МЕКТЕП
ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУ
Танирбергенова А.Ш.
–п.ғ.к., доцент
«Тұран-Астана»
университеті
Төремұратова Ф.
–«Тұран-Астана»
университетінің
магистранты
Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
Мектепке дейінгі
балалардың қабылдау түрлерінің қалыптасу жолдарын
анықтау үшін экспериментті психологиялық зерттеу
жүргізу.
Мектепке дейінгі
балалардың қабылдау деңгейі
анықтайын, осы қабылдау процесін дамытуға байланысты
психологиялық жаттығулар қолданылды.
Осы берілген немесе
ұсынылып отырған психологиялық жаттығулар мектепке
дейінгі балалардың қабылдау түрлерін қалыптастыру мен
бірге дамытуға әсер бар екенін дәлелдеуге бығытталып
отыр. Мектепке дейінгі жастағы балалар,
бір қадамнан соң мектеп жасты балаларға өту
кезеңінен өтеді, оларды мектепке даярлауда, алдымен
балалардың танымдық процесін жоғары дәрежеге жеткізу,
яғни психо-коррекциялық, психологиялық көмек беру
қазіргі таңда үлкен маңызды мәселенің бірі
болып саналады.
Осыған байланысты мектепке дейінгі
балалардың қабылдау түрлерінің қалыптасу жолдарын
анықтаудағы зерттеудің маңызы зор.Тақырыпқа
сәкес зерттеу жұмысымыздың объектісімен пәні
төмендегідей болып табылады, яғни мектеп жасына дейінгі балалар
тобы болса, ал зерттеу пәні
мектепке дейінгі балалардың қабылдау түрлерінің
қалыптасу жолдары болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
қабылдау процесінің болжамы
және мектепке дейінгі балалардың қабылдау процесін
дамытушы психологиялық жаттығулар өткізу жүйесі
ұйымдастырылса, онда олардың қабылдауның
жоғарғы көрсеткішті көрсетеді.Зерттеу
әдістемелеріне тоқталатын болсақ:
а) «Мына суреттерде кімге не жетіспейді»
әдістемесі.
ә) «Бұл не, ойлан тап»
әдістемесі.
б) «Суреттерде қандай заттар
жасырылған» әдістемесі».
в) «Кілемді немен толықтырамыз»
әдістемесі.
Мектепке дейінгі
балалардың қабылдау түрлерін дамытуда қолданылған
психологиялық жаттығулар:
1.Қателескен
мұғалім.
2. Тахитоскоп.
3. Барлаушы.
Мектеп жасына
дейінгі балалардың қабылдауын дамыту үшін мынадай
жаттығуларды қолдануға болады.
1 – жаттығу. «Қателескен
мұғалім».
Жүргізуші немесе
қатысушылардың бірі оқу кезінде әдейі
әртүрлі қателер жібереді. Топ қателерді тауып, өз
көзқарасын білдіре отырып қателерді түзетуі керек.
Бұл үшін қысқаша мәтіндерді қолдануға
болады.
2– жаттығу. «Тахитоскоп».
Топ шеңбер қурып отырады. Бір
немесе екі қатысушы шеңбердің ортасына тұрады.
Жарық өшіріліп, ортада тұрған ойынға
қатысушылар әртүрлі қозғалыстар жасап орындарында
тұрып қалады. Сигнал бойынша қысқа мерзімге жарық
қосылады. Осы кезде отырғандар ортада
тұрғандардың қимылын қарап алуы керек.
Жарық өшірілгеннен кейін отырған топ ортада
тұрғандардың қимылын қалпына келтірулері тиіс.
3– жаттығу.
«Барлаушы».
Қатысушылардың
бірін «барлаушы» етіп таңдайды. Жүргізуші: « Тұрып
қалыңдар!» - деген кезде, бүкіл топ қозғалмай
қалады. Әрқайсысы өзінің тұрысын, ал
«барлаушы» барлығының қимылын қарап алуы тиіс.
Барлығын дұрыстап қарап алып «барлаушы» көзін
жұмады (немесе бөлмеден шығып кетеді). Осы уақытта
ойыншылар өз киімдерінде, тұрыстарында өзгеріс енгізеді.
Содан соң «барлаушы» көзін ашады, оған берілетін тапсырма –
бүкіл өзгерістерді айтып беру.
Сонымен, жас шағы баланың
дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының
өзіне тән ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас
ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы
дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір
физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Жас шамасына қарай даму кезеңдері
ауысуының негізгі механизмдерін Л.С.Выготский және Д.Б.Эльконин
анықтаған. Олардың құрған теориясы бойынша жас кезеңін
айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдерің,
тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі
арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму
процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс
келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін «қозғаушы
күшін» құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік
шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге
қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай
қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда
қарапайым дәрежедегі ұғымдар қарастырылады, үлкендермен
қарым-қатынас жасау тәсілдері байиды, тілі жетіледі т.с.с. Осының барлығы
баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңейюіне, демек,
айналасындағылармен қарым- катынас жасау тәсілдерінің
өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы осы кезеңіндегі
психикалық даму барысының
жағдайларын өзгертеді (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті
арқылы да танитын болады). Бала өз бетімен қоршаған ортаның ерекшеліктерімен
танысу барысында көптеген заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін
терең және жан-жақты меңгере бастайды.
Баланың
мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт: танымдық,
қабілеті, дене күшінің дамуы, оқуға ынтасы,
көңіл-күйі, ерік сапаларының қалыптасуы –
мектептік кемелді құрайды [46, 48].
Жалпы дене дамуына баланың дене
бітімінің - бойы, салмағы, бұлшық ет толысуы,
көкірек қуысының көлемі, тері жамылғысы т.т.
қалыпты мөлшерге сәйкес келуі және көз жанары,
естуі, қымил-қозғалысы, әсіресе қолы мен
саусақтарының нәзік қимылы, жүйке
жүйесінің қозу мен тежелу жағдайы, сондай-ақ
жалпы денсаулығы жатады (Р.В. Овчарова, М.Р. Битянова, А.Л. Венгер) [47].
Мектептік
оқуға жетілу баланың физикалық және
психикалық дайындығынан анықталады. Әлеуметтік жетілу –
бұл қоғамдық жүйеде орнының ауысуына
баланың дайындық дәрежесі, яғни оқушы
жағдайын қабылдауы. Бала алғаш рет өзін оқушы
сезініп, әлеуметтік қоғаммен қарым-қатынас
жасайды. Мектептегі сынып оқушыларымен және мұғаліммен
тіл табысу белгілі – бір қоғамдық мәселені өзі
шеше алуы болып табылады. Нақтырақ айтсақ,
қоршаған орта қоғамымен қарым-қатынас жасай
отырып, оқу процесіндегі өзіне қатысты мәселені шешеді.
Танымдық даярлық мазмұнына баланың сөздік қоры,
көзқарас деңгейі, арнайы іскерліктермен қоса,
танымдық процестерінің даму деңгейі, олардың
«жақын арадағы даму аймағына» бағытталуы,
көрнекі-бейнелік ойлаудың жоғары деңгейлері, оқу
міндетін ерекшелеп бөле алуы мен оны әрекеттің дербес
мақсатына айналдыра алу іскерлігі жатады. Оқу үшін
танымдық жақтар барабар және өзіндік ерекшеліктерге сай
болатын болса, оқуға деген коммуникативті дайындық
үлкендермен араласудың мотивтерімен қамтамасыз етіледі деп
айтуға болады [48].
Еріктік даярлық – бала алдына мақсат қойып, шешім
қабылдап, іс-әрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыруға
күш жұмсай алса, осы жолда кездескен кедергілерді жеңсе –
қалыптасқан деп есептелінеді. Ерік-жігердің
басты мәселелерініің бірі болып адам өз өмірінің
түрлі кезеңдерінде қабілетті болатын нақты еріктік
әрекеттер мен қимылдардың мотивациялық шарттылығы
туралы мәселе табылады. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі
баланың еріктік регуляцияларының интеллектуалдық және
моральдық негіздері туралы мәселе де шешуді талап етеді.
Көңіл-күй даярлығына «оқушының ішкі жағдайы» деп аталатын
жаңа әлеуметтік қатынастың; оқу әрекеті
үшін қажетті адамгершілік қасиеттер тобының;
сондай-ақ баланың құрдастарымен, үлкендермен
қарым-қатынас сапасының қалыптасуы жатады.
Баланың
оқуға ынтасы, ықыласы мектепке психологиялық
даярлық диагностикасы бағыттары мазмұнындағы мотивтік даярлықты
құрайды.
Баланы
мектепке психологиялық жағынан даярлығы міндетті түрде
баланың биологиялық жасымен тығыз байланысты. Мектептік
кемелді анықтайтын бағыттар ішіндегі баланың дене күші
даярлығы бағыты тікелей жас мөлшеріне тәуелді. Білім
игеру барысында аса қажет жазу –сызуды меңгеру үшін
қолдың саусақтарының нәзік қимылы, икемділігі,
тісеу барысы, бойы мен салмағының мөлшері – осының
бәрі баланың нақты жасын көрсететін биологиялық
жетілу белгілері [40].
Мектепте оқуға жетілуге әсер ететін жағдайлар
қандай?
Біріншіден,
даралық ерекшелік. Оған жас мөлшері тәуелді емес.
Екіншіден,
мектепке дейінгі даярлық. Ол жүйелі түрде жүргізілген
жағдайда баланың танымдық белсенділігі мен оқуға
деген ынтасы, мінез-құлқын игере алу, ерік күшін
бағыттай алу іскерліктері қалыптасады.
Үшіншіден,
жас ерекшелігі. Жас мөлшері биологиялық кемелдің
көрсеткіші, сондықтан да бүгінгі таңда мемлекетімізде
бірінші сыныпқа қайтадан жеті жастан қабылдау, алты
жасарларды жаппай мектеп алды даярлығынан өткізу ісі жүргізілуде.
Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2015.
2. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка.
М., 1969.
3. Выготский Л.С. Сөйлеу мен ойлаудың дамуы. Психология. Адамзат
ақыл-ойының қазынасы. 1 т. Алматы: 2005.
4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
5. Эльконин Д.Б. Детская психология. М.: 1988.
6. Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
7. Венгер А.Л. Восприятие и обучение (Дошкольный возраст). М., 1979.
8. Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития.
М.: 1995.
9. Рогов Е.И. Настольная книга практического
психолога. М., 1996.
10. Мотков О.И. Психология самопознания личности. М.: 1993.
11. Анастази А.
Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
12. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.
13. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: 1996.
14. Овчарова Р.В. Семейная
академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
15. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 4 томды.
Шымкент: 2006-2009.
16. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего
школьника.- М:, 1990.
17. Обухова
Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
18. Леонтьев А.Н. Іс-әрекет. Сана. Тұлға. Психология. Адамзат
ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2 т. Алматы, 2005.