Қанапина
Биғанша Төлеуханқызы
Қазақстан. Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының
аға
оқытушысы.
Серігхан
Айман
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2
курс студенті
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Мәңгілік
елдің мәңгілік тілі
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес
құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат
арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты
құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік,
мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және
сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан
ұрпаққа жеткізуші құрал. Мәңгілік ел
болмақтың бастапқы қадамы мәңгілік
ұлт болмақ. Мәңгілік ұлт болу әр
ұлыстың арманы болған тарихта. Бүгінгі күнде сол
жалғасты. Ғаламда сіңісу һәм жұтылу процесі
үздіксіз болған және де бола бермек. Ал, осы жұтылудан
құрып, жоғалу келіп шығары хақ. Тарихқа
үңілсек ізім-ғайым жоғалғандар, бедер-белгісі
бар, бүгіні жоқ қаншама ұлыс, қаншама ұлт
бар. Қазірде ертеңі елес болған қаншама халықты
көріп отырмыз. Иә, мәңгілік ел болмақтың
өлшемі мәңгілік тұғыр болмақ дедік. Ол
тұғыр – ұлт. Мәңгілік ұлт арманымен,
мұратымен ғана мәңгілік. Тек, сылдыр сөзбен
мәңгілік емес. Ұлттық сипатпен мәңгілік.
Мәңгілік сипат – ол тіл, сана һәм рух. Ұлт
мәңгілік болу үшін мәңгілік санасының
жемісін беретін, рухының үнін естіртетін мәңгілік тілі
болмақ керек. Әйтпесе, тілсіз ұлт болмақ емес.
Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие
болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным
көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық
рухани-мәдени мұраның тарихи маңызын саралап,
қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген этнос
атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі,
халықтық рухы әуелі
оның тілінде көрініс табады. Әр халықтың
өзіндік салт-санасы, елдік рухы алдымен оның тілінде
таңбаланады. Этностың өзіндік дүниетанымынан,
тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз
қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай
мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан
зор. Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың
қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі –
оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық
ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық
қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Мәңгілік
тіл болмаса мәңгілік ұлт болмайтынын Ахмет
Байтұрсынұлы айтып кеткен болатын. «Сөзі жоғалған
халықтың өзі жоғалады» – деген Ахмет
атамыздың нақыл
сөзінен артық не керек? Ахмет атамыздың артық айту
қолдан келмесі шындық.Сөзіміз жоғалмасын, өзіміз
жоғалмайық. Тіліміз жоғалмасын, тіл жоғалмаса ұлт
жоғалмайды. [1"Мәңгілік ел" -
Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы ]
Мәңгілік ел... Мәңгілік
Қазақстан... Ата бабаларымыздың мәңгілік арманы,
мәңгілік аңсары болатын. Ертеңгі аймаңдай
күннен үмітті біздің елдің ұраны да,
жыр-әні де сол болуға тиіс. Алайда, байлық пен абырой,
жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. Оған
жетуден үміткер елдің еңкейген кәрісі мен жел
көкірек жасы тек нәтижелі Еңбек пен тұғырлы
Ғылымға ғана арқа сүйеуі қажет. Осы екеуіне
тәу еткен жұрт мұратына жетеді. Сонда барып
халықтың әл-ауқаты көтеріледі, сонда барып бізді
әлем мойындайды, сонда барып Қазақстан жер бетіндегі азулы 30
мемлекеттің қатарынан ойып отырып орын алады.
Қазақстанның Мәңгілік ел болуы дегеніміздің
бір парасы осындай. Рухани
құндылықтарын жоғалтқан жұрттың
болашағы бұлыңғыр екендігін, мемлекеттің негізін
құрайтын халық – қазақ болса, оның
тілінің, дінінің, салт-дәстүрінің басқа
этностарды төңірегіне топтастыратынын үлкен рухани тірек
болуы керектігін ескертеді...Міне, «Мәңгілік ел»
тұғырнамасы философиясының кейбір тараулары осындай
тереңге тартады. Елбасының Жолдауында әдеттегідей
әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Ал
ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы
мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық
идеясы жарияланды. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу
«Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі
болып табылады. Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясында
айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын
ашып, дамыта түседі. Президент Жолдауы Қазақстан халқы
үшін үлкен маңызға ие болды. Бір мақсат –
бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз –
Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір
мүдде – бұл біздің ортақ
құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде
өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – бұл
Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз –
Қазақстан Республикасының өркендеуі!
«Мәңгілік Елдің» жеті
қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық
құндылықтарын, Қазақстан халқының
ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Себебі,
«Мәңгілік Ел» мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен
сабақтастығының көрінісі арқылы жүзеге
асатындықтан да Ұлт көшбасшысының халықтың
үш буынына үн қатуы кешегі тарих қойнауындағы
бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай әсер
қалдырды. Елбасы тарих қатпарынан белгілі бір атаның
ұлдары бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері
және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында
сабақтастық болса ғана, «Мәңгілік Елге»
даңғыл жол ашылатынын, Жаңа Стратегияны жүзеге асыруда
қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетінін,
бабалар өсиетіне адал, іс-қимылда ірілік көрсету
қажеттігін тұжырымдай келе, бейбітшілік,
тұрақтылық және гүлдену арқылы ғана
XXI ғасыр Қазақстанның «алтын ғасырына» айнала
алатындығы туралы пайымын ел-жұртына жеткізіп қойған
жоқ, оған сенімді де. Қандай шаруаны болсын қолға
алып, нендей мәселені көтерсе де оларды кешенді түрде
қарастыратын, Үкіметтен де, қазақстандықтардан да
сондай әрекетті талап ететін Елбасы бұл Жолдауында да сол
ұстанымын жарқырата дәлелдеді. Барлық Жолдаулары
түгелдей осы «Мәңгілік ел» идеясына қызмет ететін
шаралар кешені екен. Яғни, Жолдау – мәңгіліктік
ұстанымы. Ұлы
мұраттардың сабақтастығы дегеніміз осы. Ал,
біздің міндет – Елбасы
көрегендігіне, үлкен тұлғаның
кемеңгерлігіне таңырқау шығана боп отырмай,
Жолдаудың әрбір баптарын тиянақты орындау. [2. Темір газеті
«Қазақ елі мәңгілік» мақаласы] Ендеше алдағы уақыттағы
әлеуметтік, саяси жаңғыртуларды жүзеге асыруда
ауызбіршілік, адалдық, біліктілік қана тиімділік әкелері
сөзсіз.
Тәуелсіздік — халықтың үні,
ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы,
елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған
күн, мерейтой.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік
сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген
кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет
аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап,
тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі
тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті даму жолына
түсті. Біз өз халқымыздың ешкімге нақақ
қиянат жасамағанын мақтан етеміз, ал, қиянат
жасамағанға Алланың көзі түзу. Еліміз қалай
болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар
жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына
қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз
да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда.
Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз –
Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп
байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына
қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі
ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз
қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз
болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз
жылдық, әрідегі мың жылдықтарда
қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін
хақ тағала баянды еткей! [4.«Мәңгілік
ел -
болашағымыздың бағдары, Павлодар облыстық
газетінің сайты «Сарыарқа самалы»] Елдің ертеңі
үшін мәңгілік ел болашағы үшін,
мәңгілік елдің тілдің қанат жаймағы
үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік
мұрат ұстанбақ. Кешегі
Мағжан сенген жастарға бүгін елбасы да сенді. Сенім артты.
Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш.
Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда
ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік
болмақ.
Елдің ертеңі нұрлы болсын!
Қазақ елі мәңгі болсын!
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
"Мәңгілік
ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы -
Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет.
2.
Темір газеті. «Қазақ елі мәңгілік» атты
мақаласы.
3.
«Мәңгілік ел –
болашағымыздың бағдары»
Павлодар облыстық газетінің сайты «Сарыарқа самалы»