ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.

педагогика ғылымдарының магистрі,аға оқытушы  Келмағанбетова Ш.С.

ГМУ 22-к тобы студенті Қыдырбай Е.М.

 

 

Адам атаулы Алланың жаратылысы ағаштан түсіп ақыл-есі кіргенше жануарлардан еш айырмашылығы болмаған деседі білетіндер. Яғни, адамды адам қылған ақыл-есі, рухани байлығы. Сол уақыттан бері әлемге тараған адамзат өркениеттерінің әрқайсысына тән өзіндік рухани мәдениеті қалыптасқан. Қазіргі қазақ халқының рухани мәдениетінің бастау бұлағы, түп тамыры көшпелі ата-бабалар өркениетінде жатыр. Тарих дәлелдеген бір шындық бар: рухани мәдениеттің ғұмыры материалдық мәдениеттен әлдеқайда ұзақ. Көшпелі бабаларымыздың тіршілікті тану, өмірге деген көзқарастарының өзгешелігі материалдық мәдениеттің күйреуге бейім екендігін түсінуінде. Күйреген Отырардың қалдықтары құм астында көміліп қалса, сол қаланың перзенті Әбу Насыр Әл-Фараби күллі дүние жүзінің «екінші ұстазы» атанып, есімін елдер жатқа біледі. «Ақтөбе» атты үлкен төбеге айналып, үнсіз жатқан Баласағұннан шыққан кешегі даңқты қаламгер Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты еңбегін бүгінде әлем таниды. «Туған жерім – мүбәрәк Түркістан» деп жырлаған Түркістан перзенті Қожа Ахмет Йасауиді барша түркі халықтары рухани пір тұтса, әлем халқы оның әдебиет әлеміндегі баға жетпес орнын бірауыздан мойындайды.

Адамзат табиғат заңдылықтарына анағұрлым бағынышты замандарда түбіміз болған түркі халқы өз тарихтарын ұрпағына жеткізу үшін жауын мен дауылға төзімді, шапқыншылықта шатынамайтын, жалынға салса жанбайтын балбал тасқа қашап кеткен. Бұнымен қоймай сол кездегі оқиғалар желісімен небір аңыз, ертегі, жыр-дастандар қалдырып ұрпағына баға жетпес құндылықтарды сыйлаған.

Заман көшімен ілесіп сонау ұлы империяның ұрпағы – қазақ халқы XIX-XX ғасырларға аяқ басады. Қалыптасқан күннен бастап бір байыздап өмір сүрудің орнына күн-түн демей атамекенін қорғаумен өткен қазақ халқына дәл осы жылдары ерекше қиын-қыстау кезең болды, өмір мен өлім күресі болды десек қателеспеспіз. Талай шапқыншылық пен отарлаудың кесірінен тыныш қана аңыз-ертегілерін айтып жүретін ата-әжелердің көз жасы таусылып, боз бала мен бойжеткендер білім қуғанның орнына қолдарына қару алуға мәжбүр болды. Осылай басынан қайғы бұлты сейілмей наданданып қалған халықты ағарту мәселесі туындады. Абайдан басталған ағартушылар мен зиялы қауым көші елінің көзін ашу үшін жанын қиюға әзір болған. Абайдың «біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос», «ғылым таппай мақтанба» деген секілді терең философиялық ой-пікірлерімен сусындаған Алаш ардақтылары қажырлы еңбектері мен күрескерлік рухтарының арқасында елдің ұлттық сана-сезімін оятты. «Маса» болып құлақтарына ызыңдады, «Оян, қазақ!» деп ұран салды.

Қазақ халқының рухани мәдениетін жаңғырту жолында орасан үлес қосып, Кеңес құрсауында болса да ұлттың ұлт болып тұруына негіз болған келесі буын – әдебиет алыптары. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» демекші заманына бейімделіп халыққа әдебиет арқылы әсер етуді көздеген болулары керек. Бірақ кабинетте отырып кітап жазумен ғана айналыспай, айтарын ашық айтып, оны іспен дәлелдеген азаматтар да жоқ емес. М.Әуезов «Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді», «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» демесе, М.Мақатаев «Үш бақытын» жырламаса 1986-жылы өр рухты жастар желтоқсан алаңына шағыр ма еді? Ұлттың оянуы деген осы болар.

Ал қазір сол желтоқсан жастарының ізін басып келе жатқан мына бізде сондай рух бар ма? Егер болса майталман ақын Мұхтар Шаханов:

«Өтер жаздар өтер күздер,

Қашан кетер екен бізден

Ұлтын сатқан жағымпазды хас батырға балау,

Ал шыншылға халық жауы ретінде қарау?

Міне, нағыз әләуләки әлау, халауләки хәлау,!» - деп, немесе:

«Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да» - деп бекер жырлап жүрмесе керек. Иә, біз қазір сауаттымыз, небір техникаларды игеріп жатырмыз, бірақ рухани жағымыз әлсіреп қалды. Әбу Насыр Әл-Фараби «Ақылсыз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген екен. Неше жерден ғалым болсақ та, саясаткер болсақ та, ақын-жазушы болсақ та, істеген ісіміз ұлтымызға, маңайымыздағы адамдарға пайдасын тигізбесе құны бес тиын.

Адамның қалыптасу қызметінде – құндылықтар, мұрат, барлық қоғамдық құбылыс сияқты мәдениет те прогресс жолымен дамиды. Мәдениет құндылықтарын игеру үшін екі негізгі жол бар. Оның мәдениеттің адамгершілік мәнін игергенде, адам адамға ізгілікпен қарап, бір-бірінің ал адамзат мәдениетінің ең басым құндылықтарын меңгергенде оны талғамсыз, Солай дегенмен рухани мәдениеттің дамуы,сайып келгенде мемлекеттік саясат пен еліміздің рухани өмірінде ақсап жатқан, әлі де шешілуін халық рухы тілде, дінде, өнерінде,тарихы мен салт-дәстүрінде. Кез-келген ұлттың даналардың пайымдауынша мәдениет денгейі үш сатыдан тұрады. Біріншісі-пендешілік мәдениет, енді мәдениеттер еөшіндегі ұлттық салт-дәстүрдің негізі неде дейтін ұмыт қалған өткенімізді білу-міндет, ұрпақ алдындағы парыз. Еліміздің тәуелсіздігінің XXI ғасыр мәдениет пен ақпарат тасқыны ғасыры болмақ.

Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мөдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, түрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазак мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.

Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылыкпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттык пен қолөнер катар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағүн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың калдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жок. Түркі дөуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғғ.) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлүқ, Оғыз, Қимак-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне төн материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр.Көне жазулар Күміс тостағандағы жазу (Есік) Көне түркі әліпбиі

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: «Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.

Руханилыққа жететін жол қандай, оның бастамасы оған адам руханилықты адам бойында пайда болатын туынды дейтін болсақ, онда руханилықтың жоғарғы түрі-махаббаттың өзі осы мейірімділік пен сүйіспеншіліктен руханилыққа апарар жолдың бірі философия тілінде деңгей депаталған руханилыққа жеткізер екінші саты философияда құндылық – жасампаздық немесе адамның рухани дамуының шыңы-оның саналы мәртебесіболып табылады. Бұл өз дәуірінің өзек жарды толқысынан қалыс қалып көрмеген елгезек бәрінен бұрын кейінгі онжылдықтағы ең ірі жетістігіміздің бірі болып ал бұл- біздің дәуіріміз қойып отырған ең басты талап.

Рух болмаса, рухани мәдениет төбеден салп ете қалмайды... Адам таршылықтан емес, баршылықтан тозады деуші еді ақсақалдар. Бұл сөзді қазіргі қоғам растап отырғандай. Жалпы рухани мәдениет жайында өткен-кеткенді көп қозғадым. Қаншалықты қиын қыстау кездер болмасын, халқымыз өзінің ұлттық мүддесін ұмытпай, рухын сақтағанын айтқым келді. Ал қазіргі майдаланып бара жатқан рухани мәдениеттің немесе бұттарын ашқан поп мәдениеттің несін жазуға болады?

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1. Орынбеков М.С. История философской и общественной мысли Казахстана (С древнейших времен по ХII в.)., А., ИРК, 132 б.

2. Қасымжанов А.Х., Мажиденова Д.М. Очарование знания. Фрунзе, Кыргызстан, 1990.

 3. Культурные контексты Казахстана. История современности. А., Ниса, 1998, 57 б.

4. Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдiстерi. Алматы, 2000

 5. Қасымжанов А. Рухани тамырлар. //Қазақ, А., Бiлiм, 1994, 97 б.  

6. .ҒабитовТ.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану; -Алматы;раритет 2006 .-415б-6б.

7.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. : №7 498 бет.