Байтимова Венера
Амангелдиевна
Қазақстан,
БҚО, Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылы «Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі» КММ, Бейнелеу өнері, сызу және
технология пәнінің мұғалімі
Иллюстрациялармен жұмыс жасауды
үйрету арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік
тәрбиесін беру - қазіргі мектептің негізгі
міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана
қоймай, адамға
қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы
оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге
апаруға тиіс.
Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты
- оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық
тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық
қабілеттерін дамыту. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі
категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үрдісі);
оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері;
көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру
формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән
мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен
бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге
бағытталған іс-әрекеті болып табылады. Сондай іс-әрекеттердің бірі
ретінде өз тәжірибемде графикамен жұмыс
жасау түрлері жиі
қолданысқа ие. Графиканың өзі сан-салалы. Солардың ішінде
иллюстрациялармен
жұмыс жасау кезінде оқушылардың ерекше
қызығушылығы
байқалады.
Иллюстрациямен жұмыс жасауда алға
қойылатын мақсаттар:
ü Иллюстрация туралы жете түсіндіру.
ü Иллюстрациялық суреттер орындаудың мән –
мағынасын орындауын
үйрету. Бояумен, қылқаламмен жұмыс
істеулерін жетілдіре түсу.
ü Иллюстрациялық суреттерден әсемдікті тани білуге тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару үшін, әуелі осы сабаққа қажетті
құралдарды түгендеу үшін «жасырынған
түстер» ойыны ойналады.
|
Білім
бұлағы не? (кітап) |
Оқушы
қате жазса кешіреді, Сосын өзі сүртіп –
сүртіп өшіреді. (өшіргіш) |
|
Жаза – жаза батыр. Бойы қысқарып жатыр.
(қарындаш) |
Түрлі –
түсті бөкендер, Суреттерге
сән берген. Олар егер болмаса, Суреттер
қара күйге енген. (түрлі – түсті
бояулар) |
ІІ.
Қызығушылықты
ояту
Оқушыларға бір – бір сурет таратып беріледі.
Олар суретті тақтада тұрған қалташаларға
дәл тауып, апарып салады, әр оқушы суреттің сыртына
қарындашпен аты – жөнін жазады
Қалташалардың сыртына натюрморт, пейзаж,
портрет, мүсін өнері, графика деп жазылған. Суреттерді
қалташаларға салып болған соң, сабақ
соңында бағалайтыны ескертіледі.
1. Бейнелеу өнерінің неше түрі бар?
(кескіндеме,графика, ,сәндік –қолданбалы
өнер,мүсін өнері,сәулет өнері,дизайн өнері)
2. Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?
(портрет, пейзаж, натюрморт, анималист,
композиция, маринисттік,)т.б.
3. Портрет дегеніміз не?
(адам кескінің бейнелеу).
4. Автопортрет дегеніміз не?
(суретші өз суретін салуы)
5. Пейзаж дегеніміз не?
(табиғатты
бейнелеу).
6. Анималист деген не?
(жануарлар мен аңдардың суретін
салушы).
7.Графика өнерінің
түрлері
(станокты,кітап графикасы,
қолданбалы графика,плакат, компютерлік графика)
8. Графикада неше түс
қолданылады?
(2)
9.Қолданбалы гафика
(құттықтау
ашық хаттары,орауыштағы затбелгілер (этикеткалар),почта маркалары,көшедегі
жарнамалар)
10.Кітап гафикасы
(кітапты
иллюстрациялау,безендіру мен құрылымын үйлестіруден
тұратын графиканың бір саласы)
ІІІ. Сабақтың қысқаша
барысы.
1.
Иллюстрация.
2.
Иллюстрация туралы түсінік.
3.
Кітап графикасы және салыну мәні туралы
оқушылар болжамы.
4.
Абайдың «Желсіз түнде, жарық ай»
өлеңіне салынған иллюстрация туралы талқылауы. Өлең желісі бойынша өз
иллюстрацияларын жасау.
5.
«Қазақ эпосындағы иллюстрациялық»
суреттер салу.
6.
Өзара
бағалауға
қатысу.
7.
Кері байланыс
Бейнелеу өнері сабақтарының да
балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде
ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер,
сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат
және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу
өнері шығармалары әсемдік үшін күреске
шақырады, адамдар мұратына, күнделікті өмірдегі
тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Осы
аталған
сабақтар
иллюстрациямен жұмыс жасау
түрлерінде де жүзеге асты деп толық
сеніммен айта аламын. Әсемдікті
түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін иллюстрация құралдарымен жеткізу, жеке
балаларда иллюстрациялық
суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың
өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында
қалыптаса бастады.
Пайдаланылған
әдебиеттер :
1. Бейнелеу өнері, 2000, Алматы