Дженбаева Қ.Б., аға
оқытушы
Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Булабаева А.Т., ағылшын
тілі мұғалімі
ЖООБ «№19 мектеп» КММ, Семей
қаласы
АҒЫЛШЫН
ТІЛІНЕ СЛАВЯН ТІЛДЕРІНЕН ЖӘНЕ ШАҒЫН ТІЛДІК ТОПТАРДАН ЕНГЕН КІРМЕ
СӨЗДЕР
Славян тілдерінің ішінде ағылшын
тілінің сөздік қорына әсер еткен бірден-бір тіл, ол Шығыс славян тілдерін тобына
жататын орыс тілі. Сондықтан да бұл тіл ерекше назарда.
Ағылшын тілінде басқа герман тілдері сияқты сонау ерте
кезден-ақ славян тілдерінің сөздерімен түбірлес
сөздер кездесеті. Мысалы мынадай
сөздер мед, молоко, конопля, плуг т.б., еж. ағ.:
meodu, қаз.ағ.-
mead; еж.ағ. henap, қаз.ағ.
hemp; еж.ағ. meolk, қаз.ағ
milk; еж.ағ.
ploz,
қаз.ағ. plough.
Ертеде енген орыс кірме сөзіне sable (соболь) сөзі жатады. 12-13 ғасырда суыр терісі
ақша орнына жүретін айырбас құралы болатын.
Ағылшын тілінің сөздігінде бұл сөз сонау 14
ғасырдың өзінде белгілі болған және негізгі
мағынасынан өзге «қара» деген сын есім ретінде де
қолданылған. Орыс тілінен енген кірме сөздердің
көпшілік бөлігі 14 ғасырдан кейін Ресей мен Англия арасында
экономикалық және саяси байланыстар ресми орнаған соң
пайда болды. Ол кезеңде кірген орыс сөздері мағынасы
жағынан сауда құралы, билеуші тап өкілдерінің
атаулары, басқарушы және атқарушы билік
өкілдерінің аттары, жарғылар мен күнделікті
құралдар атаулары мен географиялық атаулар туралы болды. Осы
кезеңде және біраз кешірк мындай орыс сөздері ағылшын
тіліне енді: beluga, sterlet, rouble, pood,
czar, ztarosta, moujik, kvass, shuba, vodka, samovar, troika, babushka,
pirozhki.
Біршама арнайы терминдер енді. Мысалы: siberite
(рубиннің
ерекше бір түрі), uralite (асбестті
сланец). Олардың
көпшілігі ағылшын тілінің сөздік қорына енген
және ағылшын жазушылары оларды кеңінен қолданады.
Көпшілік орыс кірме сөздері туынды
сөздерін ағылшын сөзжасам моделдеріне байланысты жасайды -narodism, nihilistic, to knout, sable
(сын есім) және т.б.
19 ғасырдың
соңына қарай ағылшын тілінде қоғамдық-саяси
қозғалыстардың жиілеуіне байланысты сөздер орыс тілінен
енді. 20 ғасырда біз ағылшын тілінен Ресей халқының
саяси істерге деген қызығушылығынан туындаған
сөздерді байқаймыз. Орыс сөздерінің келесі бір тобы
бұрынғы Кеңес Үкіметінде орын алған қайта
құру заманымен байланысты сөздер: glasnost, nomenklatura, apparatchik.
Осылайша, орыс кірме сөздері ағылшын
және басқа да әлем тілдерінде заманауи философияны және
саяси терминологияны дамытуға үлкен ықпал етті.
Ағылшын тілінің сөздік қорында
роман, герман, орыс тілінен енген сөздер сияқты көлемді
болмаса да кельт, араб, парсы, тіпті үнді тілдерінен енген сөздер
де кездеседі. Біздің білуімізше 5 ғасырда Британ аралдарына
қоныс аударған герман тайпалары англдар, сакстар мен юттар ол жерде
кельттар тайпаларымен кездеседі. Тайпалардың мәдени-экономикалық
дамуының төмендігі себепті кельт тілінің ағылшын тіліне
әсері мардымсыз болған. Сондықтан қазіргі ағылшын
тіліне дейін сақталған кельт кірме сөздері өте аз.
Салыстырмалы түрде кельт сөздерінің көпшілігі
ағылшын тіліне кейіннен гаэль (Ирландия) және шотланд тілі
арқылы келді. Ертеде енген кельт кірме сөздеріне мына
сөздерді айтуға болады:
bard — бард,әнші,
ақын; bin — мешок, корзина; brat — бала; brock — борсық;
down— дөңес; dun — қоңыр-сұр.
Ағылшын тіліне Уэльс, ирланд
және шотланд тілдерінен кейінірек енген сөздерге мыналар жатады:
coracle — талдан өрілген және терімен қапталған
балықшы қайығы; cromlech — кромлех (қола
дәуіріндегі кельт қамалы);
eisteddfod — уэльс бард әншілерінің жиыны; flanel — фланель;
flummery — сұлы мен бидайдан әзірленген тағам; ұн,
жұмыртқа мен қанттан дайындалған кез-келген тәтті
тағам.
Аталған сөздердің барлығы
ағылшын тіліне кельт тобына жататын уэльс тілінен енген.
Соңғы екі сөз сирек қолданылатын сөздерге жатады.
Келесі кельт тобына жататын шотланд тілінен ағылшын тіліне енген
сөздерге мынадай сөздер жатады: сlan — клан, род ( Шотландияда);
claymore — ежелгі әскер; сrag — жартас; glen — тар алқап; loch —
көл, тар теңіз бұғазы; veel — жылдам билейтін шотланд
биі атауы; slogan — лозунг, үндеу; tartan — шақпақ жүн
мама;
Ирланд тілінен келесі сөздер енген: banshee — аруақ; bog —
батпақ; galore — өте көп; shamrock — трилистник
(өсімдік атауы); shillelagh — дубинка
spalpen — жұмыссыз; tory — тори, консерватор
Шығыс тілдерінің ішінде араб, парсы тілдерінен
енген сөздер де ағылшын тілінің сөздік қорынан
табылады. Араб тілінен енген сөздер Еуропа мен Шығыстың
мәдени және сауда-саттық байланысын суреттейтін сан-алуан
сөздер. Арабтардың Испанияны ұзақ мерзімді жаулауы
(8-15 ғғ), Ұлы Крест жорығы (9-13ғғ), Индияға
су жолының ашылуы, Ұлы Армаданың жеңілісі (16
ғасырдың соңы) Англия мен Шығыстың сауда
байланысының жандануына себеп болды. Осындай тарихи
жағдайлардың барлығы ағылшын сөздік қорына
өзіндік ізін қалдырды.
Ерекше атап өтетін жайт ежелгі арабтар орта ғасырларда
Еуропаның мәдениеті мен ғылымына айтарлықтай әсер
еткен. Ерте орта ғасыр кезеңінде еуропада ғылым
тоқыраған заманда Шығыс ғылымы өркендей
бастаған. Ежелгі арабтар математика ғылымы, астрономия мен медицина
саласында жақсы жетістіктерге жеткен.
Қайта Өрлеу заманында Еуропада
Шығыстың ғылыми жетістіктеріне деген
қызығушылық артады. Университеттерде араб тілі
оқытылып, Шығыс ғалымдарының еңбектері
ағылшын тіліне аударыла бастайды. Орта ғасырда Еуропада ғылым
тілі латын тілі болса, Ежелгі Шығыста ғылым тілі араб тілі
болған. Кейбір араб сөздері орта ғасырда латын тілне енген де
сол арқылы ағылшын тіліде пайда болған. Араб тілі арқылы кейбір грек
сөздері де ағылшын тіліне келген. Кейбір араб сөздері
ағылшын тіліне итальян, португал, голланд, испан,
француз тілдері
арқылы енген. Ғылым саласындағы кірме сөздер негізінен
14-16 ғасырларға жатады. Араб тілінен енген сөздер мыналар: caliph, mameluke, shekh, hashish, nadir.
Француз тілі арқылы мынадай араб сөздері
ағылшын сөздік қорына енді:
calibre, sultan, magazine.
Итальян тілі арқылы: algebra, carat, tariff.
Португал тілі арқылы: apricot.
Латын тілі арқылы: alcohol.
Ал, парсы тілінен
ағылшын тіліне кірме сөздер әр түрлі жолмен енген.
Ежелгі әлемде парсы тілінің кең таралауы араб, урду, түрік,
грек тілдеріне парсы сөздерінің енуіне себепші болған.
Мысырмен сауда қатынасы нәтижесінде итальян,
испан, португал және француз тілдеріне парсы сөздері
еніп отырған. Тарихтың белгілі бір кезеңдерінде осы
аталған тілдер арқылы парсы сөздері ағылшын тілінің
сөздік қорына еніп отырған. Тікелей парсы тілінен енген
сөздер жаңа заманға, яғни 15 ғасырдан бастап
қазіргі заманға дейінгі уақытқа жатады.
Ең алғашқы парсы кірме сөздері
ежелгі ағылшын тіліне грек және латын тілдері арқылы енген.
Орта ғасырларда парсы сөздері француз тілі арқылы келді.
Тікелей парсы сөздерінің енуі 16 ғасырда басталды.
Ежелгі парсы тілінен грек тіліне еніп, сол
арқылы ағылшын тіліне жеткен алғашқы кірме сөздер
мыналар: satrap, tiard. Бұл сөздер б.з.
дейінгі 6 ғасырда билік құрған Дария заманындағы
түсінікті бейнелейтін сөздер.
Индияның жергілікті
хинди және урду тілінен де ағылшын тілінде кірме сөздер
кездеседі. Үнді тілдерінен кірме сөздердің енуі 16
ғасырда Индиямен су жолы ашылуы арқасында Англияның сол
елдің ертегідегідей байлығына деген қызығушылығы
артуымен байланысты болған. Дегенмен негізгі үнді
сөздерінің басым көпшілігі Индияның қазба
байлықтарын талан-таражға салған Ост-Индия компаниясы
құрылған 17 ғасырдың басына дәл келеді.
Ост-Индия компаниясы құрылғаннан кейін Индияны
коллонизациялау басталды. Мадраста, Бомбейде, Калькуттада ағылшын
қоныстары орналасты. Франция мен Англия арасындағы Индияға
талас соғысында Англия жеңіске жетіп Индия Британ
Империясының бір бөлігіне айналды. Индия тілдерінен енген
сөздер қоғамдық өмірге,
салт-дәстүрге, ұлттық өмір сүру
ерекшеліктеріне, сауда және өнеркәсіп ерекшеліктеріне
байланысты сөздер: nabob — набоб, maharadja (h) —
магараджа, bungalow — бунгало, jut — жұт,
jungle — джунгли, cashmere — кашемир, pyjamas — пижама.
Бұдан басқа
қазіргі ағылшын тілінде Африка және Австралия халықтарының, қытай
және түрік тілдеріннен енген сөздер де бар.
Жоғарыда аталған тілдердің
барлығы ағылшын тіліне тигізген ықпалы жағынан
тең емес. Олардың кейбірі тіпті түкке тұрғысыз
әсер еткен. Олардың қарастырудағы мақсатымыз
халықтар арасындағы қоғамдық-тарихи байланысты
көрсету еді. Кез келген тілдің сөздік қоры
халықтың қоғамдық, экономикалық және
саяси өмірінің айнасы. Сондықтан өмірдегі қандай
өзгеріс болмасын тілдің сөздік қорында өз ізін
қалдырып отыруы заңды құбылыс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Арнольд И.В. Лексикология современного английского
языка.— М., 1989.
2. Белецкий А.А. Принципы
этимологических исследований. Киев, 1990 ж. 450 стр.
3. Гак В.Г. Сопоставительная лексикология /В.Г.
Гак. - М.: Междунар. отношения, - 246с.
4. Хлебникова И.Б. Введение в
германскую филологию и историю английского языка
- Калининский Гос. Университет,
Калинин, - 1992