Мектепке даярлық тобындағы балалардың психологиялық дамуындағы жетекші іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесі

Танирбергенова А.Ш. –п.ғ.к., доцент

«Тұран-Астана» университеті

Есқақова Ф. –«Тұран-Астана»

университетінің магистранты

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев әр жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп жасына дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттырып, оны іске асыру мәселесін тапсырады [1].

Қазіргі таңдағы білім беру мен оқытуды ұйымдастыру қазіргі өмір талаптарына сәйкес психологиялық-педогогикалық әдістеменің жаңа түрлерін іздестіруге итермелейді. Осы тұрғысында мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға дайындық және олардың бейімделуі үлкен маңызға ие.

Осы мәселені шешу мектепке дейінгі мекемелердің оқыту мен тәрбие беруде мақсат пен принциппен айқындалады. Сонымен қатар, оның шешімінен кейінгі балаларды мектепте оқытудың сәттілігі де байланысты. Мектепте оқытуға психологиялық дайындықтың негізгі мақсаты болып, мектептік дезадаптацияның алдын-алу табылады.

Осы мақсатты сәтті жүзеге асыру үшін қазіргі таңда мектепке дайын да дайын емес те балалармен индивидуалды жұмыс жасайтын сыныптар ашылуда. Біздің қоғамымыздың алдында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындауға, тәрбие-білім беру жұмысын жақсарту мәселесі тұр. Осы тапсырманы сәтті шешу үшін психологтан балалардың психологиялық даму деңгейін анықтау, уақытында ауытқушылықтарды анықтап, сол бойынша коррекциялық жұмыс жүргізу талап етеді. Балалардың психикасының даму деңгейін анықтау тәрбие және оқыту жұмысын ұйымдастыру және де бала-бақша шартында тәрбие процесінің эффективтілігінің негізі болып келеді

Л.С.Выготский балалардың жас кезеңдерін олардың  жетекші іс-әрекеттің түрі арқылы анықтауды ұсынып, сол кезден бері бұл теория жас  психологиясындағы негізгі теориялардың бірі болып келеді. Бұл идеяны дамыта отырып, Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетінің типтерін, алмасу заңдылығын ашып, жетекші іс-әрекет түрлерінің әр жас кезеңінде орындайтын функцияларын жүйеге келтірген. Қазіргі кезде балалардың іс-әрекет типтерінің ауысуына байланысты бала психикасы детерминациялық байланыста дамитыны дәлелденді.

А.Н.Леонтьевтың әрекеттік теориясы адамның барлық психологиялық қасиеттері іс-әрекет барысында қалыптасатынын дәлелдеген. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша бала іс-әрекет барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже [2], Л.С.Выготский [3], Л.И.Божович [4], Д.Б. Эльконин [5], А.Ф.Обухова [6], Л.А.Венгер [7] т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен.

Қазіргі кезде балаларды мектепке қабылдау барысында психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы олардың оқуға даярлығын бағалау және таным процестері мен жеке тұлғалық қасиеттері зерттелінеді. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша мектепте оқытуға даярлығы төмен болған балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу балаларға психологиялық қызмет көрсетудің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр. Практикалық психологияда мектепке даярлық тобындағы және мектепке жаңа қабылданған балалардың іс-әрекетінің үйлесімділігі мен таным процестерінің жетілгендігін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер жеткілікті мөлшерде жасалған. Олардың ішінде И.В.Забрамная [8], Йирасек-Керн [9], О.И.Мотков [10], А.Анастази [11], Р.С.Немов [12], Е.И.Рогов [13], Р.В.Овчарова [14], Т.Р.Нұрмұхамбетова [15] т.б. ғалымдар ұсынған әдістемелер көмегімен мектепке қабылдаған балалардыдың таным процестері мен танымдық әрекеттерінің үйлесімділігін бағалап, олардың дамуында кемістіктер анықталған жағдайда балалармен неше түрлі түзету және дамыту жұмыстарын арнайы әдістемелер көмегімен жүргізуге болады.

Қорыта айтқанда, бала дамуын талаптарға сай жүргізудің ең тиімді жолы – олардың жетекші іс-әрекеттерінің барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану болып келеді. Психолог жұмыстың техникасын таңдауы ол оның теориялық бiлiмiне және топтың құрылымына тiкелей байланысты болады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, топтық арттерапия ауруханалық жағдайларда үнсiздiкке берiлген пациенттермен жұмыс жүргiзуден басталған. Терапия барысында пациенттер өзге пациенттердiң шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған. Осы қызығушылықтардың арқасында бiр-бiрiмен сөйлесулерi көрiне бастаған. Невроз ауруына шалдыққан адамдар өте өз сөздерiне ұстамды әрi талдағыш болып келедi. Олар өз мүсiндерiн жасағанда немесе краскаға батырылған қолдарымен мүсiндердi бояп, краскамен өздерiн жауып тастаған кезде, олар өздерiнiң қорғаныстарын ашып көрсетедi. Ал шизофрения ауруына шалдыққан адамдарда өзiндiк позитивтi iшкi «Менiн»  көрсетуi үшiн артпсихологтер оларға сыртқы қоршаған ортаны, портреттердi салуларын ұсынады. Бұл суреттер олардың үрейленулерiнiң деңгейiн төмендетедi.

Топтық арттерапияның бiрден-бiр танымал түрi – ол бiрлесiп сурет салу. Әрбiр қатысушы жалпы бiр қағазда немесе тақтада өз ойларына не келедi соны бейнелейдi. Қатысушыларға өздерi жасаған бейнелерге комментарий жасаулары ұсынылады, ал психолог болса, қатысушылар арасындағы контактiлердi ретке келтiруге көмектеседi.

 

Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.         ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015.

2.         Пиаже Ж.  Речь и мышление ребенка. М., 1969.

3.         Выготский Л.С. Сөйлеу мен ойлаудың дамуы. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 1 т. Алматы: 2005.

4.         Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

5.         Эльконин Д.Б. Детская психология. М.: 1988.

6.         Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 1995.

7.         Венгер А.Л. Восприятие и обучение (Дошкольный возраст). М., 1979.

8.         Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития. М.: 1995.

9.         Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.

10.     Мотков О.И. Психология самопознания личности. М.: 1993.

11.     Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.

12.     Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.

13.     Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога.  - М.: 1996.

14.     Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.

15.     Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 4 томды. Шымкент: 2006-2009.

16.     Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника.-  М:, 1990.

17.     Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 1995.

18.     Леонтьев А.Н. Іс-әрекет. Сана. Тұлға. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2 т. Алматы, 2005.