Мәдениетаралық
қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік ақпараттық
құзыретін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. Абай
атындағы ҚазҰПУ
Арнайы мақсаттағы шетел тілдері кафедрасының аға
оқытушысы
Муканова З.А.
Арнайы мақсаттағы шетел тілдері кафедрасының аға
оқытушысы
Аңдатпа. Еліміздің тарихында болып
жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру
саласындағы жаңа бағыттар, ағылшын тілін оқытуды
үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және
әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде. Осыған
орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының
бірі ретінде қызмет етуінің алғы шарты – оның
қоғамдық өмірдің әр алуан саласында
қолданылуы болып табылады. Мақалада интермәдениет коммуникациясының жеке
тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болады.
Тірек
сөздер: құзыр, құзырет,
ақпараттық құзырет, құзыреттілік,
ізденушілік ақпараттық құзырет,
мәдениетаралық қатысым, интернет.
Аннотация.Значительные социально-экономические изменения и новые
направления в обучении английского языка в системе образования требуют научного
и методического уровня преподавания языка. Данная статья рассматривает влияние
межкультурной коммуникации на развития личности обучающегося. В статье
приводятся эффективные примеры использования аудио- видео материалов и
современной технологии.
Ключевые
слова: компетентность,
информационная компетентность, поисково-информационная компетентность,
межкультурная коммуникация, интернет.
Abstract. Significant
socio-economicchangesand new trends inteaching Englishin the education
systemrequire scientificandmethodological level
of language teaching. This
articleexamines the impact ofcross-cultural communicationonthe developmentof
the individual student. The article givesexamples
ofeffectiveuse ofaudio-visualmaterialsand modern technology.
Key words: competence, informational competence, search
information competence, intercultural communication, the Internet.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
өзінің кезекті Жолдауында «Білім және кәсіби
машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен
қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек
ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор
көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1].
Қазіргі
заманғы ғылыми – техникалық үрдістің даму
қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа
міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның
үздіксіз өзгерістеріне тез бейімделе алатын орындаушының
тұлғасын қалыптастыру міндеті. Әлемдегі озық,
бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына еніп,
өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті еліміздің
ертеңгі азаматтарының қолында. Әлем тәжірибесі
көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі
сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім
дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана
қоғамның интеллектуалдық капиталы мен
инновациялық әлеуеті қалыптасады.
Негізгі
құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық
мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі ол
құзыреттілік маман біліктілігінің негізін
құрайды, оның ішінде:
-
ақпараттық;
-
коммуникативтік (қатысымдық);
-
әлеуметті – құқықтық
құзыреттілік көрсетілген.
Құзыр -
бұл адамның бойындағы
бар білік пен білім және қабілеттері.
Құзырет –
қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және
сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық,
(қазақ түсіндірме сөздігі).
Ал, құзыреттілік дегеніміз –
бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі
түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның
бойында
өзіндік,
жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары
қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі
жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда
жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет -
қабілеттерінің болуы.
Ақпараттық құзыреттілік- компьютерлік білімділігі,жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана алу (мультимедия, электрондық пошта,
Интернет) мүмкіндігі[2].
Қазіргі
уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі,
интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің
мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған
ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде
мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғышартын
жасайды.
Студенттердің ізденушілік
ақпараттық құзыреттілігі –өздерінің
ізденушілік-ақпараттық мүмкіндіктерінақпарат
әлемінде жаңа технологиялар мен библиотекалық ресурстар
арқылы қолдана алу біліктіліктері[3].
Шет
тілін білу, оның ішінде ағылшын тілі - әлемдік
жаңалықтарға атсалысуға дайындалу үшін немесе
жалпы өз біліми-танымдық деңгейін көтеру үшін
мультимедиа материалдар арқылы алатын білімдер топтамасы.
Қазақстанда
шет тілін оқытудың жаңа кезеңі басталғаннан бері,
тіл үйретудің мақсат-міндеттерін,
құндылығын, жалпы методология мен оқыту технологиясын
қайта қарастыру қажеттілігі туындай бастады.
Әлеуметтік-тарихи себептердің салдарынан,
қоғамның тіл меңгерудегі мотивациясы, бұл
пәнге деген қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді.
Қазақстанның
әлем қауымдастығына енуі, саясат, экономика, мәдениет
және ұлттық идеологиядағы үлкен
қадамдар – осының бәрі шет тілін оқыту теориясында
өзге бір қарбалас кезеңін тудырып, ғылым,
мәдениет, техника, бизнестің әртүрлі
саладағы мамандары шет тілін, өндірістің құралы
ретінде пайдалану үшін, меңгеруге асқан ұмтылыс білдіре
бастады.
Басты мақсат -
тіл үйренушіні шет тілінде, мейлі өз деңгейінде болсын,
толыққанды тілдесе білуге бейімдеу. Осы кезеңге дейін, шет
тілін оқытудың дәстүрлі бейнесі тек мәтінді оқып
аударумен шектелсе, енді тіл үйренуші тілде тек қана оқып
қоймай, оны тыңдап түсініп, өз ойын
қағазға түсіріп, өмірлік жағдаяттарда
тілдескісі келе бастады.
Бұл
кезең - тек тіл үйренушілер үшін ғана емес, шет тілі
оқытушылар үшін де дағдарыс кезеңі еді. Жалпы еліміздің
батыс елдерімен шектеулі қарым-қатынаста болуы, шет тілінде шынайы
тілдесімнің жоқтығы халықтың тілді меңгеру
деңгейін белгілі баған бойынша көтеруге мүмкіндік
бермеді.
Еліміздің әлеуметтік өмірі күрделі өзгеріске
ұшыраған кезеңнен бастап, батыс тілдері ғылымның
барлық саласында жан-жақты, әрі сапалы түрде
оқытыла бастады.
Тіл мен
мәдениет өзара тұтас дүние, ал тілді
мәдениетаралық қатысым негізінде оқыту тиімділігі
өз бағасын алғалы қашан.
Шет тілінің
әрбір сабағы – бұл мәдениеттің тоғысуы,
себебі әр шет тіліндегі сөз өзге елдің әлемі мен
мәдениеті теңдес.
Мәдениетаралық
қатысым – әртүрлі ұлттық мәдениет
өкілдерінің тілдесім кезінде бір-бірін адекватты түрде
түсінуі болып табылады.
Мәдениетаралық қатысым теориясы өз бастауын 1954 жылы,
Э.Холл мен Д.Трагердің «Мәдениет және коммуникация. Талдау
моделі» («Culture as Communication») атты еңбегі жарық көрген
кезеңнен алды деген ұғым қалыптасқан. Бұл
еңбектің авторлары «мәдениетаралық қатысым»
терминін адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше
нүктесін білдіру үшін қолдануды ұсынған екен[4].
Қатысым әдісінің
негізгі мақсаты - студенттерді бірінші сабақтан бастап
сөйлесім әрекетіне баулу, тілді
үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты
практикалық жағынан жан-
жақты қамтамасыз ету. Сөйлесім әрекетінің түрлерін
(айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
Өйткені кез- келген тақырыптағы тілдесім процесі
сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері арқылы іске
асады. Сол себепті әдістеме ғылымында сөйлесім
әрекетінің мынандай негізгі түрлері белгіленген: продуктивті
(айтылым мен жазылым; олар хабар жібереді) және рецептивті
(тыңдалым мен оқылым; олар хабарды қабылдайды). Айтылым мен
тыңдалым сөйлесім әрекетінің ауызша түрін, ал жазылым мен оқылым - жазбаша
түрін құрайды. Тілдік қатынастың ауызша және
жазбаша түрі өзара тығыз байланысты және үнемі
бір- бірімен әрекеттес болады. Мұнда оқу сырттай немесе жеке
ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара
іс- әрекеті үстінде, ауызба- ауыз сөйлесуі, тілдесуі
арқылы болады.
Мәдениетаралық қатысымныңжазбаша түріне
үйретуде студенттер:
- Өзінің алған әсері
туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады;
- Логикалық мазмұнына сай жүйелі түрде толтыра
біледі;
- Әр түрлі тақырыпта сұхбат құрастыра
біледі.
- Пунктуация ережелерін сақтай біледі;
Қорыта
айтқанда, жұмысты өз бетінше аяқтаулары керек. Жазу
дағдылары оқыған лексика мен грамматикалық
тақырыптарға негізделіп жасалады. Үлгімен тексерілетін
дұрыс жазуға үлкен назар аударылады. Жазбаша тапсырмалар
бірнеше сөйлемнен тұрады.
Мультимедиа
форматындағы құралдар (аудио және бейнемәтіндер
және т.с.с.) ерекше әдіснамалық үлгілерден және
лингвистика мен әдістеме теорияларына сай тілді оқыту
мақсаттарына байланысты сұрыпталып алынады. Қатысымдық
біліктерді дамыту үшін сұрыпталып алынған материалдың
мақсаттары анық болуы тиіс. Мультимедиалық оқытуда
ақпарат өте көрнекті түрде ұсынылады.
Лексиканың аудармасыз семантикасын, яғни табиғи, натуралды
әдісті оп-оңай жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар.
Тағы бір маңызды
құрал ол: Интерактивті тақта. Интерактивті тақта –
бұл компьютер мен проекторға қосылған үлкен
интерактивті кешен болып табылады. Материалды көрсету компьютер
арқылы басқарылады. Мысалы, белгілі бір сөздің
фонемалық символының айтылуын тексереді, аудармасыз сурет
арқылы лексикалық қорды байыту жұмысын іске
асыруға болады және тағы сол сияқты толып жатқан
оң мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Ағылшын тілін үйрену
сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың
артықшылықтары: сабақтағы уақыттың
үнемделуі, сабақ материалының мейлінше тығыз
ұсынылуы, аз уақытта көп ақпарат көзіне қол
жеткізе білу және т.с.с.
Қорыта
келгенде, тіл – мәдениеттің асыл мұрасы, таусылмас
қазынасы. Тіл мәдениетсіз өмір сүрген емес, сол себепті
де, шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде оқыту
міндеттері сол елдің, ұлттың қоғамдық
және мәдени өмірін оқыту міндеттерімен ұштасып
жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының
«Қазақстан жолы» – 2050. Астана 2014 ж.
2.Қ.С.
Құдайбергенова«Құзырлылық білім сапасының
критерийі: әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізінде»,
монографиялық еңбек. Алматы 2008ж. 257-258 бб.
3.Лобач
Н.В. Понятия и сущность
посиково-информационной компетентности// Международный журнал
экспериментального образования. – 2013. – № 4. – С. 179.
4.Тер-Минасова С. Язык и
межкультурная коммуникация. М - 2013.