Шәкәрімнің адамгершілік тұрғыдағы ойлары

әлі де өзекті

 

Абишева Д.О.

«­­­Өрлеу» «БАҰО» АҚФ ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

білім беру кафедрасының» аға оқытушысы, СҚО, Петропавл қаласы

 

Иткулова С.Ж.

«№26 мектеп-балабақша» КММ, қазақ тілі пәні мұғалімі,

СҚО, Петропавл қаласы

 

Шәкәрім – қазақтың басына біткен, заманының озық ойлы демократы. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қазақ халқының атақты философы, гуманисті Шәкәрім Құдайбердиевтің бізге қалдырған рухани мұрасы, өзінің ерекшелігімен таң қалдырады. Шәкәрім әрдәйім өзінің рухани әлемін дамытып, көп нәрсеге түсініктеме бере алатын жан еді. Философиялық тұрғыда өмірмен өлім, тұлға және әлем, тәнмен жан деген ұғымдарды толық ашып түсіне білді. Өзінің шығармаларында Шәкәрім өмір жайлы көп жазған еді, оның әдеби мұрасы толыққанды философиялық ойы осы жайлы ашылатынын өзі де білмеді. Оның өмірі біз үшін үлгі. Абай атамыздан қалған мұрасын, адамгершілік құндылықтарын тазалықпен шындықты өзінің өмір жолында ұстанымға айналдырған, сондықтан өз санасын тазартып, қажет емес ойлардан босатып білім жолына қадам басқан. Үлкен шыдамдылықпен Батыс және Шығыс ғалымдарының еңбектерімен таныса отырып рухани-адамгершілік құндылықтарын назарына алып, оларға сыни қарап өзінің ішкі жан дүниесіне тән ойларын теріп, жинақтаған. 1898 жылдан бастап, 1928 жылы аяқтаған, отыз жыл бойы ізденісте болып «үш ақиқат» деген еңбегіне көп уақытын бөлді. Өмір жайлы түсініктері, ойлары осының өзі үш ақиқат – бұл материалисттік көзқарас, теологиялық көзқарас, ар-ұят. Ғылым әлеміндегі жетістіктерге назар аударып  осы үш ақиқатты терең, мазмұнды зерттеп, түсініктер, дәлелдер келтіріп, өзінің біліміне, ақылына, өмірлік тәжірибесіне тоқталып, қажетті қорытындылар шығарады.

Шәкәрімнің ойынша осы әлемдегі тіршіліктің барлығы ұсақ, көзге көрінбейтін заттардан бастап, адамға дейін, өзінің қамын, ұрпағының жалғасуын ойлап өтеді. Бұны «өмір сүру үшін күресу» деп атайды. Бір адамдар өздері үшін бақыт іздесе, екіншісі туған туысқандары үшін, үшіншісі түгел жер бетіндегі адамзат үшін бақыт іздейді. Бұл өмірде адамдар үшін толық бақытты болу мүмкін емес. Келесі сұрақтарда оны қызықтыратын: Сенім неде? Жан деген не? Өлімнен кейін өмір бар ма? Бұл әлемді кім жаратты?   Философия, жаратылыстану, физика, дәрігерлік саланы зерттеп жүріп, Шәкәрім адамның жанын зерттеу мәселесіне қайта, қайта тоқталып отырды – оның сапасына, әр-түрлі көрсеткіштеріне назар аударды. Адамның бақыты оның ішкі жан дүниесіндегі байлығымен, адамгершілік іс-әрекеттерімен өлшенетініне Шәкәрімнің көзі жетті. Сүйіспеншілікпен, шынайы еңбек ететін адам – бақытты деп есептейтін. Адам баласын өзінің баласындай жақсы көру, оған әділдікпен қарау – осының өзі керемет бақыт. Абай өзінің қара сөздерінде былай жазған екен: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады». Шәкәрім біздің алдымызда дәл осындай данышпан адамның кейпінде елестейді. «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із - белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
..... Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым», деп жырлағандай, біз ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің 50 елінің қатарына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – біздің алдымыздағы ең басты міндет. Мемлекеттің болашағы  болу үшін қазіргі тәрбиеленіп жатқан жастарымыз, өршіл, намысты,  патриот,  адамгершілігі мол адам болуы керек деп есептеуге болады. Егер мемлекет керісінше  жаман, өз мүддесін ғана ойлайтын адамдардың қолына түссе, оның болашағы да жоқ.  Қазіргі таңда Қазақстан кемелдене даму үстінде. Бұл біз үшін қуантарлық жағдай. Қазіргі жастардың  білімге деген талпынысы болғанмен, әлі де рухани жағынан өсу керек  Біздің жастарымыздың өмірге деген көзқарастары өзгешелеу деп айтсақ та болады.      

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады: - балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет- сайттарға бағдарлануы, қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік, еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі, әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.

            Техниканың дамуына байланысты кез-келген  ақпарат қолжетімді болғандықтан, балаларымыз ұлы классиктердің шығармаларын, олардың ұлы ойшыл сөздерін, философиялық ойларын жете түсіне бермейді. Сол себепті біздің балаларымыз ақпараттық технология ғылымдары жағынан дамығанмен, олардың интелектуалдық ойлау жағы ақсап бара жатыр деуге де болады. Оған дәлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі дәлел.
         Рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы тұжырымдамасы бойынша рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсаты  тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Оны мына түрде іске асыруға болады: оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

Осы тұрғыда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі таңда рухани – адамгершілік тәрбие беру өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Адамдардың қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын, жеке адамның  мінезін, іс-әрекетін бағалағанда да Шәкәрім ақыл-ой талабын, ақыл-парасаттылықты қаңдай да іс-әрекетті ақылмен сынауды басты принцип етіп қояды. Ол әр адамның ісіне өзі сын көзімен қарап, биік талап қоя білуі, қиыншылыққа төзіп, табандылық, қажырлылық танытуы қажет екенін баса айтады.

Әдебиеттер тізімі:

1.      Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы;

2.      Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007;

3.      Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010;

4.      Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, 2015 жыл.