Филологические науки / 5.
Методы и
приемы контроля
уровня владения иностранным
языком
Нұрекешова Г.Р. – ғылыми жетекші, филология
ғылымдарының кандидаты
Берекеева Г.Б. – АЯ-12-1 оқу тобының студенті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі оқушылармен шетел тілін
бірлесе оқытудың білім сапасына әсері
Қазіргі
таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған
елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі
– оқытуды дамыта отырып, білім алушыға жалпы бірдей қалыптасқан
жан-жақты, дәстүрлі әдістермен әлемдік
деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір
тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп, білікті
маман даярлау.
Бұл
жағдайда барлық әлем жұртшылығының назарын
аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен
ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру
үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім
беру.
Инклюзивті білім
беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу
және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету –
педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы
қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне
және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай
қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті білім беру оқыту
процесінде балаға жеке көмек көрсету, дене, ақыл-ой,
әлеуметтік, эмоциялық, тілдік ерекшеліктеріне қарамастан
әр баланың оқыту мен тәрбие үдерісіне енуіне
жағдай жасау, қоғамның белсенді мүшесі
болуға мүмкіндік туғызу және жалпы
білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз
аймақ құру арқылы мектеп өміріне араласып,
өз ортасын қалыптастыру дегенді білдіреді. Инклюзивті білім беру - барлық
балалардың жалпы білім беру үдерісіне енуі, әлеуметтік
бейімделуі, жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне
қарамастан баланың жеке қажеттілігіне
коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік
қолдау және белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз
ету. Бұл процесті жүзеге асыру
үшін мектепте балаға психологиялық-педогогикалық
қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.
Қазіргі
таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға
қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет –
олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне,
қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына
жағдай жасау және көмек көрсету. Мүмкіндігі
шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру орталықтарына
қарай бейімдеу Қазақстанда 2002 жылдан басталды.
Психофизиологиялық
ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-
педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты,
көрнекілік және жеке ықпал ету сияқты ағылшын
тілі пәні сабағынан түзете-дамыта оқыту және
практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа
алған жөн. Ең алдымен, оқу сабақтарының
балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін
дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі
үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы
байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде
қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды
тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке
оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Сабақ барысында
балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды
ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем,
жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және
сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған
сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында
арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар
қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық
тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс
уақыттарда «At the Shop», «In the museum», «At school», «In the Bus» т.б.
сияқты сюжетті-іскерлік ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі
бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара
көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі
қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге
көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал,
танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас
қасиеттеріне әсер етеді.
Ерекше
көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен
тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде
құрылады. Сондықтан, бұл балаларды өмірге
бейімдеу экскурсия және практикалық сабақтар, түрлі ойындар
формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. Егер
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Meals», «At the
Store», «In the Library» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс
уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің
маңызы ерекше. Бірақ балалар белгілі бір объектіні сырттай
бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне
еліктей отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете
алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Мысалы, дүкен
жұмысын бақылаудағы экскурсиялар балалар сауда залдарында
жүріп түрлі бөлімдерді белгілер арқылы
анықтауға болатынын, сатушыдан керектерін сұрауға үйренетіндей
және өздері әрекет жасайтындай етіп жоспарлану керек.
Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру
жұмыстарын қажет етеді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Алферова Г. В. Новые подходы к коррекционно-развивающей работе с детьми с
ограниченными возможностями здоровья. Дефектология – 2008- №3.
2. Алипкалиева Г.Б. «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына
дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру». – Алматы,
2012
3.
Грозная Н.С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к реальности //
Синдром Дауна XXI век. 2011. №1. С.34–41.
4. Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік
порталы.
5.
Каримова Р.Б. «Основные проблемы и задачи инклюзивного образования в РК» //
Журнал «Открытая школа». – 2012.
6. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі
оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметінің ұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. №
7(128) 09. 2013ж.
Анкета
участника конференции
|
1 |
Фамилия, имя, отчество автора (ов) |
Нурекешова Гульназ Рахметбековна-научный руководитель Берекеева Гүлжайна Берекеқызы – студент
группы Ая-12-1 |
|
2 |
Название статьи и количество страниц |
Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі
оқушылармен шетел тілін бірлесе оқытудың білім сапасына
әсері, 4 страницы |
|
3 |
Название секции |
«Наука без границ – 2016» XI Международная научно-практическая конференция Сроки проведения: 30.03 – 07.04.2016 Место издания: Science and Education Ltd (Англия) Филологические науки / 5. Методы и приемы
контроля уровня владения иностранным языком |
|
4 |
Место учебы (полное
название учреждения, без сокращений), город |
Государственный университет им.Коркыт
Ата, Казахстан, Кызылорда |
|
5 |
Должность, ученая степень, звание |
Научный руководитель - ассоцированный
профессор, кандидат филологических наук Студент 4 курса группы
Ая-12-1 |
|
6 |
Почтовый адрес (с индексом) на который следует выслать сборник
материалов конференции |
120008, Казахстан, г.Кызылорда, ул.Мусрепова дом №10, кв. 58 |
|
7 |
E-mail (если есть соавторы, то электронные адреса каждого
соавтора) |
Gulnaz_N71@mail.ru |
|
8 |
Телефон для контактов |
Дом: 8-(7242)-23-08-25, 8-771-421-91-71,
8-702-233-13-33 |
|
9 |
Количество дополнительных экземпляров сборника |
0 |
|
10 |
Нужна ли справка, о факте принятия материалов к печати |
нет |
|
11 |
Необходим ли диплом участника конференции |
да |