Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті
Марал Марат
Инклюзивті білім беру –
қайырымдылық бастауы
Бүгінгі
таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім
беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы
бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар
білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері
бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және
психикалық таным
процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке
тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып
табылады[1].Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі
оқушының даму
деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп
білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында
мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде
жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары
біртіндеп ашылып жатыр. Бұл
сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі
шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр
оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім
беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен
қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан
жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас
ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа
өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден
білім беру бағдарламасының әртүрлілігі.
Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән
мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім
көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды
оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға
тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды
субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді.
Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын
жалғастырады.
Инклюзивті
оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың
қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше
қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру
идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру
жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім
беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және
мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап,
БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13
желтоқсанында енгізілді. Сонымен, инклюзивті білім беру
жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын
үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап
айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу
бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы
оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін
оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті
білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал
90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім
беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің
елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек
«Қазақстан Республикасының Білім беруді
дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама
төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері
қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері
шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
-
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп
оқыту ережесі әзірленеді;
-
түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек
балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру
қағидалары әзірленеді.[5] Мемлекеттік
бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде
мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар,
санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату,
тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және
басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен
жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы
жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды
оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу
үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде
педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және
компенсаторлық құралдардың болуы) алға
қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке
мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік
техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге
асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі
жандарды әлеуметтік қорғау, олардың
қоғамға етене араласуына, оларды оңалту,
жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын
құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан
келгенше жағдай жасамақшы.[4,5]
Саламан
Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері
мынадай:
· Әрбір бала
білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір
баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары,
қажеттіліктері және оқуға деген
мұқтаждықтары болады.
· Білім беру
жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы
мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына
орай өзгерту.[6]
Осыған
орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам
құндылығы оның мүмкіндігіне қарай
қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір
адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір
адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық
адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы
қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық
адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен
достығын қажет етеді.
7.Әрбір
оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне
қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-
жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.[1]
Сонымен
қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту-
оқушылардың тең құқығын анықтайды
және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық
балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту
түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі
түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды
ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу
арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса,
инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа
тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Пайдаланған
әдебеттер:
1. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж,
ЮНЕСКО, 2009г
2. Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции
перспективы развития» Дефектология 2004ж
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000
4. Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық түзету арқылы
қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
5. Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына
арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
6. Саламан Декларациясы ЮНЕСКО 1994
ж