Жунусова Алуа, 2 курс
магистранты;
Мажитаева Ш.М., ф.ғ.д.,
профессор
Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Kарағанды
Орта мектепте ағылшын тiлi лексикасын
оқытуда мотивацияның рөлi
Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі
көптеген елдермен саяси әлеуметтік, экономикалық және
мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық.
Бұл қарым–қатынастың нәтижелі болуы, ел мен
елдің, халық пен халықтың өзара
ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің
мәні күн сайын арта түсуде. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстандағы тілдердің үш
тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы
Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007
жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды
ұсынды. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында
Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал
ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай
кірігу тілі. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін
халықтың саны кемінде 20% - ды құрауы тиіс делінген.
Әрбір қазақстандық қазақ тілімен
қатар ағылшын тілінде терең меңгеруі керек. Осы
мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін
мектептерде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқу бадарламасына
енгізіледі.
Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті,
ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының
кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир,
Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі
күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны
1,2 – 1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер
бетіндегі ең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі
әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл
болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі
кеңінен тарала басталды. Ағылшын тілі көптеген
халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.
Жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында және орта
мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге
үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс
істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа
жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен
қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін
оқыту мақсаттары қоғамның
мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі
кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді:
коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру
мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті
мақсат жетекші рөл атқарады, қалған
мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы
жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша топтар білім алады. Олар: “beginner”, “elementary”,
“pre – intermediate”, “intermediate”, “upper – intermediate”, “advanced”.
Ағылшын тілін мектеп
қабырғасында меңгеріп ЖОО қадам басқан
студенттері арасында тілді практика жүзінде қолдана алмауы
және сөздік қорының жұтандығы салдарынан
қиындықтар туындайды. Бұның бірден-бір себебі орта
білім беру мекемелерінде ағылшын тілін меңгеру мотивациясы
мәселесіне дұрыс көңіл бөлінбеуі. Мектепте
ағылшын тілін үйренгенімен, оқушылар бұл
«пәннің» маңыздылығын жете түсіне білмейді.
Әдіскерлердің
көпшілігі, соның ішінде мектеп оқулықтары авторлары,
мектепте шетел тілдік лексиканы оқытудың әдістемелік теориясы
мен тәжірибесінде негізгі орынды еріксіз түрде меңгеру
әдісіне берген. Алайда
педагогикалық жүйелерде өтетін үдерістерді тиімді
басқарудың негізгі тетіктері мотивацияда екені анық. Сол
себепті біз орта білім беру мектептері оқушыларының мотивациясын
зерттеуге назарымызды аудардық. Мотивация (ағылш. motіvation) –
қолданылу ыңғайына қарай қазақша
"ниет", "түрткі", "кірісу",
"жігерлену", "ынталану" сөздерінің
мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен
гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын
ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің
иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің
философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі
ретінде қарастырған. «Moveo» латын сөзі болып табылады,
"қозғалу, әрекет ету" мағынасын білдіреді,
демек «motіvation» сөзбе сөз мағынада "қозғалту,
әрекетке келтіру" мағынасын береді. Психологиялық тұрғыдан, мотивация –
адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе
қажеттілік. Мотив - адамды айқын әрекеттерге
шақырады.
Оқыту барысында мотивацияны дамытатын да оны жүзеге асыратын
да мұғалім. Ал ағылшын тілінің басты мақсаты –
шәкірттердің тілдік қарым – қатынас жасай алу
біліктілігін жетілдіру болғандықтан, біздің де
мақсатымыз сабақта оқушылардың оқу, ойлау
және сөйлеу мотивациясын дамыту
Көптеген зерттеушілер
пайыдауынша шетел тілін меңгеруде мотивацияны дұрыс
қалыптастырудың
маңызы зор(А.А. Алхазишвили, Н.И. Гез, П.Б. Гурвич, И.А. Зимняя,
А.А. Леонтьев, В.Л. Скалкина, Е.И. Пассов, Э.П. Шубина). оқыту барысында:
контекстілік, шетел тілін арнайы мақсатта оқыту, әрекеттілік
және саналы-коммуникативті тәсілдер қолданылған
жағдайда шетел тілін үйренуде мотивацияны қалыптастыру
тиімділігі артады [6].
Мотивация адамның еңбекке
деген қарым-қатынасының және
көзқарасының, яғни адамды жұмыс істеуге
мәжбүрлейтін себептер мен түрткілердің өзгеру
үдерісі. Мотивацияны тікелей жаттықтыруға болмайды, оны
үйрену де мүмкін емес, оны дамытып, машықтандырып,
ынталандыру керек. [1, 32-33].
Мотивті педагог пен үйренушілер
іс-әрекетінің пәніне деген қарым-қатынасы деп
анықтауға болады. Мотивтер – альтернативаларды бағалау
және талдау, шешімдерді таңдап, қабылдау жүзеге асырылатын динамикалық
жүйелерге негізделген өте күрделі
құрылымдар. Себептерді
түсіну қиындығы біріншіден олардың кешенді болуымен
және себептертің көп болуына байланысты. Мотивацияны
басқару – педагогикалық менеджменттің басты проблемаларының
бірі. Шетел тілін оқыту тиімділігін арттыратын келесі мотивация
түрлерін атап өтуге болады:
1) мақсатты коммуникативті мотивациясы
бар оқушы үшін ең маңыздысы
2)
инвентаризациялық мотивация үйренушінің тіл
меңгеруіндегі жетістіктерін сезініп, мақтан ету негізінде пайда
болады;
3) елтану
мотивациясы оқытылатын тілдің мемлекетіне, еліне, халқына
үйренушінің эмоционалыды тұлғалық ерекше
қызығушылығы болуынан туындайды;
4)
лингво-танымды мотивация тілдік форманың өзіне (мысалы,
этимологияға, лексикалық қордың ұлғаюына,
контекстпен жұмыс, тұрақты сөз тіркестерін
жинақтау және т.б.) қызығушылық туындаудан пайда
болады;
5)
компенсаторлы мотивация – жинақтаған білімдердің,
дағдылардың, толықтығы, жүйелілігіне
ұмтылу;
6)
инструменталды мотивация, жұмыстың кейбір түрлерін орындаудан
алатын қуаныш пен қанағат сезімі негізінде дамиды;
7) эстетикалық мотивация шетел тілін
меңгеруден үрдісінің өзінен, шетел тілдерінен
түрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысудан эстетикалық
ләззат алудан туындайды.
Лексиканы
меңгеру мотивациясы туралы айтатын болсақ, С. Т. Григорян
және П. Б. Гурвич (1985), кейіннен Е. Н. Соловова (2002) лексиканы
меңгеру мотивациясының негізгі түрлерін бөліп шығарған.
Жаттығуларды тілге үйрету құралы ретінде
қарастыра отырып, авторлар үйренушілердің
жаттығулар түрлеріне әр түрлі
қарым-қатынасын байқап, жаттығу түріне
үйренушінің оң көзқарасы болғанда
оның қолданысы нәтижелері жақсарады және
бұл жағдайда инструменталды мотивация туралы айтуға болады.
Алайда аталған авторлар коммуникативті мотивацияға сыни
көзбен қарайды, себебі оқушыларға диалог
құру үшін алдын ала дайындалған сөздер беріледі;
олардың пайымдауынша, «оған сүйенуге болмайды, себебі
ниеттің өзі, көбінесе жоғарыдан келеді» (Гурвич, 2005).
Таным
мотивациясы рөлі де айқын емес, себебі танымдық
қызығушылықтар, елтану қызығушылықтары
жалпыға ортақ емес. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде
ағылшын тілін үйренуде инвентаризациялық мотивация берік
негіз бола алатынын көрсеткен, бұл көқарасты Е. В
Соловова қолдайды. Бұндай мотивация оқу жұмысын орындаудың
қолжетімділігі, шамаға шақтығы әрі
табыстылығын сезінуіне, басқа сөзбен айтқанда, тілді
меңгерудің ерікті элементі болуына байланысты пайда болады.
Терминнің өзі үйренушінің тұрақты
түрде инвентарлауына, яғни оның өз коммуникативті
мүмкіндіктерін және табыстарын саралауына байланысты
таңдалған.
Заманауи
технологиялар үйренушіні әртүрлі жұмыс түрлеріне
баулуға мүмкіндік береді: ойын, зерттеу, жобалау, коммуникативті
және т.б. Бұл өз кезегінде үйрену және
танымдық қызығушылық пен үйренуге оң
мотивацияны қалыптастыруда орасан зор мүмкіндіктер тудырады.
Сонымен тіл
үйренушілер арасында ағылшын тілінде лексиканы меңгеруге
ұмтылыс тудыруда ұстаздың рөлі зор. Жоғарыда
аталған мотивация түрлерінің бірін таңдап, сол
бағыт бойынша жұмыс істеуге болады. Алайда әр сабақ
әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылуымен
ұйымдастырылатындықтан, оқушылардың
қажеттіліктері мен қызығушылықтары да өзгеріске
ұшырайтынын ұмытпалық.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
http://infourok.ru/bayandama_z_tyrly_tl-375384.htm
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0% B2%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F
3.
http://bilimsite.kz/agilshin/7295-okushylardyn-sabakta-is-areketinin-motivaciyasy-zhane-ony-zhuzege-asyru-ushin-zhagdaylar-zhasau.html
4. Селиванов B.C. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания:
Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб.заведений. под ред. В.А. Сластенина. М.,
Издательский центр «Академия», 2000, 336 с.
5. http://refdb.ru/look/2119398-p2.html
6. Трифонова Татьяна
Александровна. Теория и практика создания и использования установки как
инструмента управления процессом развития речевого умения: на материале английского
языка: диссертация ... кандидата педагогических наук: 13.00.02 Моск. пед. гос. ун-т].- Липецк, 2008. 161 с.