Ислам
тарихындағы көптеген иманға қатысты сенім
мәселесінде тұжырымдамалар, ойлар, сенімдер, тіпті дұрыс емес
сенімдердің де көптеп кезіккені анық, оның
әрбірінің сенімге қатысты мәзхабтарының
ұстанатын жолы мен өзгелерден айыратын ерекшеліктері бар. Сол
ерекшеліктердің бастысы иман мәселесінде түрлі пікірлер
айтуында. Яғни, иманға қатысты әр мәзхаб
әртүрлі түсіндірді және иманға қатысты
тұжырымдамаларын дәлел дәйегімен нақтылауда болды. Енді
сол түрлі мәзхабтардың иманға қатысты, иман ету
жолдарына қатысты жеке-жеке тоқталып, әһли сүннет
тұрғысынан қарағанда қандай айырмашылықтары
бар екендігін айтып өтеміз. Әһли сүннет сенімдері ол
Пайғамбарымыз с.ғ.с. және оның жолына ерген
саңылақ сахабалардың сенімі, сол дұрыс сенімдерді
жалғаған, бүгінге жеткізіп, адасып кетпес үшін
дұрыс сенімді кітап бетіне қалдырған Пайғамбар
с.ғ.с. мақтаған ғасырдағы ғалымдарға
тоқталсақ: Иман турасында ең алғаш дұрыс жауап
берген ғалым осы Имам Әбу Ханифа еді.Ол өзінің
«әл-Фиқһул Акбар», «әл-Уасыя», «әл-Алим
уәл-мутааллим», «ар-Рисала», «Фиқһул Абсат» сынды
бірқатар шығармаларында Каррамия, Жаһмия сияқты
сенімдік ағымдардың иман туралы айтқандарын теріске
шығарып, әһлі сүннеттің рухына сай жауап берген.
«Имам Әбу
Ханифа өзінің «әл-Уасия» атты еңбегінде: «Иман – тілмен
айту, жүрекпен растау»,- деген. Иман толық саналу үшін
бұл айтылғандардың бірін елеусіз тастауға болмайды.
Мәселен құр тілмен ғана калима айтып, жүрегімен
иланбаған адамның және Мұхаммедтің
(саллаллаһу алейһи уа сәлләм) расында пайғамбар
екендігін біле тұра мойындамаған кітап иелерін мүмін деп
қабылдау керек еді. Алайда, Құранда ақиқатты
мойындамағандар мен кітап иелері кәпір ретінде
қабылданған.
Сондай-ақ
Әбу Ханифа он екі өсиетінің біріншісінде былай деген: «Иман
дегеніміз – тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Жалғыз тілмен ғана
айту, иманның кәміл болуы үшін жеткіліксіз. Егер тілмен
айтудың бір өзі кәміл иман болса, екіжүзділердің
барлығы мүмін саналар еді. Сол сияқты Алланы ғана танып
қою да иманның толыққанды кемеліне келуі үшін
жеткіліксіз, өйткені, танып қана қою толыққанды
иман болса, онда Кітап иелерінің бәрі де мүмін саналар еді».
Екіжүзділер жайында Құранда: «Алла тағала
екіжүзділердің мүлдем өтірікші екендігіне куәлік
етеді», -делінген болса, Кітап иелері жайында: «Өздеріне кітап
біргендеріміз Мұхаммедті өз ұлдарын танығандай таниды»,
-делінген.
Міне осы
сөздерден кейін тек тілмен айту не тек қана таным
толыққанды иман болма алмайтындығын түсінеміз. Себебі
Құран Кәрімде екіжүзділер мен Кітап иелерінің
анық кәпір екендігін кесіп айтқан. Осыған қатысты
Имам Әбу Ханифа «Иманды тек тілмен айту жеткілікті» дегендердің
сөзін теріске шығарды.
Бүгінгі
күнге дейін қалпын бұзбаған ғұламаларымыз
тасдиқты иманның негізі деп бекіткен. Ал тілмен айтуды –
«иқрарды» осы дүниедегі жауапкерге міндеттелетін діни іс-амалдарды
жүктеу үшін иманның шарты қылған. «Кімде-кім тек
қана жүрегімен тасдиқ қылып, тілімен сенімін білдірмесе
де, ол Алланың алдында мүмін болып есепке алынады. Ал дүние
үкімдерінде иқрардың болмауы себепті мүмін
қатарына жатпайды. Ал мұнафық (екі жүзді)
жүрегінде сенімі жоқ бола, тілімен иқрар етеді. Ол
дүние үкімінде тілмен айтқандықтан мүмін саналса,
жүрегінде тасдиқы болмағаны үшін ақырет
күні Алланың алдында кәпір болып табылады», - делінген
Сығанақи қолжазбасында.
«Имам Ағзам
Әбу Ханифа «Фиқһул Әкбарда»: «Иман тілмен иқрар,
жүрекпен тасдиқ»,- деп түйіндеген. Бұл екеуінің
бірі кем болса, иман еткен болып саналмайды. Себебі жүректегі сырды адамдар
біле алмағандықтан, оны тілмен айтып жеткізу тиіс. Сонда ғана
ол адамның айтқан сөзіне тоқтам жасалады, - делінген
Фиқһул Әкбарда.
Діни үкімдерді
жауапкерге міндеттеу үшін тілмен қуаттау маңызды. Имам
Әбу Ханифаның айтуы бойынша иман – жүрекпен тасдиқ ету,
басқа еш нәрсе емес, ал тілмен иқрар ету – иманның
рүкіні емес тек иманның барекендігін дәлелдейтін белгі.
Бұл көзқарас имам Ашғаридің және Әбу
Хасан Фадыл әл-Бәжли мен бір топ каләм ғалымдарының
сөзі. Әбу Мансұр Матуруди осы пікірді дұрыс деп білген.
«Имам Матуруди
ешқандай қиыншылыққа ұшырамастан сенімін тілмен
айтпаса, яғни иманын жасырған кісі мүмін бола алмайды.
Өйткені ешқандай кедергісіз сенімін тілмен айтпау жүректегі
иманын бекітпеген болып есептеледі. Иманның мекені жүрек
болғандықтан, жүрекке орныққан иманға
үкім етуге, яки оны күштеп шығаруға ешкімнің
құдіреті жетпейді», - деген Матруди кітабында.
Ислам
тарихындағы көптеген сенімдік мәзһабтардың
әрбірінің өзіндік жолы мен өзгелерден айыратын
ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктің бастысы иман мәселесінде
түрлі көзқарас білдіруінде. Яки, иман етуді әр
мәзһаб әртүрлі түсінеді. Енді иман
мәселесіндегі әр топтың пікіріне қысқаша
тоқталып өтсек.
Иманды – тек
жүрекпен бекіту (тасдиқы) деп түсіндірген
ғалымдардың пікірлері олар Имам Әшғари және Имам
Матуриди ғалымдарының түсіндіруі бойынша,
иманның шарттарынан болған жүрекпен тасдиқ ету (бекіту)
арқылы болады. Бұл ғалымдар иман –
жүректің қуаттауы деген пікірді дәлелдеу үшін
көптеген аят пен хадисті негіз ретінде келтірген. Құран
аяттарынан дәлелдер келтірер болсақ:
«Міне солардың жүректеріне
Аллаһ иман жазған
әрі оларды өз жағынан бір нұрмен қолдаған» (Мужадәлә-22).
«Әй, пайғамбар!Ауыздарымен «Сендік» деп,
жүректері сенбегендер мен Яхудилерден күпірде жарысқандар
сені кейітпесін» (Майда-41).
«Бәдәуилер
«Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға айт: «Сендер иман
келтірмедіңдер. Алайда «Мұсылман болдық» деңдер.
Өйткені иман жүректеріңе кірмеді» (Хужурат-14)
деген.
Бұл екі аятта
жүректерінде иманы жоқ кісілердің мумин бола
алмайтындығы айтылады дейді. Сонымен қатар, бұл
мәселеде мына аяттар да айқын дәлел болатындығын
білдіреді:
«Кімде кім
әуелі Аллаһқа сеніп, кейін оның көңілін
күпірлік билеп кетсе (өз еркімен солай етсе) ол
Құдайдың қаһарына ұшырайды, ауыр азап
шегеді. Ал егер біреудің мәжбүр етуімен, еріксіз істегендер
болса, жүректегі сенімі бекем болса, (ол күнәға
саналмайды)» (Нахыл-106).
Пайғамбарымыздың
хадистерінде келтірген дәлелдері: Усама ибн Зәйд
оқиғасына байланысты айтылған хадис. Усама ибн Зәйд ибн
Харис бір жорық кезінде мүшріктермен қақтығысады.
Сонда Усама ибн Зәйд шайқас үстінде бір адамның басын
алмақ болғанда әлгі адам: «Лә иләһә
иллаллаһ (Аллаһтан басқа құдай жоқ)», –
дейді. Усама оның бұл айтқан сөзіне мән берместен
басын шауып тастайды. Себебі, оны әлгі тұтқын өлімнен
қорыққандықтан айтты деп пайымдайды. Усама
жорықтан оралған соң болған оқиға
жайлы Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтқанда, Аллаһ
Елшісі ашулы кейіппен: «Өлтірген адамның рас айтып,
айтпағанын қайдан білесің? Әлде оның
жүрегін жарып көрдің бе?- дейді». (Муслим, Иман-41;
Әбу Дәуіт, Жиһад-95; Ибн Мажа, Фитән-1).
Пайғамбарымыз
(с.а.у.) көптеген хадистерінде жүрегінде бидайдай яки титтей иманы
болған кісілердің соңында жәннәтқа
кіретіндігін айтып кеткен. Сондықтан иман жүректің ісі,
жүрекпен қуатталса жеткілікті деп есептейді Имам Матуриди мен Имам
Әшғари ғұламалары.
Иман –
жүрекпен білу (мағрифат) жеткілікті дегендердің
көзқарастары Жахмия мәзхабы бойынша, иман
жүректің мағрифатынан тұрады. Яғни,
жүрекпен тасдиқ етпестен (қуаттамай-ақ) Аллаһты
және Пайғамбарымыздың айтқан хабарларын жүрекпен
білсе, сезсе жеткілікті деп есептейді. Бұл дегеніміз, сіз иман негіздерін
жай жүрегіңізбен сезініп, біліп жүрсеңіз болғаны
деген ұғымды білдіреді.
Имам Матуриди
бұл пікірге мүлдем қарсы: «Иман жүректің біліп
қана қоюынан тұрмайды. Себебі, мағрифат
сөзінің антонимі - надандық (жахилдік). Ал иман
сөзінің антонимі - күпірлік. Егер иман мағрифаттан
тұратын болса, надандық, сауатсыздық күпірлік болуы
керек еді. Нәтижеде әрбір сауатсыз кісінің кәпір,
әрбір ғалым кісі мумин болуы тиіс. Бірақ, бұл
мүмкін емес».
Захири Ибн Хазым
бұл мәселе жайында өте орынды жауап береді: «Иман
жүректің мағрифаты (танып білуі) болғанда
яхуди мен христиандардың Хазіреті Пайғамбарды,
шайтанның Аллаһты білгендіктері үшін мумин болулары керек
еді. Бірақ бұл Құран аяттарына қайшы келуде», -
дейді. Шынында да яхуди және христиан дінінің өкілдері
арасындағы ғалымдары Хазіреті Пайғамбарымызды
дүниеге келмес бұрын білді. Оның қандай ерекшеліктері
мен қасиеттері болатындығын бес саусағындай білгені сол,
тіпті өз балаларынан артық танитын еді. Мысалы, Пайғамбарымыздың
12 жасында көкесі Әбу Тәліппен Сирияға сауда
мақсатымен сапарға барғанда Бахира есімді монахтың
Пайғамбарымыздың болашақ соңғы пайғамбар
екендігін Әбу Тәліпке айтып, оны яхудилерден таса ұстау
қажеттігін ескерткені тарихтан анық.
Иман тілмен айтудан(
иқрар) тұрады деушілердің сенімін қуаттаушылар.
Иман негіздеріне
сенуде тілмен айту жеткілікті деп алғашқы болып Муржия мен Каррамия
мәзхабтары, яки иманды жүрекпен бекіту қажет емес
дейді. Олар бұл тұжырымдарында Пайғамбарымыздың
алғашқы мұсылмандар үшін айтқан мына хадисіне
сүйенеді: «Адамдар Аллаһтан басқа тәңірі
жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп айтқанға дейін
олармен соғысуға әмір етілдім. Қашан бұл
сөзді айтатын болса жаны мен малын менен құтқарған
болады. Бірақ діни жазалар бұның сыртында. Ішкі
дүниесінің есебі Аллаһқа қалады» (Бухари,
Жихад-102; Иман-17; Муслим, Иман-8).
Егер бір кісі
сенімін жүрекпен қуаттамай, тек тілімен иман еткенін айтқан
болса, ол мунафиқ болады. Өйткені Құранда мұндай
иман еткен пенделердің мунафиқ екендігін білдіреді. Егер иман
тілмен айту арқылы жүзеге асады десек, онда
мунафиқтардың бәрін мүмин деп қабыл етуіміз
керек. Әрине, мунафиқ пен мүмин екеуі екі түрлі
қарама-қайшы ұғымдар . Бұл мәселе
жайында Құранда былай делінген:
«Адамдардың кейбіреулері,
екіжүзді (мұнафиқтар):
«Аллаһқа, ақырет
күніне сендік», - дейді. Бірақ олар сенбейді» (Бақара – 8).
Иманды -
жүрекпен қуаттап, тілмен айту және амал ету шарт деген
тұжырымды қуаттаушылар .
Алғашқы
болып Харижиттер, Муғтазила, Ибн Тәймия, Зәйдия секілді бір
қатар ғалымдар мен хадисшілердің пікірі бойынша иман ету
дегеніміз иман келтір қажет болған болған
мәселелерді жүрекпен қуаттап, сенімін тілмен айту және
амал етуі міндет деді. Бұлардың пікірі бойынша, осы үш
негіздің біреуі орындалмаса, немесе кем болса, пенде иман еткен болып
саналмайды. Мәселен, амалды жасамаған яки тәрк еткен кісі
мумин деген атқа ие бола алмайды.
Харижиттер бойынша,
бір адам иман етсе, бірақ амал етпесе, ол мумин емес, керісінше
кәпір болады. Себебі, иман етудегі үш негіздің бірі болып
саналған амал етуді тәрк еткендігі үшін иманы жарамсыз болып
табылады деп сенімдерін бекітеді.
Ал Муғтализа
мен Зәйдия мәзхабтарының діни түсінігі бойынша, бір
кісі иман негіздеріне жүрегімен сеніп, тілімен сенімін айтып, амал
етпесе, ондай кісі иман мен күпір арасындағы фасық
(күнәһар) деген дәрежеде болады. Ондай кісіні
кәпір де емес, мумин де емес фасық деп атайды.
Муғтазиланың бес қағидасының
біреуі болған «әл-мәнзиләту бәйнәл
мәнзиләтәйн» (екі мекен ортасындағы бір мекен)
қағидасы бойынша амал етпеген кісінің жағдайы осылай
болады. Егер де фасық деп аталған кісі істеген күнәсі
үшін тәубе етпестен өлетін болса, о дүниеде
мәңгілік тозақта қалады. Тәубе етсе, мумин болып
дүниеден өтеді деген пәтуә береді Муғтазилиттер
мен Зәйдиялықтар.
Әрі мазхаб
иесі болған Имам Малик, Имам Шафиғи, Имам Ахмед ибн Ханбал секілді
ғалымдар мен хадисшілер амалды иманның бір бөлігі деп
есептегенімен иман негіздеріне жүрегімен сеніп, тілімен сенімін
айтқан, құбылаға бет бұрған кісіні
кәпір деп есептемеген. Амалды тәрк еткендігі үшін
күнәһар болады, бірақ иман шеңберінен
шықпайды. Істеген күнәсі үшін Аллаһ қаласа
кешіреді, әрі қаласа жазалайды. Жазасын өтеген соң,
түбінде жәннәтқа баратындығын пайғамбарымыз
хадистерінен білеміз.
Сондықтанда
Ханафи мәзхабы бойынша амал ету иманның бір бөлігі болып
саналмайды. Сол себептен олар Харижит, Муғтазила, Зәйдия
мәзхабтарының пікіріне қосылмайды. Сонымен қатар аты
аталған ғалымдардың «амал иманның бір бөлігі»
деген көзқарастарына да қосылмайды. Егер де амалдар
иманның бір бөлігі болған жағдайда ешбір адамды иманы
толық деп айту мүмкін емес. Сонда исламның
алғашқы намаз парыз етілмей тұрған кезінде, Алланы
мойындап, оның елшісіне серт бергеннен кейін қайтыс болған
мұсылмандардың жағдайы не болмақшы?
Ал
мәзһабымыздың пікірі бойынша кімде-кім иманды жүрегімен
бекітіп, тілмен қуаттағаннан кейін ешбір
құлшылықты өтеуге мүмкіндігі болмай, не
күнәлі істерден бойын аулақ ұстаған күйі
дәм-тұзы таусылса мұсылман болып есептеледі. Сондықтан
ізгі амалдарды иманның бір бөлігіне жатқыза алмаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.
Алау
Әділбаев, Шәмшәт Әділбаева, Әбу Ханифа және
Ханафи мазһабы, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2012. 26-б
2.
Әбсаттар қажы Дербесәлі,
Ұлық Имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа, «Көкжиек»
баспасы, Алматы, 2007. 48-б
3.
Әбу Захра, Әбу Ханифа 47-б
4.
С. Сейітбеков, Иман негіздері, «Көкжиек» баспасы,
Алматы, 2010.77-б
5.
Әл-Уасыя 55-б
6.
Сығанақи қолжазба 255-б
7.
Фиқһул Әкбар 5-б
8.
Матруди кітабы
97-б
9.
Насафи ақидасы 65-б
10.
Құранның тәпсірі, авторы:
мұғтазила мәзһабының өкілі Махмуд
аз-Замахшари (1075-1144 ж)