Филологические науки / 5.
Методы и
приемы контроля
уровня владения иностранным
языком
Нұрекешова Г.Р. – ғылыми жетекші, филология
ғылымдарының кандидаты
Садықова Б.Б. – АЯ-12-1 оқу тобының
студенті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Шетел
тілінен оқушылардың танымдық қабілеттерін
дамытуға бағытталған үйірмелер
Бүгінде жас
ұрпақтың жаңаша ойлауына,
дүниетанымның
қалыптасуына, білім-білік негіздерін меңгеруіне ықпал
ететін жаңаша білім
мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселенің бірі.
Сабақты
жаңаша үрдісімен өткізу оқушылардың білім сапасын
арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық
және ойлау қабілеттерін дамытады. Сондықтан да мектептегі
оқу процесінің негізгі
мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты
және жүйелі түрде оқушылардың интеллектілігін,
шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен
белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан
пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал
ету, оқушының табиғи қасиеттерін, тіл жағынан
білім деңгейін терендету үшін оқытуды жоспарлы түрде
ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына
негізін салу болып табылады.
Шетел тілін оқытуда оқушылардың білім-біліктілік,
танымдық, коммуникативтік біліктілігін, олардың сөйлеу дағдысын
дамыту үшін, оқу үдерісінде жаңа озық
технологияларды қолдану қажет. Осы бағытта ағылшын тілі
сабағын оқыту үрдісінде оқушылардың
коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру және дамыту
мәселесі үлкен мәнге ие.
Тілдік
үйірмелерді іске асыру жалпы білім беретін орта мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған арнайы мектептерде де жүзеге асырылады.
Қызығушылығы бойынша тілдік үйірмелер оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен
іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы білім беретін бейіндік
пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші
міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын
қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде
білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.
Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты
мұғалімдер алған білімін білім алушылардың дамуына
және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге,
бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын
қалыптастыруға бағытталады. Ағылшын тілін тілдік
үйірмелер арқылы үйрену амалдары білім алушыларға жаңа
тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық
әрекетін белсендіруге, тілге және тілін үйренетін елдің
мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға
мүмкіндік туғызады.
Танымдық қабілеттерді дамытудағы
үйірмелерде ағылшын тілін үйрету деген білім
беруші мен білім алушы арасында қарым-қатынасты
қалыптастыратын диалогты оқыту. Нәтижеге
бағытталған оқу процесінде тіл үйренушілерді бірінші
орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір
білім берушіге білім алушыларды белсенділендіретін оқыту
әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі
күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету»,
«оқыту», «беру» сынды сыртқы ықпалды білдіретін
етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру»,
«жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан
тұрады.
Оқу
процесі білім алушыларға бағытталып, үйрену/үйрету
әрекеттері қоян-қолтық
қарым-қатынастан тұруы
мүмкін. Бұл
қарым-қатынас білім беруші мен білім
алушы, білім алушы мен
басқа білім алушы, білім алушылардың шағын
топтары арасында өтеді. Оқу мен оқыту, үйрену мен
үйрету мұндай қарым-қатынаста біртұтас
қалыпта болып, олардың нәтижесі мен маңызы да осындай
қарым-қатынасқа тәуелді болады. Бүгінгі күні білім беру
жүйесінде мәселені тіпті мынандай төтесінен қоюға
болады: «Үйрену
мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген
қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «тек әрекеттесу
арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады». Білім беру философиясы мен
когнитивтік (танымдық) психология адамның өз қолымен
жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер
арқылы (бірінші кезекте бірлескен ұжымдық әрекеттер)
үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық
екендігін дәлелдеді. Сол себепті де танымдық қабілеттерді дамытудағы үйірмелерде
ағылшын тілін үйренушілер оқытушымен тікелей бірлескен
жұмыс, танымдық,
коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту
және кері байланыс жасау тәріздес
іс-әрекеттерді атқаруға дайын болуы қажет.
Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды
өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды
мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын
дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің
танымдық қызығушылығы арта отырып,
шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге
көтеріледі.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Әбілқасымова А., Омарова Р.
Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру негіздері. Алматы, 2010ж.
2. Қараев Ж. «Оқытудың үш
өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық
технологиясы»
3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік – педагогикалық
журнал. №3(45), 2010.
4. Мектептегі шет тілі. №3(27), 2007.
Анкета
участника конференции
|
1 |
Фамилия, имя, отчество автора (ов) |
Нурекешова Гульназ Рахметбековна-научный руководитель Садықова Биханым Бисембайқызы – студент группы Ая-12-1 |
|
2 |
Название статьи и количество страниц |
Шетел тілінен оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамытуға бағытталған үйірмелер, 3
страницы |
|
3 |
Название секции |
«Наука
без границ – 2016» XI Международная научно-практическая конференция Сроки проведения: 30.03. – 07.04.2016 Место издания: Science and Education Ltd (Англия) Филологические науки / 5. Методы и приемы
контроля уровня владения иностранным языком |
|
4 |
Место учебы (полное
название учреждения, без сокращений), город |
Государственный университет им.Коркыт
Ата, Казахстан, Кызылорда |
|
5 |
Должность, ученая степень, звание |
Научный руководитель - ассоцированный
профессор, кандидат филологических наук и студент 4 курса группы Ая-12-1 |
|
6 |
Почтовый адрес (с индексом) на который следует выслать сборник
материалов конференции |
120008, Казахстан, г.Кызылорда, ул.Мусрепова дом №10, кв.58 |
|
7 |
E-mail (если есть соавторы, то электронные адреса каждого
соавтора) |
Gulnaz_N71@mail.ru |
|
8 |
Телефон для контактов |
Дом: 8-(7242)-23-08-25, 8-771-421-91-71,
8-702-233-13-33 |
|
9 |
Количество дополнительных экземпляров сборника |
0 |
|
10 |
Нужна ли справка, о факте принятия материалов к печати |
нет |
|
11 |
Необходим ли диплом участника конференции |
да |