Право/ 2. Уголовное право

Магистрант Сагимов Мадияр Кайратулы

Ө.Ә. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қылмыстық істі қысқартудың өзекті мәселелері

Іздену барысында негізгі нәтиже ретінде талқыланып отырған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген қылмыстық істі қысқарту  құқықтық негіздерінің (37-38, 269, 317-баптарда) және оларды жүзеге асырудағы қылмыстық істі қозғауға дейінгі, қозғалған қылмыс бойынша алдын ала тергеу, тергеу аяқталуы және оны сотқа беру сатыларында тергеушінің, прокурордың істі қысқарту туралы шешім қабылдау процессуалдық әрекеттері, олармен қатар басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы және сот үкімінің заңды күшіне енбеген және енген сатыларында істі қысқарту өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында бекітілген «адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтарды мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды» қамтамасыз етуде зор маңызы анықталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37, 38-баптарында және 269-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қылмыстық істі қысқарту-анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың және соттың қылмыстық іс қозғау және іс жүргізу сатыларында қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар мен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бойынша қылмыстық ізге түсуді қысқарту туралы қаулы не үкім нысандарында рәсімделетін шешімі. Мұндай шешім қозғалған істің тексеруінің, сотта қаралуының нәтижесін не қылмыстық істі қозғауға болатын себептер мен негіздердің жоқтығын куәландырады, сонымен қатар, сезіктінің, айыпталушының, сотталушының жәбірленушімен, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарымен, сотпен құқықтық және процессуалдық шарым-қатынастарының мүлдем тоқтатылуын білдіреді.

Диссертациялық іздену барысында бұл заңнамаларды қолдану тәжірибесіне сүйене отырып, жетілдіру мақсатында олардың мазмұнына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындалды.Олар:

1. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінде, 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген «ымыраласу», «татуласу», «тоқтатылу» деген ұғымдар «бітімге келу», «істі қысқарту» деген ұғымдарға өзгертілуі заң түсінігін дұрыс береді.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабында бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босату ережесі бекітілген. Бұл ереже Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Онда жәбірленушінің сезіктімен немесе айыпталушымен татуласуы бекітілген. «Қылмыс жасаған адам» деген процессуалдық тұлға Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделмеген. Бұл бапта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының қолдануы басқа негіздермен және жәбірленушіге сезіктінің немесе айыпталушының келтірген зиянды қалпына келтіру шартын ұсынған. Сондықтан, 65-бапта «қылмыс жасаған адам» деген жалпы түсініктің орнына «сезікті» немесе «айыпталушы» деген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабында орын алған процессуалдық тұлғаны енгізген ол адамның құқығын қорғауға құқықтық салдар берер еді.

3. Заңның жиырма бес жыл ескіру мерзімінің сараламай бекітілуін қылмыс жасағаннан кейін адамның көп уақыт аралығында ауыр немесе ешқандай қылмыс жасамауына оның қоғамдық қауіпшілік шырайының едәуір төмендегеннін анықтайды деп бағалауын біз тек қана ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандарға бағытталуын қолдар едік

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының 1-бөлігі қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылық мерзімін Қылмыстық кодекстің 10-бабында бекітілген қылмыстық санаттардың сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлуіне байланысты 2 жылдан 15 жылға дейін шектеген. Осы тәртіпке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының 3-бөлігін өзгертіп, мынадай редакцияда келтірсе: «Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтартса, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезінен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан бері осы баптың 1-бөлігінің а), б), в), г) тармақтарында көзделген мерзімдер өтсе және ескіру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек»,-деп.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің үшінші тармағы «егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары» – деп заңға енгізілген. Орысша нұсқада бұл ереже былай берілген: «вследствие акта амнистии, если он устраняет применение наказания за совершенные деяния» – деп. Біздің пайымдауымызша, бұл ереженің қазақша нұсқасы былай жазылса өз түсінігін дұрыс берер еді: «егер рақымшылық актісі жасалған әрекетке жаза қолдануды жойса», – деп. Қолданудағы Кодексте берілген нұсқа «егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары» екі түрлі мән-жайды көрсететін сияқты. Жасалған әрекетке рақымшылық акті жаза қолдануды жояды, сондықтан қылмысқа тартылып отырған адам тек қана жазалаудан босатылады, ал оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі жойылмайды.

5. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабының 2-бөлігі қазақша нұсқасында былай келтірілсе, сөйлем құрамы заң мағынасына толық берер еді: «Қылмыстық іс қозғауға қылмыс белгілері көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады, егер қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар болмаса». – деп. Бұл мәтінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында бекітілген «қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар» деген заң ұғымы орын алады. Қазіргі қолданудағы Кодексте «қылмыстық іс жүргізу» деген түсінік жалпы мағына береді. Мәселен, жоғарыда келтірілген 37-баптың 1-бөлігінің 11)-тармақшасы қайтыс болған адамды ақтау үшін іс жүргізуді тоқтатпайды, ал қылмыстық ізге түсуді тоқтатады. Сондықтан, біз заңда көрсетілген ұғымға сүйенгенді жөн көрдік. Бұл бап орысша нұсқасында да түзетіліп, мынадай мазмұнында келтірілсе: «Основанием к возбуждению уголовного дела является наличие достаточных данных, указывающих на признаки преступления, при отсутствии обстоятельств, исключающих уголовное преследование», – деп.

6. 317-баптың 7-бөлігінде бекітілген негізді 37-баптың бірінші бөлігінің 6)-тармақшасында бекітілген негізбен қосып, осы бапқа мынадай мазмұнда заң нормасы енгізілсе: «жеке айыптаушының – осы Кодекстің 33-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыптан бас тартуы, прокурордың және жәбірленушінің басты сот талқылауы барысында айыптаудан толық немесе ішінара бас тартуы бойынша сол толық немесе ішінара бас тартуы бөлігінде», – деп.

7. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 7 және 8-тармақтарында қылмыстық істі қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс тепе-тең мәртебелі негіздер қолдану кезінде тергеушінің және прокурордың қаулыларының күшін жоятын негіздердің және мерзімдердің нақты бекітілмегендіктерінен,  олардың мәртебелері сот қаулыларымен салыстырғанда бірсыпыра төмендетілген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірінші бөлігінің 8) тармақшасы туралы:

«Белгілі бір адамға, егер ол туралы анықтаушы органның, тергеушінің, прокурордың сол айып бойынша істі қысқарту туралы күшін жоймаған қаулысы болса, осы қылмыстық істі қозғау қажеттілігін іс жүргізіп жатқан сот таппаған жағдайда қоспағанда», – деп бекіткен болатын Қазақ ССР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

Жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі бұл негіздің соңғы жалғауындағы «осы қылмыстық істі қозғау қажеттілігін іс жүргізуі жатқан сот таппаған жағдайды қоспағанда» деген шартты енгізбеді.

Бұл шарттың қайтадан орнына келуі сотқа дейінгі қабылданған шешімдердің статусына сай келереді.

8. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 51 және 272-баптарында тергеушінің, прокурордың істі қысқарту туралы шығарған қаулыларына істегі материалдарға байланысты шағым, наразылық келтіретін 5-10-15 тәулік мерзімдер көзделуі тиісті. Егер осы мерзімдердің ішінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 51-бабында көрсетілген адамдардан шағым, прокурордан наразылық түспесе, істі қысқарту туралы қаулы тек қана жаңа ашылған мән-жайлар негізінде күшін жоюы тиіс. Қаулының күшін және істі қайта жалғастыру мәселесін тек қана сол жаңа ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімінің өтпеуімен байланыстыруы негізді болар еді.

Біздің пікірімізше бірінші сатыдағы соттардың істі қайта тергеуге жіберу жолы бірсыпыра қысқарар еді, егер тергеушінің, прокурордың істі қысқарту туралы шығарған қаулыларына шағым беру тәртібі заңда бекітілсе.

Тараптар  сот  алдына  тек  қана  прокурордың  сол  мәселе  туралы   шығарған  қаулысына   шағым  келтіру  арқылы   немесе   жаңадан   ашылған   мән-жайларға   сүйене  отырып   келуге  тиісті.

Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  272-бабының  2-бөлігі  қысқартылған  іс  бойынша  іс  жүргізуін  қайта  бастауын  анықтауда  және  алдын-ала  тергеуде  белгілі  болмаған  дәлелдемелердің  немесе   Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  471-бабында  көрсетілген  жаңа – мән-жайлардың  ашылуымен  байланыстырылуы   іс  жүргізу  принциптеріне  сәйкес  келер  еді.

9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері бар адамдар туралы іс қозғау, қылмыстық жауаптылыққа тарту тәртібін ерекше тарауда (53) «Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері», – деп бекіткен. Біздің ойымызша, бұл адамдардың қылмыстық істері туралы ерекше тарауда бекітілгені орынды. Бірақ кодексіміздің қазақша нұсқасында «артықшылықтары» деген ұғымның орнына «айырықша құқықтары» бар адамдар деген ұғым ерекше тізімге кіргізілген адамдарға лауазымдылық орындарына байланысты ерекше құқық берілгенін куәландырар еді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Дулатбеков Н.О., Биебаева А.Ә., Сыздық Б.К., Божқараұлы А., Қызылов М.А. Билер соты мен ұлттық дәстүрлердің жандануы: заңшығармашылық және әлеуметтік тәжірибе. – Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2008..

2.  Наумов А.Н. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2011 – 660 б. Орысшадан аударған:  з.ғ.д., проф. Дулатбеков Н.О.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Р. туралы 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 4-уп-04-08 қаулысы //  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені. – 2008. – № 2.

4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені. – 2001. – № 8.