Зәуірбеков Н.С. –
тех.ғ.д., АТУ, Алматы қ., Қазақстан
Заурбекова Н.Д. –
тех.ғ.к ., Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰҒЗУ, Алматы
қ., Қазақстан
Дарханова А.А. – педагогика
магистрі, ҚазМҚПУ, Алматы қ., Қазақстан
Умаргалиева А.А. – техника
магистрі, АТУ, Алматы қ., Қазақстан
Педагогикалық жоо студенттерін
белсенді оқыту әдістері
Қазіргі
уақытта оқу процесі күнделікті жетілдіруді талап етеді,
себебі адамдардың әлеуметтік құндылытары мен
таңдауы өзгеруде. Ғылыми-техникалық прогресс
қазір кезде, адманың қажеттіліктерінің үнемі
жоғарлауына байланысты оны қанағаттандыруына жауап беретін
немесе соны қанағаттандыратын құрал ретінде қарастырылып
отыр. Сол себепті, мамандарды даярлаудың
қазіргі жағдайы жоо-дағы оқытудың стратегиясы мен
тактикасын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Бүгінгі
күні мамандарды даярлаудың сапасы мен, олардың
жұмысқа орналасуы, одан әрі қарайғы мансапқа
жетуінің арасында тікелей байланыс бар. Теориялық даярлау
жеткілікті дәрежедегі жоғарғы деңгейде болса, алайда
тәжірибелік қызметтің мүкіншіншілігі азайып отыр.
Сондықтан мамандарды даярлау барысында студенттердің
өздерінде бар қабілеттері мен дербестілікке икемділігін қалыптастыратын,
ойлаудың жүйелілігін арттыратын, қарқынды
өзгеріске ұшырап отырған әлеуметтік ортаға
дағдылануына әсерлі себепші болатын оқыту әдісін
пайдалану керек.
Оқытудың
белсенді әдістері арқылы, кейібір мәселелерді шашуге болады.
Оқытудың дәстүрлі формасына қарағанда,
оқу үрдісіне белсенді әдістерді енгізу, алған білімдерін
ұтымды іске асырауға және кәсіби пайдалануға
мүмкіндік береді, осыған орай өзіндік
шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған
ақпараттың берілуі, өңделуі және қабылдау
процессінің мағыздылығы өзгереді. Осылайша, оқудың белсенді
әдісі дегеніміз – қызметтілікке үйрету болып табылады.
Мысалы, Л.С.
Выготский, осындай тұжырымға келген: «оқыту - дамуға
әкеледі, себебі тұлға қызмет ету процессінде дамиды» [4].
Білім мен қабілетті
біріктіруге мүмкіндік беретін, шығармашылық, даралық
және дербестік қасиетін дамытатын іскерлік ойындар, белсенді
оқыту әдісінің ең әсерлісі болып табылады [6].
Ойынның басты мақсаты, мамандар даярлау, кәсіптік
біліктілікті дамыту, теориялық білімін тәжірибелік жағдайда
пайдалану қабілеттігін қалыптастыру болып табылады. Белгілі
жағдайларға байланыстырылып ұйымдастырылған
ғылыми ойындар, студенттерді кәсіби қызметі аясына
әкеледі. Нақты жағдайға құрылған,
оқыту ойындары, студенттерді кәсіби қызметтік ортасына
әкеліп, олардың болып жатқан жағдайды сынап
бағалауға жаттықтырады және оның шешімін табуда
жетілдіру жолдарын іздейді. Бұл ойындар студенттердің өз
бетінше жұмыс жасауды арттыру арқылы кәсіби білімін
және біліктілігін арттырады. Ойын
барысында өз денгейіне жеткен кәсіби біліктілік, болашақ
маманға өз бетінше еңбектік қызметінде болуы
мүмкін қателіктерден сақтануға үлесін
қосады. Іскерлік ойындар шынайы жағдайларға өте
ұқсас болуы керек, себебі бұнсыз білім алушылардың
мәселені шешудегі шынайылылығы болмайды[2].
Белгілі жағдайдағы
әдіспен жұмыс жасау барысында, студенттердің өз бетінше
жұмыс жасап үйрену қабілеттілігі шыңдалады, мысалы:
қойылған есепті өзіндік немесе топпен шешу. Бұндай
қабілеттілік болашақ маман үшін еңбек қызметінде
өте қажет болады, себебі оған жұмыстың барысына
байланысты үздіксіз ерекше шешімдер қабылдауға тура келеді.
Белгілі жағдай әдісі студенттерге ойлаудың кеңдігі мен
орамдылығын шыңдауға, ақпаратты ұтымды
пайдалануға, деректерді өз бетінше талдауға, оны сезінуге, әр
жағына сынап бағалауға, өз ойын, көз
қарасын талқыға салып қорғауды үйретеді,
қойылған мәселенің ыңғайлы жолын шешу
барысында түрлі әдістер мен құралдарды пайдалануды
үйретеді [5].
Іскерлік ойын екі бөлімнен
тұрады: дайындық және ойын. Дайындық бөлімінде
ойынның тақырыбы, оның мақсаты мен есептері
құрылады, сценарий құрылады, ережелері анықталады, ойын барысын бағалаудың
жүйесі құрастырылады. Ойын бөлімі – шынайы
жағдайды тудырып, қатысушылардың әрекетін бағалау
[3]. Егер студентте де, мұғалідде де бақылаушылық
қабілеті болмаса, логикалық ойлау және көргенді,
естігенді, оқығанды пайдалана алмаса, ешқандай білім
кәсіби біліктілікке жеткізбейді. Ойын барысында
мұғалімнің әңгіме жүргізу қабілетіне
ерекше екпін қойылады, және бұны студент байқап
үйрену керек.
Зерттеулерде сүйенсек,
белсенді қабылдау арқылы білім алушылар 80%, өздері атйқанның
және жасағанның 90% қабылдайды екен [1]. Осылайша,
оқытудың белсенді әдістері ақпараттарды есте сақтау қабілетін
жетілдіреді, оны сәйкестендіріп және келесі
мақсатталған жүзеге саыруына мүмкіндік туғызады.
Іскерлік ойындар кәсіптік компетенция құрылуына жағдай
туғызады, жаңа жағдайда бейімделуге, өз бетінше ойлау
қабілетін арттыруға жағдай жасайды, мәселені шешуде
өзіндік әдістер пайдалануға мүкіндік береді, аудиториямен
іскерлі байланыс орнатады, бұлар өздігінен болашақ
маманның кәсібкерлік қасиетін қалыптастырады.
Сонымен, оқытудың
белсенді әдістерін мұғалімнің кәсіби
дайындығында пайдалану оқу пәнін сапалы әрі жылдам
үйретіп, нәтиже алуға ғана көмектесіп
қоймай, сонымен қатар тәжібибелік мақсаты болашақ
мұғалімдерге кәсіби білім мен біліктілікке үйретеді.
Әдебиеттер:
1. Балаев А.А. Активные методы обучения. М., 2006. – 176 с.
2. Вербицкий А.А. Деловая игра как метод активного обучения //
«Современная высшая школа». – 2005. — №3. – С.23-28.
3. Платов В.Я. Деловые игры: разработка, организация,
проведение. М., 1991. –22 с.
4. Смолкин А.М. Методы активного обучения. - М., 1991. - 30 с.
5. Стефановская Т.А. Технологии обучения педагогике в вузе - М.,
2000.-220 с.
6. Филатов О.К. Информатизация современных технологий обучения в
высшей школе. - Ростов на
Дону, 1997. – 213 с.