Шалтыков
А. И. –доктор
политических наук, профессор
Ноғайбекова
М.Е. –
магистрант Института Сарбонна – Казахстан при КазНПУ им. Абая
Алматы, Республика
Казахстан
ЖАҢА
ҒАСЫРДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – ҮЙЛЕСІМДІ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ШАРТЫ.
Қазіргі жаһандану үрдісінде
елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ
тәрбиелеу басты назарда болып
отыр. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік
, ауқымдану , глобализация (ағылш. Global —
әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының
үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген
(1983 жылы) америкалық экономист Теодор
Левитт. Жаһанданудың жаңа
сатысының түрлі
аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт
Ростоу, Дэниел
Белл, Алвин
Тофлер,Питер
Дракер, Джон
Нейсбитт, Лестер
Туроу зерделеді.
Олар ғылымға “интеллектуалдық
индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық
революция”, “ақпараттық
жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік
соғыстан кейінгі
әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфра
құрылым құру идеясы алғаш
рет 20
ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың
зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі
кеңесте
(ХҚК), “Рэнд”
корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық
зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық
стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды.
Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік
өркениеттің аса
маңызды өлшемдерінің жалпы адамзаттық
өлшемге ие болуы
деп түсіндіріледі.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су,
азық-түлік), демография,
көші-қон толқындары, есірткі тасымалы,
халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен
шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың
жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер
Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің
біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін
өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық
өзара тәуелділік және бүкіл әлемдік даму үрдісі Жаһандануға
алып келмей қоймайды. Бұл үрдістрансұлттық
экономика мен
жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға
негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын
күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп
қырлы және көптеген құрамдас
бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны
ұлттық
және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының
нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер,
адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен
қарым-қатынасының
күрделенуі де
Жаһандануға
елеулі ықпал жасап
отыр.
Ал толеранттылық ұғымына келетін
болсақ , латын
созінен шыққан «шыдам», «төзім» дегенді білдіреді. Яғни, толеранттылық –
айырмашылықты мойындау, сыйлау;
өзінен өзге сенімдегі , көзқарастағы , мінез -
құлықтағы
басқаның
құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндгін іздестіруге апаратын адамның күнделікті
тұрмыста
басшылыққа алып отыратын
өнегелік
жүріс-тұрыс ережесі.
Егеменді елімізде болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық, саяси өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне игі
әсерін тигізіп,соның нәтижесінде
Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстауға
қабілетті, жан-жақты, парасатты,
ақылды, білімді, саналы
ұрпақ тәрбиелеу көзделіп отыр. Ұрпақ тәрбиесі-Қазақстанда
жүріп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық
дамудың алғы шарттарының бірі.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы
армандаған
тәуелсіздікке қол
жеткізгенімізге де жиырма
жылдан асып отыр. Қазақстан тәуелсіздігін алған бұрынғы кеңестік елдер арасында ғана
қарыштап қана койған жоқ, сондай-ақ
әлемдегі
қарқынды дамып келе
жатқан мемлекеттер
санатына қосылып та үлгерді. Халқымыздың «Бірлік бар
жерде тірлік бар» деген мақалын елбасымыз жиі
айтады, өйткені біздің ортақ
Отанымыз-Қазақстанның қазіргі
қарыштап дамып отырғаны елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымақтығы мен бірлігінің арқасы.Сонымен
қатар, еліміздегі
ішкі саяси
тұрақтылықтың, халықаралық және
конфессияаралық
қатынастардың тиімді
тұтқаларын жасаудың
да тигізген ықпалы зор болғанын атап көрсеткеніміз жөн.Осындай ірі
әрі күрделі міндеттерді
шешіп, жолға
қоюда көп этносты, бірнеше дінді
Қазақстан
Халықтарының бірлігі мен
ынтымақтығын
сақтап, оны одан әрі дамыта түсуге өлшеусіз
күш-жігер жұмсаған ел
басымыз Н.Ә .
Назарбаевтың рөлі зор.
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір
ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы
ұғым екендігі. Ал ол ұғымның іргетасы -мемлекет.
Қазақ халқы ежелден бейбіт өмір сүруді
қалайтын ел екені тарихтан мәлім. Ата Заңымыздың І
бабында: «Қазақстан Республикасы – әлеуметтік —
демократиялық, зайырлы мемлекет. Оның негізгі
құндылығы — адамның өмірі мен бостандығы»
деп атап көрсетілген.
2009 жылы Қазақстан Республикасы
Президентінің ұсынысымен қабылданған «Интеллектуалды
ұлт — 2030»
ұлттық
бағдарламасының
мақсаты — Қазақстанның жаңа буын
ұрпағын тәрбиелеуге,
бәсекелестікке қабілетті
адам капиталын қалыптастыруға негізделген. Бәсекелестікке
қабілетті адамның ақыл — парасаты биік, өзін қоршаған ортаға салмақты оймен қарай білетін ақыл иесі екені
мәлім. Елдің тыныштығы, бірлігінің нығаюы сол халықтың
бейнесін танытады. Сол бейнені қалыптастырудың бастауы — елдік сана
мен мемлекеттік сапаны қалыптастыру, барды баянды ету.Толеранттылқ
туралы Декларация 1995 жылы ЮНЕСКО-ның конференциясында
бекітілді. Содан бері
16 қараша
дүнижүзілік
толеранттылық күні болып
аталып келді. Декларацияда төзімділік (толеранттылық)
«біздің әлеміміздің
аса бай көптүрлі мәдениетіне, өз-өзін
таныту формаларына және
адамның жеке даралығын көрсету
әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс
түсіну» мағынасында көрсетілді. Декларацияға
сәйкес, «адамдар табиғатынан
сыртқы келбеттерімен, беделімен,
сөйлеу мәдениетімен, тәртібімен, құндылықтарымен ерекшеленеді және бейбітшілікте өмір сүру,
өзінің даралығын сақтап қалу
құқығына
ие».
Жалпы
толеранттылық
өркениетті
қоғамға
тән құбылыс.
Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде
орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың
сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани
байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы
тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың
белгілі бір дәрежеге
көтерілді. Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз
мемлекеттің негізін
құрайтын қазақ халқының саяси
мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің
белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен
құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген
20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық
болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық
қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік
құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ
қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс
мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт
өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін
жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке
дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда.
Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда
ұлтаралық
татулықты сақтап,
алауыздыққа жол бермеген
жалғыз ел. Бүгінде
кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға
тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын
көтеріп отырғаны белгілі.
Осыдан-ақ еліміздегі
өзге ұлт
өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай
беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге
ұлт өкілдері
жастарының
қазақ т ілін
оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете
кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі
радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп
айтуымызға қақымыз бар.
Қазіргі таңда өзге
ұлт өкілдері Қазақстан халқы
Ассамблеясының
маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен
мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы құрылған
Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше.
Бүгінде бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін
ұлттық-мәдени орталықтардың басын қосатын
және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын
мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда. Толеранттылыққа
қарама — қарсы қайшылықтардың
(интолеранттық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де
болғаны рас. Интолеранттық тұлға — шыдамсыз , үрейлі адам, кінәні өзінен емес,
басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі
қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді.
Соның салдарынан түрлі соғыс, діни
қудалаушылықтар мен идеологиялық
қақтығыстар, ажырасулар,тастанды балалар, жасөспірімдер
арасында суицидтар туындайтыны
дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Сондықтан да
адамдар арасындағы өзара
түсіністікті іздеу, қайырымдылыққа және
жақыныңа көмектесуге
шақыру өте маңызды.
Қазақстандық қоғамдағы
қалыптасқан
толеранттылықтың
негізінде бірнеше фактор жатыр:
Бірінші фактор – адамдардың
елдің
болашағына сеніммен қарау. Қазақстанның 2030
жылға дейін даму
Стратегясы нақ өмірлік болашаққа
деген сенімділікті,
түсінушілікті арттырған
құжатқа
айналып, қоғамымыздың
қарқынды
түрде дамуын алға
жетелеудің болжамды жоспарын
усынды.
Екінші фактор- еліміздің
өткен тарихы.
Халқымыз бір де кең
байтақ елінің ен
даласына көз тіккен
сырт дұшпанға ұлтарақтай да
жерін қимай, жауымен
қасық қаны қалғанша шайқасатын қажымас
қайратты
қазақ болса,
енді бірде табалдырығын
аттаған
қонағын
құдайдай
күтіп, оған дастархан болып
жайылуға, тосек болып тоселуге
дайын
қонақжайлы
қазақ.
Үшінші фактор – мемлекет
құраушы
жергілікті
халықтың
өзіндік ерекшелігі.
Төртінші фактор – қазақтың ұрпағын
кек сақтамайтын етіп
тәрбиелей алу қасиеті.
Бесінші фактор
- жазба әдебиетінің
осы күнге дейін
сақталып, ұрпақтан
-ұрпаққа
таралу. Алтыншы фактор,
халықтың
ұлылығын
танытатын тағы бір
белгі- оның тілі. XIX
ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген
Еуропа ғалымдары түркітанушылар В.Радлов , П. Мелиоранскийлер «түркі» тілдерінің ішіндегі
ең таза тіл –
қазақ тілі» екенін
атап кеткен.
Толеранттылық
XXI ғасырда экономикалық дамудың
маңызды факторы және
әлемдік экономиканы рецессия
жағдайынан алып шығарушы тұтқа
болып отыр.
Қазақстанда бұл тәсіл
уақытпен тексеріліп,
сынақтан откізілген,
сондай-ақ оның тиімділігі
тарихпен дәлелденген
.Қазақстан осында омір
сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен
ұлыстардың
шынайы отаны бола
білді. Олардың жалпы тарихи
тағдырлары
ұқсас
және біздің бәріміз үшін
бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және
конфессияаралық
татулықты
сақтау маңызды болып
қала бермек. Тек өзінің ұлттық
шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Жаңа ғасырдағы толеранттылық – бұл адамзат қоғамындағы қозғаушы күш, қоғамдағы үйлесімді қарым-қатынас шарты.