Педагогика және психология магистрі Мұсадилова Г.С., Ербаева Б.М.,

бастауыш сынып мұғалімі Бұхарбаева Р.Қ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Қазақстан

Тараз қаласы №39 мектеп-гимназиясы

Баланың дарындылығын дамытуда мектеп психолог педагогтарының ролі

           Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде педагог-психолог маманы маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни  кәсіби бағдары тек қана жақсы педагог-психологқа  байланысты.

           Көбіне «Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі Э.П.Торренстің зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қиынсыз сұрақтар қоятын өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбінесе түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Э.П.Торренстің зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін  және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес деген зерттеулерінің нәтижесін есте мықтап ұстағандары жөн.

           Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған.

           Мектепте мұғалімдер мен психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми - әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана дайындық жүргізіледі.

           Дарындылық мәселелерін шешу қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:

-                     көптеген жағдайда олар дарында оқушыға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;

-                     дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен дәрежелер көрсетеді;

-                     олар дарынды оқушымен жекелей арнайы жұмыстар жүргізбейді, не жұмыс жасаған күннің өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жібереді;

-                     дарынды оқушылар мұғалімдер үшін тек қана оқу жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбие саласында да қиындықтан туғызады;

-                     олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми зерттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді.

Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

-                     дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;

-                     олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;

-                     педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір бірімен байланыстыра алады;

-                     оқушыға дұрыс бағыт – бағдар беру арқылы оның ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;

-                     дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.

           Оқу тәрбие үрдісіне қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қажеттіліктерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білу керек.

           Баланың дарындылығын дамытуда мұғалім жұмыс барысында әр қырынан көрінуі шарт. Бала әрекетіндегі, қиалындағы саналы күштерді ақырын, нәзік түрде шақырып, оятып отыру керек. баланың санасын оятатын мақсат қоя білген жөн.

           Білім, іскерлік дағдыларды меңгерген педагог-психолог жұмысының бір объектісі – дарынды балалармен жұмысындағы мақсаты – бала мүмкіндігінің барынша көрініс беруі мен дамуына ықпал ету және психологиялық, педагогикалық көмек пен қолдау көрсету.

           Дарындылық дара және қайталанбас, сондықтан әр баланың, жеке тұлғаның дамуы мен оқытуының оңтайлы жағдайлары туралы сұрақтары педагог-психологпен  жеке қарастырылуы керек.

 

Әдебиеттер:

1.             Хеллер К.А.  Зиглер А.И. Лонгитюдное исследование одаренности. М.,1991 

2.             Богоявленской Д.Б. Основные современные концепции творчества и одарённости  М.,1997

3.              Сырышов К.Б. Балалар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас және тәрбие  Алматы 2000

4.              Пекелис  В. Адам қабілетінің қайнары  Алматы 1976