БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш.Танирбергенова,

магистрант Байсеитова Гулдана

«Тұран-Астана» университеті Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.

 

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары,  ой өрісі  кең елге айналуымыз керек.  Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.  Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.Ол үшін қажетті шаралар:отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз. «Біздің негізгі міндетіміз, бұл мектептерді әлемнің озық ел­де­ріндегі мектептермен иық теңестіретіндей жағдайға жеткізу. Келешекте біздің балаларымыз осы мектепті бітіріп, әлемнің кез-келген елінде білімін жалғастыра алады.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер»,-деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз       Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы.Тілдің мәнін түсіну үшін қазақтың ауыз әдебиетінің мәні зор. Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен процесс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру. Жас ұрпақ айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағұлматтар алып, білімді игереді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемге жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей,әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға үлкен рух берді.Қазақстан бүгінде әлем таныған өркенниетті елдер қатарына қосылуға бет бұрғанда демократиялық жолмен  дамушы мемлекетіміздің  қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын,кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеттігі туындап отыр.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен  шығармашылық іс-әрекетті  талап етпес бұрын, алдымен оны ойлай білуге үйрету қажет.               Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі», -деп атап көрсете келіп тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді [3.112].  Ойды өркендету жолдары мыналар деп көрсетеді:

1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер, ашық суреттеулердің көп болуына иждиһат қылу. Қанша дегенмен адам суреттеулар бойынша ойлайды.

2) Бала заттарды көріністерді ұқсас топ-топқа бөліп үйренсін.

3) Бала көріністердің, ойлардың арасындағы байламды, қайсысы қайсысына себеп екенін біліп үйренсін дейді [3,113].

Ал жалпы ой деген не?

Философиялық тұрғыдан қарасақ «Ойлау әр адамнан тыс дүниенің сырына да, оның өз сырына да, өзінен тыс объектідей қатынас жасап бойлай алатын және соның негізінде өзінің идеалдық дүниесін жасайтын адамның қызметі. Ойлау – барлық психикалық процестерді қамтиды» [4.67]. Богословский, А.Ковалев, А.Степанов жетекшілігімен шыққан«Жалпы психологияда» «Ойлау– психикалық үрдіс, сол арқылы адам шынайы құбылыстың және заттың нақты белгілерін бейнелейді, олардың арасындағы түрлі байланыстарды ашады» делінген. Психологияда ойлау жаңа мәселені шешу ретінде жиі түсіндіріледі. Бірақ ойлау қызметі жаңаны ашумен шектелмейді; онда меңгерілген білімді іріктеу, бағалау сәті де бар, тек қана шығармашылықты ғана емес, сонымен бірге репродуктивті және конструктивті элементтерден тұрады.Іс-әрекеттің бірлігі туралы өнімді ойдеп Л.Выготский түсінік берсе, ал ғалымдар А, Лурия,С.Рубинштейн,А.Леонтьев еңбектерінді өз жалғасын тапқаны белгілі [5.40]. Психологияда ойлау қабілетін зерттеуде В.Беспечанский сипаттама береді,бұның педагогика үшін маңызды ортақ сипаттамалары бар:

1)Ойлау қабілетінің дамыту үрдісі оқушылардың белсенді танымдық және тәжірбие тәжірбиелік іс-әрекетінде мол жетістікке жетеді.

Бұл іс-әрекет оқытудың шартты жүйесі арқылы мұғалімніңмақсатыбағытталған    басқаруында болуы қажет.

1) Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеттің маңызды сәті ойлау қабілетінің тәсілдері енгізілген оқу мазмұнын меңгеру болып табылады. Ойлау шындықтың жалпы бейнесі ретінде әрқашан да мазмұнды. Адам шешетін мәселелердің әр түрлілігі сияқты, ойлау қабілеті де көп өлшемді. Оны топтастырудың  негізіне енгізілген өлшемдерге байланысты ойлаудың типологиясы өте көп [6.50].  Психология ғылымының мақсаты –ойлау қабілетіне сыни талдау жасау және ойлау қабілетінің жаңа типологиясын құру, Ал, педагогикалық зерттеу үшін әрбір типологияның мүмкіндігі қандай екенін қарастыру. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Ал, Қоянбаевтың пікірінше: «Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті» атайды. «Ойлау, - дейді Қоянбаев –адам миы мен қызметінің нәтижесі. Ойлау –барлық адамдарға тән түсінік. Ой-түйсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі мәнге айналуы»  [7.124].        Әрбір ойлау түрлері тұлғаның даму үрдісінде алатын орны бар.

 

 

1-сурет. Ойлаудың түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 


1)     Нақты және логикалық ойлау.

Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойнау процесінде байқалады.

2)     Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Психологияда бұны кейде ұғымдық ойлау деп те атайды, яғни күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікіріміз.

3)     Жинақтай ойлау белгілі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін, тәсілдерін білумен сипаттайды.

4)     Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау, нұсқау арқалы жұмысты іске асыру.

5)     Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу, оқушыларға жаңа білімдерді баяндауға ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.

6)     Дедуктивті ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау үрдісімен байланысты[7.125]. Сонымен ойлаудың түрлері шәкірттердің зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірбиесіне, іс-әрекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшілігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асатынын байқаймыз.

Т.Тәжібаев «Ой адамның түйсік және қабылдау арқылы алған нәрселерін жалпылай қорытып, жанаша түрде сәулелендіріп отыруы» дейді. Ойдың байлығы білімнің байлығымен  байланысты. Ойлау эмоция мен сезімдер сияқты адамның сыртқы дүниеге қайтаратын жағымды не жағымсыз жай жауабы емес, ол дүниені кеңірек, толығырақ, тереңірек тану үшін ондағы заттардың өзара қатынас, байланыстарын білу үшін, олар жөнінде ғылыми білімдерді жалпы өнер, мәдениет атаулыдан хабардар болуы тиіс. Адамның ойы көбінесе сөз арқылы әрекет етеді. Сөз ойдың әрекет ету құралы, аспабы болып табылады, сөз арқылы адамның ойы жеткізіліп отырады дейді [8.184].

Ал, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың айтуы бойынша: «Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі». Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдығы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңейте алмайды. Бала үлкендермен сөз арқылы қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады [9.184]. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері, дамып, оның ғылыми мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып отырады, яғни бұрынғылары ескіріп отырады. Демек, ойлау үрдісі тек адам баласының психикасына тән үрдіс болып табылады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ол үшін әрбір адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қойып, ой процесінің бағытын айқындауы тиіс. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңібасталады.  Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.Синтез ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез-бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Кез-келген сұраққа жауап табу, қандай болмасына бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажететеді. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының, күрделі түрі-абстракция мен жалпылау.

«Халықты халықпен, адамды адаммен – теңестіретін білім» деп ұлы жазушы М.О. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп.  Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие әсерімен сусындаған ұрпақ ғана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Қоғам барған сайын күрделеніп, даму үстінде тұр-сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып отыр. Қазіргі заманда адамның ойлау қабілетіне, дүниетанымның кеңдігі басты роль атқарады. Осындай міндеттерді шешу бастауыш сыныптың үлесінде. Себебі, бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы мол, қиялы ұшқыр, алғырлығы, шапшаңдығы басып болып келеді. Бастауыш сынып оқушылары ішіне ештеңені бүкпейді, сыртқа шығаруға асық, нені болса да еркін айтады. Сондықтан баланы бала бақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, ірі жүйелі, ой өрісін, икемділігін дамытып отыру керек. Білім нәрін беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға ақыл – ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелейді. Реформалардың белсенді жалға отырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз, яғни, ұстаз білімді болса ғана , осы ұлы мақсатқа – егеменді,  терезесі тең елге айналуға мойын бұрамыз.Сондықтан баланың ой-өрісін дамытуда әр түрлі жолдарды   бағыттар қарастыруымыз керек.Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланы қабілетіне қарай интелект танымдық дамуы, дүниетанымынын ой-өрісін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.  Жас өркеннің бойындағы табиғат беріп ерекше қабілетті тану, оны ары қарай дамыту, оны сол бағытта жетелеу-ұстау парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, олардың ой-өрісін, дүниетанымын жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңғы қатарлы тәжірбиені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, оқушының жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан мұғалім сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, сабағын түрлендіріп отырғаны дұрыс.  Өкінішке орай, кейбір мұғалімдеріміз ашық сабаққа ғана барын ашып дайындалып, күнделікті сабақты жүрдім-бардым беріп жататыны ащы да болса шындық. Бала жаны қашанда жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп отырады. Әсіресе, кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Дегенмен, қарастырылып отырған зерттеу толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Осы бағыттағы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру үшін мынадай ұсыныстарды беруге мүмкіндік туғызды:

  - бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін жетілдіруде мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің инновациялық тәжірибелерін, шығармашылық ізденістерін үнемі зерттеу;

 -  бастауыш сынып оқушыларына  жұмбақтар арқалы ой-өрісін дамыту мақсатында мектеп мұғалімдеріне арнайы семинар-тринингтер ұйымдастыру қажет.

 - бастауыш сынып оқушылары үшін жұмбақтар құрастыруға, ой-өрісін дамытуға   әдістемелік нұсқаулар жасау.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы

2 .Бекболғанов Е.   Ойлау қабілетін дамыту.// Бастауыш мектеп//, 2003, № 8. 49-бет

3. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1992,156 бет

4. Әбішев Д. Философия. Алматы, 1994,340 бет

5.Байшуақова М. Оқушыны ойлауға үйрету//.  Қазақстан мектебі, 2000, №4 , 40-бет.

6. Манашов Р.  Ойлау қабілетін дамыту  //.Қазақстан мектебі, 2005, № 4 , 50-бет

7. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2002,220-бет

8 .Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993,234-бет

9.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002

10. Алдамұратов Ә.Психологиялық терминдік сөздер  //.Қазақстан мектебі, 1998 ,№ 7-8 , 52-бет

11.Гоноболин Ф.Н.Психология «Мектеп»Алматы-1976, 184-б

12. Жарықбаев Алматы-1970-б.195 Психология

13.Сәбет Бап Баба Жалпы психология Алматы,Дарын,2005 153 -б

14. СейталиевҚ Жалпы психология   Оқу құралы Алматы,2010 232-248