Минасипова А.Р., Қазбекова А., Сағындық Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗ

 

Оқу әрекетінде психологиялық ықпал қиындықтармен тікелей және жанама байланысқан психотерапиялық техникаларды қолдану.Басқа жағынан, қазіргі қазақстандық қоғамның дамуы адамның өмірінде интенсивті даму оқу әрекетінде белсенділік танытып, психотерапиялық техникаға қатынасы бар жаңа технологияны ендіру. Қазіргі психологиялық – педагогикалық зерттеулердің перспективті бағыттарының бірі – оқу әрекетіндегі оқытушы мен білімгердің қарым – қатынасының заңдылықтарының оқып білу болып табылады. Негізгі педагогикалық шеберлік пен тәжірибенің бағытында оқыту әдістемесін құруда зерттеушілермен үлкен жұмыс жүргізілуде.

НЛБ – ң негізін қалаған Р.Бэндлер мен Дж.Гриндер «Структура магии» (1975) атты қазіргі заман жұмысында тілдің екі функциясына зейін қояды, осы жерде Лейбницті қолдайды.

Біз тілді екі амалмен қолданамыз: біріншіден, оның көмегімен біз өзіміздің тәжірибемізді айқындаймыз, - бұл түрді біз түсіндіру, ойлау, фантазиялау, қайталап айтып беру деп атаймыз. Тілді репрезентативті жүйе ретінде қолдансақ, өзіміздің тәжірибеміздің моделін құраймыз; екіншіден, біз тілді өзіміздің модельді немесе репрезентацияны беріп отыру үшін қолданамыз. Бұны біз әңгіме, талқылау, бірдеңе жазу, лекция оқу, ән айту деп атаймыз.

Француздық философ – ағартушы Этьен Боно де Кондильяк (1715- 1780) былай деп жазған: «Сонда да адамдар, әсіресе тілі болғанменде, олар өздері туралы немесе бірдеме туралы ойлау аз мағына беретін. Тек белгілер ғана оларда басқаша зат болған, олардың жан – дүниесіне байланысты аттарды бергенде оларды қандай қиындықтар туғанына таң қалуға болады.

НЛБ – ды дамытуға үлес қосқан британ антропологы, психотерапияда, кибернетикада және биологияда көптеген жұмыс атқарған Грегори Бэйтсон еді. Дегенмен, басында зерттеушілер терапияның өзіндік әдісіне таба алмай, табысқа жетуде елдерге нешетүрлі қызмет сферасына жетуде НЛБ тез дами бастады.

Жеке деңгейде НЛБ – ды темекі шегу және басқа да зиянды әдеттерден құтылуға қорлданады. Дәстүрлі психотерапиядан түрлі өмірлік фобийдан құтылуға НЛБ – ң көмегін, оның сенімділігін, тиімділігін, нәтижелерін және тезділігін ұсынған. Көптеген адамдарға елдің алдына шығудан және жұмыс табудағы сөйлесуден қорқатындарға көмектеседі.

Кез келген адам себеп құрылу облысында, шешім қабылдағанда, шығармашылық және қатынас стратегияларын қолданып, үйреніп, қызметте неше – түрлеріне жоғары деңгейге жетуге болады. Бұл жағдайда сіз сәттілікке немесе туылған жағдайыңызға тәуелді болмайсыз Машина айдау, жүзу немесе компьютерде отыру сияқты, сіз жеке ұмтылысқа жетудегі әдеттерді үйрене аласыз. НЛБ – ң де мәні осында

Нейролингвистикалық бағдарламалаудың (НЛБ) тарихы ғасырдың 70 жылдарында АҚШ – ғы Санта – Круз университетінде негізделген. Лингвистикалық кафедраның ассистенті Джон Гриндер мен психология және математика факультетінің студенті Ричард Бэндлер атақты психологтар Ф.Перид, В.Сатир, М.Эриксонның көзқарастарын, олардың тәжірибелік психологиялық әдіс – тәсілдерін пайдаланған.

НЛБ – ды құрастырушылардың негізгі мақсаттары – адамдар арасындағы қарым – қатынас әдіс – тәсілдерінің ұжымда жолдарын табу болды. Алғашқы кезде НЛБ жоғары нәтижелі тәжірибелік психологиялық тәсілдер жинағы болса, кейінгі кездерде НЛБ ғылыми тұрғыдан негізделіп, ерекше тәжірибелік психологиялық ілімге айнала бастады.

НЛБ индивидтің жеке адамдық қасиеттерінің деңгейін көтеретін, ерекше қалыптасқан өнер және ғылым деп анықтайды. НЛБ – ң бір жағынан өнермен, екінші жағынан психология ғылымымен тығыз байланысуы оның тәжірибелік психология саласына жататынының негізгі белгісі.

НЛБ – ды термин ретінде анықтасақ : нейро – НЛБ- ң түйсіну, қабылдау, ес, ойлау психологиялық процестердің физиологиялық негіздерімен тығыз ұштасады. Лингвистикалық – психикалық, танымдық процестердің тіл арқылы дамуын көрсетеді. Бағдарламалау – ойлау процесін қалыптастыра отырып, оны адамның қасиеттеріне әсер ететін амал – тәсілдерді жинақтау.

Психология адам әрекетінің құрылымы және түрлерімен айналысады. Сөйлеу тілде адам әрекетінің бір түрі болып табылады. Осы негізде психолингвистика ғылымы пайда болды. Р.С.Немовтың анықтамасы бойнша, психолингвистика ғылымы – «адамның сөйлеу қабілеті, оның пайда болуы және қызметімен айналысатын психология мен лингвистика шекарасындағы ғылым» Э.Д.Сүлейменова психолингвистиканы шектес сала ретінде емес, ұғымдастыру үрдісін, қабылдау, қалыптастыру және сөйлеу қызметінің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін жеке ғылым саласы ретінде қарастырады.

Тілді әрекет арқылы үйрету ұстанымға ерекше көңіл бөлген А.Ш.Асадуллин «оқыту тиімділігінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі... сөйлеу әрекетінің психикалық заңдылықтарын үйрету жүйесімен сәйкес келмеуін көрсетеді».

Психолингвистикадағы соңғы зерттеулер « сол тілді қолданатын адамның тілі басқа да барлық психологиялық үрдістерімен қарым – қатынаста ғана қызмет етеді», яғни тілдегі шындықтың бейнелеуін қабылдау, ес, ойлау, зейін көмегінсіз жүзеге аспайды деген тұжырымға саяды. Психологиялық жағынан тілді білу және оны іс жүзінде қолдану – түрлі психологиялық шарттар мен әр алуан ми – жүйке механизмдерін талап ететінін ескеру қажет. Ю.А.Самарин «не істеу керектігін білуде және сол әрекеттің өзінде әр түрде механизмдер бар» деп дұрыс түсіндіреді.

Тұлға аралық қарым – қатынастағы мағыналардың берілуі мен оны ұғыну, мағыналардың айналуының мәселесіне қатысты болып табылады. Бір адам екінші адамды қалайша қабылдайды, біреудің ішкі дүниесін өзге бір адамның ұғына алуы. «Ішкі дүниенің» мазмұны мен динамикасын айқындаушы мағыналық құрылым, адам санасына өте жақын, терең құрылым болып саналады. Бізге өмір тәжірибемізден мәлім, басқа адамның жан – дүниесінің мағынасын түсіну жеткілікті дәрежеде белгілі бір мөлшерде шындығында мүмкін болар; басқа жағынан қарағанда, бұл өте күрделі міндет, өзге кісінің ішкі пиғылын біліп, жағдайымен санаса білуіміз қажет.

 

Әдебиет:

1.       Назарбаев Н. Қазақстан 2030. А., 1997.

2.       Жақыпов С.М. Нейролингвистикалық бағдарламалау дегеніміз не ? // Ұлағат. №5, 2005.

3.        Досмағанбетова Г. Қатысымдық жаттығуларды оқытудың психологиялық және психолингвистикалық негізі // Ұлағат. №5, 2000.