Кәсіби бағдарлы сыныптарда информатиканы
оқыту ерекшеліктері
Алдешов С.Е., Тоқтарова А.
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауында жаңа бағытты ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан
бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы
инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар
жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырған.
Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және
болжамды үкіметі бар өңірдегі көшбасшы-елге айналуы
тиіс. Бізде озық техникалық
кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс,
қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке
қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек - деп айтады.
Қоғамның барлық
кезеңдерінде ауылшаруашылық,
өндіріс орнындарының дамуы ғылымның дамуына
байланысты. Соның ішінде басқа ғылымдармен өзара
байланыста жаратылыстану
ғылымының алатын орны өзгеше. Дүниежүзінде
жаратылыстану ғылыми болжамдар мен ашылымдарды түрлендіріп
өндіріске енгізуде алдыңғы қатарда болып келсе
қазіргі ақпарат көлемінің артуына байланысты оның
маңызы одан да арта түсуде. Әрине бұл
айтылғандар ақпаратты
жеткізу, тасымалдау, түрлендіру және өңдеп тиімді қолдануды талап етеді. Жеткізілуі тиіс
ақпаратты компьютердің көмегімен күмәнсіз
көз жеткізетіндей етіп түрлендіру үшін компьютерлік
бағдарламалар саны да күннен күнге артуда бар.
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей орта білім
берудің мемлекеттік стандартында: - «Әртүрлі пәндік білімді меңгергенде
ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін,
оның ішінде, әртүрлі есептерді шешу барысында
бағдарлама құру және дайын бағдарламаны
қолдана алуы», – деп көрсетілген [2].
Бұл жаратылыстану-математика бағытында
сыныптарда математика, физика, геометрия сынды пәндерді оқытуда, кеңістік нысандарын
оқытуда үш өлшемді компьютерлік графика программалық
құралдарын қолдануды жоспарлайды және өз
кезегінде мектеп информатика курсында кеңістік нысандарын модельдеу
компоненттерінің теориялық және практикалық зерттелуін
талап етеді. Үш өлшемді компьютерлік графика мен модельдеу процесі
адам өміріндегі іс-әрекетінің барлық ортасында
кездеседі, мысалыға: машинаны жобалауда машинажасау мен архитектурада,
құрылыстың барлық саласында арнайы үш
өлшемді компьютерлік ойындарда, ғылыми бейнелерде, мультфильмдер
құруда.
Адам мен қоғамның әлеуметтік
және рухани өмірінде бағдарлануына мүмкіндік беретін
әлемнің қазіргі заманғы ғылыми
көрінісінің негіздерін меңгеруге тәрбиелеуде жоғарыда
көрсетілген орта өзінің кәсіби бағдарын
бастаудың алғы шарты болып табылады. Ол мақсатқа
сәйкес кәсіби бағдарлы мектепте үш өлшемді
компьютерлік графика мен компьютерлік модельдеуді оқытуды
ұсынылады.
Мектеп информатика пәніне компьютерлік модельдеуді
ендіру А.Г. Гейн, В.Г. Житомирский,
Е.В. Линецкий еңбектерінде қарастырылған. Н.В. Макарова
және Ю.Ф. Титова модельдеуді оқытудың әдістемесін жасап
және мына мазмұн бойынша оқытуды нақтылап берді. Атап
айтқанда нысан ұғымы, модель, жүйе, модельдеу
кезеңдерінің схемасы, нысанды модельдеудің анықтамасы,
және тағы басқалар.
Ю.Ф. Титова негізгі мектеп оқушылары үшін екі өлшемді
компьютерлік графиканы оқыту әдістемесін жасады. Жоғары
сыныптар мен кәсіби мектептер үшін компьютерлік графика мен
компьютерлік модельдеуге байланысты
элективті курс
ағдарламаларын жасау Л.А. Залогова, М.Ю. Монахов, С.Л. Солодов, Г.Е.
Монахова, А.В. Копыльцов, И.Г. Семакин, Е.К. Хеннер сынды
ғалымдардың еңбектерiнде зерттелген. О.Ю. Ильяшенко
кәсіптік оқытуда векторлық графиканы оқытудың
әдістемелік жүйесін жасап,
оны арнайы оқу курс ретінде құрылымдады. В.В.
Александрова қалдық білімді қолдана отырып, оны жетілдіру мақсатында үш өлшемді модельдуді
оқытудың әдістемесін жасады.
Е.Ю.
Тихомированың еңбегінде геометриялық материалдарды
компьютерді қолданып оқыту барысында оқушылардың
кеңістікті елестете алуын дамытудың шарттары анықталған.
Бұл еңбекте 1-6 сыныптарда
кездесетін геометриялық материалдарды оқытуда үшөлшемді компьютерлік
модельдеуді ендірудің оқытудың әдістемелік жүйесі
жасалынып, ол - мектеп информатика курсының бөлігі ретінде қарастырылған. Зерттеу барысында
кәсіби бағдарлы сыныптарда мектеп информатикасын оқыту
барысында үшөлшемді компьютерлік модельдеуді оқытудың
мазмұны жасалып іске асырылғанымен оны басқа пәндермен
кіріктіре оқыту мәселесі қарастырылмағандығы
байқалады. Сондықтан кәсіби бағдарлы сыныптарда мектеп
информатикасы мен геометриясын кіріктіре оқыту осы
қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі зерттеу
тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды. Осы
мақсатта кәсіби бағдарлы сыныптарда мектеп информатикасы мен
геометриясын кіріктіре оқытудың әдістемесін жасауда зерттеу
жұмыстары іске асырылуда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011–2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2010
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. – Алматы, 2002. -360 б.
3. «Қазақстан-2050»
стратегиясы
4.
Білім туралы- Об образовании: Қазақстан
Республикасының Заңы.- Алматы: Литера, 2000. -96 б.
5.
Максимова В. Н.
Межпредметные связи и совершенствование процесса
обучения:
Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1984.