі
күні инновациялық әдістер мен ақпараттық
технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттырып ізденушілігін дамытып,
қызылуғышылығын тудыру, белсенділігін арттыру, ең
негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық және
педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің
рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды.
Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес
сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық
жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып
анықталды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды
қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Қазақ
әдебиеті сабақтарында ақпараттық технология
оқушылардың шығармашылығын талап ететін жоба
жұмысында қолданысын табады. Бұл жұмыс түрін
жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды
қолдану арқылы жоба дайындайды. Мысалы: сабақта ақын-жазушының
шығармашылығы мен танысу үшін арнайы топ құрылып,
тақырып бойынша терең мағлұмат жинап, онымен
бүкіл сыныпты таныстыру мақсатында тақырыпқа байланысты
материалдарды суретке түсіріп, бейне материал жинайды. Осындай
жұмыс түрлерін өткізу арқылы, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың
пәнге деген қызығушылығын оятуға болады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту аса шеберлікті,
көп ізденуді, тиянақты білімді талап етеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына
жолдаған жолдауында «Қазақстанның
болашағы-қазақ тілінде» деген болатын. Сондықтан
мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман
талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету
мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен
сұранысты талап етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Концепция развития
образования в Республике Казахстан на 2005 – 2010 годы //Государственный
стандарт начального образования. Познание мира. Алматы, 2004.- 59 с.
2. Закон Республики
Казахстан «Об образовании» // Казахстанская правда. –
3. Хуторской, А.В. Современная
дидактика: Учебник для ВУЗов [Текст] / А.В. Хуторской.– СПб.:
Питер, 2001.
4. Захарова И. Г.
Информационные технологии в образовании / И. Г. Захарова // Учеб. пособие для
студ. высш. пед. учеб, заведений. – М.: Издательскийцентр «Академия», 2003.