Политология/
10.Региональные политические процессы
Ф.ғ.к. Омаров
С.Ә.
Заң магистрі Омарова Г.Е.
Саясаттану магистрі Омирзакова Д.Д.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Казахстан
ЖАҢА
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ДАМЫҒАН 30 ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУІНІҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ
Жаңа
2016 жылдың қарсаныңда біздің елімізде, 2015 жылы
желтоқсанның 28
жұлдызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
жарлығымен бекітілген, Қазақстанның біртектілігі мен
бірлігін дамыту жөніндегі Концепция қабылданды. Концепцияда
Қазақстанның біртектілігі мен бірлігін күшейту
және дамыту үшін жаңа қазақстандық
патриотизм сезімін қалыптастыру қажет деп ерекше көрсетілген
[1]. Онсыз жаңа демократиялық Қазақстанды
құру мүмкін емес.
Өз
елінің нағыз азаматы болу үшін, біріншіден, әр адам
оның патриоты болу керек
және өз Отанының дамуы мен өркендеуі үшін
барлық күштерін жұмсау қажет. Әсіресе бұл
біздін жастарымызға қатысты, өйткені жастар – елдің
болашағы.
Патриотизм
– бұл өте күрделі термин, ол сүйіспеншілік және
Отан деген мағына білдіреді. Бірақта, бүкіл адамдарда сүйіспеншілік және Отан туралы
әр түрлі түсінік болу
мүмкін, өйткені түрлі әлеуметтік жіктердің
арасында патриотизм жайында әр түрлі түсінік таралған. Кейбір жастар арасында патриотизм
сезімі өте төмен. Осындай жастар тек өзіне ұнайтын
елдерде ғана тұру тиіс деп санайды. Олар жоғары оқу
орындарды таңдағанда, көбінесе тек шетелдегі университеттерді
ғана таңдайды. Отан, патриотизм деген ұғымдар олар
үшін тек бос сөз ғана болып табылады. Негізінде, студент
жастарды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – бұл
белсенді студенттер, олар
жастарға арналған бүкіл мемлекеттік
бағдарламаларға, студенттік үйірмелерге, конференцияларға
үнемі қатысады. Екінші топ – ең көп жастар, олар
негізінде байсалды адамдар, патриотизм жайлы көп сойлемейді. Үшінші
топ – енжар жастар, олар Отан деген ұғымға
немқұрайлы қарайды. Олар шетелдегі университеттерге
түскісі келеді және шетелге кетуді армандайды.
Дегенмен,
өткізілген әлеуметтанулық зерттеулер бойынша,
қазақстандағы жастарда, көбінесе патриоттық
сезімі бар [2, 40 б.]. Сонымен бірге, Қазақстанда патриоттық сезімге байланысты
мәселелер бар деп мойындау қажет. Оның себебі, кейде кейбір
адамдар біздің жастарға патриотизмді зорлап міндеттегісі келеді. Ал
шын мәнінде, патриотизмге әншейін шақыруға болмайды,
бұл сезімді үнемі тәрбиелеу қажет. Әр адам
өз еліне, халқының үлкен істеріне
ортақтастық болу керек, сонда ғана бұл адамды өз
елінің азаматы деп айтуға болады.
Біздің студент жастарымыз
нағыз патриот болу үшін, біріншіден, оларға сапалы,
жанжақты білім қажет.
Ұлттың дамуы көбінесе білім мен ғылымға
байланысты. Білімі жоқ әлде білімі нашар қоғамда
патриотизмді дамыту және тәрбиелеу өте қиын. Бұл
сезім бастапқы, орта мектепте, ал сонан кейін жоғары оқу
орындарда өзінің жалғасын табады.
Қазақстан
тарихын зерделеу қазақстандық патриотизм қалыптасуында
маңызды рөл атқарады. Бұл жерде біз үшін,
мәселен, Х1Х ғасырдың екінші жартысында өмір
сүрген қазақ ағартушыларының өмірлік іс әрекеті үлгі бола
алады. Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Кұнанбаев надандыққа,
қазақ халқын
қанауға қарсы шығып, ғылыми білімдер,
мәдениет, әділеттілік, ақыл-парасат, демократия идеялары
үшін әрдайым күрескен.
Концепцияда
Қазақстанның біртектілігі мен бірлігін күшейту
мәселесінің басты векторы, елбасы Н.Ә.Назарбаев
ұсынған –
жалпыұлттық патриоттық идея «Мәңгілік ел» болып
табылады.
«Мәңгілік
ел» деген жалпыұлттық патриоттық идеяны шоғырландыратын
принциптер - азаматтық
теңдік, еңбекқорлық,
адалдық, ғылым мен білім және зайырлы мемлекет.
Қазақстанның бірлігі мен келсімнің басты принциптері –
«Әралуандықтың бірлігі»
және «Бір ел – бір тағдыр» болып қалыптасқан.Осы
мәселені шешу үшін Қазақстанда ойланған
мемлекеттік тіл саясаты жүргізіледі.
Қазақстанда тұратын
ұлт өкілдеріне өз тілінде сойлеуге, өз мәдениетін
дамытуға жагдай жасау керек. Елбасы өзінің, 2007 жылы
жарық көрген «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
атты Жолдауында қоғамды шоғырландыру және оның
бәсекеге жарамдылығын күшейту үшін үштілдік білім
саласын нығайту керек деп айтқан.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа
қазақстандық патриотизмнің принциптері
анықталған, өйткені ол Қазақстанның
дамыған 30 елдердің қатарына кіруінің маңызды шарты болып табылады.
Жаңа қазақстандық патриотизмнің негізі –
бүкіл азаматтардың тең
құқықтығы және олардың
Қазақстанның үлкен табысқа ие болуына
жауапкершілігі. Елбасының өзінің 2014 жылы жарық
көрген Қазақстан халқына арналған
«Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Жолдауында жалпыұлттық
патриоттық «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды.
Жалпыұлттық патриоттық идея «Мәңгілік ел» -
бұл Қазақстанның біртектілігі мен бірлігін,
қоғамдық келісім қалыптастыратын
құндылықтар жүйесі. Егеменді мемелекеттің даму
барысында бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін
және біздің еліміздің болашағының негізі болып
табылатын басты
құндылықтар жасалған.
Осындай құндылықтар
қазақстандықтардың, қиыншылықтардан
өткен тәжірибесі. Біріншіден - бұл
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; Екіншіден
- ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің
қоғамдағы келісім; Үшіншіден – зайырлы мемлекет
және жоғары деңгейдегі руханият; Төртіншіден –
индустриализацияға және инновацияларға негізделген
экономикалық өсу; Бесіншіден – еңбекқор халық;
Алтыншыдан – ортақ тарих, мәдениет және тіл; Жетіншіден –
ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің
дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешу
процесіне қатысуы. Осындай құндылықтардың
арқасында біз әрқашанда алға
қарай жылжып отырдық, елмізді нығайттық және
жетістіктерді көбейттік. Осындай мемлекеттік, жалпыұлттық
құндылықтар - жаңа
қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі болып
табылады.
Отбасы күні, өз сөзінде елбасы
Н.Ә.Назарбаев – 17 миллион адам құратын
қазақстандықтар – ұдайы еңбектің
арқасында ХХ ғасырда жоғары мақсаттарға келе
жатқан Қазақстан – бұл бір отбасының балалары деп
айтқан. Жалпыға мәлім, Қазақстанда 130 ұлт
өкілдері тұрады, әсіресе Жамбыл облысында. Біздің
облысымыз Қазақстанның ең көпұлтты
облыстарының бірі болып табылады. Жамбыл облысында 87 ұлт
өкілдері тұрады және 25 этнобірлестіктер өз
қызметін атқарады. Достықта және
ынтымақтастықта олар аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып, Отанның игілігі үшін еңбек етіп,
ұлтаралық келісімнің үлгісін көрсетіп отыр.
Қазіргі Қазақстан,
соның ішінде Жамбыл облысы көп
ұлттардың Отанына айналды. Ежелден бері тағдырдың айдауымен әр түрлі - тарихи,
саяси, әлеуметтік жағдайларға байланысты көне Тараз
жері келген көп ұлт өкілдерін қабылдады.
Өмірдің қиыншылықтарында, күнделікті өмірде
және мейрам күндерінде бір тамаша адамдар
қауымдастығы пайда болды. Этникалық бағыттағы
қоғамдық бірлестіктер өз жұмысын
Қазақстандағы этностардың азаматтығы мен
мәдени-рухани ортақтығына
сүйеніп атқарады. Қазақстан Республикасы – КСРО-дан
кейінгі, КСРО қирағаннан кейін ұлтаралық
қақтығыстардан құтылған,
мемлекеттердің бірі. Қазіргі таңда, барша
ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени
дамуына мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етілген
көпұлттық, мәдени, поликонфессионалдық мемлекет
құру ісінде Қазақстанның жетістіктері айқын
көрнеді. Практикада ұлттық келісімнің принциптері,
Қазақстан халқының бірлігі, ұлт
құқықтары мен адам
құқықтарының гармониялық үйлесуі
жүзеге асырылған. Қазақстанның
біріккен, ынтымақты, ұйымшыл, өз Отанын сүйетін
халқы, өз еңбегімен оның байлықтарын
көбейтіп жатқан халық. Бұл
қазақстандық патриотизмнің іс жүзінде нағыз
көрінісі болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстандық
бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2015 жыл.
2. 2.Токтаров Б. Патриотизм, что это
значит? // Мысль, 2011, №12.