Минасипова А.Р., Қамбатыр Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖАСӨСПІРІМДІК ДАМУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1920 жылдың аяғында Л.С.Выготский психологияда нық белгімен фактілерге қарағанда жалпы теорияның басымдығын айтты. Жасөспірім жайында Ж.Ж.Руссо жаза келіп, бұл шақтың бала дамуындағы ең маңызды кезен екендігін атап көрсетті. Жасөспірімдікті биологиялық, әлеуметтік, биографиялық факторлар анықтайды деген ұғымдар пайда бола бастады. Биогенетикалық теориялар дамудың биологиялық детерминантына басты назар аударды. Бұл бағыттың негізін салушы американдық психолог - Стэнли Холл (1884-1923) болды. Ол биогенетикалық фактордыең негізгі дей келіп, жекелік немесе тұлғалық даму онтогенез филогенездің негізгі кезеңдерін қайталайды дейді. Сондай-ақ Эрист Кречмер (1888-1964) Эрих Иенш (1883-1940) және К.Конрад адамдарды осьтің бойына қоя отырыпекіге бөлуге болатындығын айтты: циклоидты және шизоидты. Циклоитты типтегілерге шизоидты типке жасөспірім шақтағыларды жатқызады, олар: тұйық, эмоциялық, жағынан бәсен басқа адамдармен тез тіл табыса алмайды.

Американ психологы Арнольд Гезелл (1880-1961) «даму» «өсу» ұғымдарын егіз қарастыра келіп дамудың биологиялық модельне ерекше көңіл бөлді, ол былай деді: «10 жас-алтын шақ, бала өмірді жеңіл қабылдайды, ата-анасына мейірімі өте жақсы, 11 жас- импульсті, көңіл- күй тез өзгереді, 12 жас шыдамдылық пен юмор басым, 13 жас - өзін өзі қадағалай бастайды,өзін басқалармен салыстырады, 14 жас ата-анаға сын қоя бастайды, психология қызықтырады. 15 жаста - жеке тұлғалық өзгерістер өте көп болады, ерекшелігі - өз бетінше әрекеттенуге даяр боп келеді, сыртқы жағдайға өте әсерленгіш. 16 жаста-тепе-теңдік орнай бастайды: болашаққа талпыныс, қарым-қатынас деңгейі, өмірге деген көз - қарас, эмоциялық жағынан тұрақтылық дамиды.

Неміс философы әрі психологы Э. Шпрангер (1882-1963) жасөспірімдік жастағы ең негізгі мәселе дағдарыс деп жазды. Дағдарыстың туы – еркіндік алумен байланысты Шпрангер теориясын Шарлотта Бюлер дамыта отырып, өтпелі кезеңнің екі фразасын анықтады: негативтік фраза - бұл кезең әрекетке деген қабілет төмендігімен, мазасызданумен, айбарлықпен ерекшеленеді. Позитивті фраза - бұл кезеңде сезімдер күшейеді, арман мен фантазия жақсы көрініс береді, қоршаған ортаға аса қызығушылықпен қарайды.

Гештальт психологиясының негізін салушылардың бірі Курт Левин (1890-1947) жасөспірім психологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Левин концепциясының ерекшелігі сол, ол жасөспірімдік кезең әлеуметтік – психологиялық құбылыс дей отырып, психикалық дамуды әлеуметтік жағдаймен байланыстырады. Ал Жан Пиаже (1896-1980) жасөапірімдердің ойлау әрекетіне көп көңіл бөлді. Автриялық психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939) жасөспірімдердің жыныстыдамуы мен ерекшелігіне көп көңіл бөлді. Неофридизмнің негізін салушылардың  бірі Американдық психолог Эрик Эриксон (1902- 1982). Эриксон бойынша адам жетіліп, дамуы үш буыннан тұрады: соматикалық даму, «Мен» санасының дамуы, әлеуметтік даму. Бір буыннан екінші буынға көшіп отыру «нормативтік кризис» түрінде жылжиды. Эриксон бүкіл өмірлік циклды сегіз фразаға бөледі:

1.                     Жаңа туылған бала.

2.                     Ерте балалық шақ.

3.                     Мектепке дейінгі шақ.

4.                     Мектеп жасындағы бала

5.                     Жасөспірімдік шақ.

6.                     Жастық шақ.

7.                     Ересектік шақ.

8.                     Кәрілік шақ.

1920 жылдардағы психологтар жасөспірімдік шаққа үлкен мән берді, әсіресе, психологиялық сұрақтар кең  әлеуметтік жуйеде қарастырылды. Жыныстық жетілудің заңдылықтары, ақыл-ой дамуы, әлеуметтік белсенділік формулалары, балалардың ішкі жан-дүниесі егжей тегжейлі зерттелген. Осы кезеңнің таңдаулы жұмыстарының қатарында. В.Е. Смирновтың да еңбектері бар.

Сондай-ақ Л.С. Выготскийдің идеялары жалпы және жас ерекшілгі психологиясының (Л.И.Божович, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконоин,А.В.Петровский т.б.) дамуына үлкен үлес қосты.Л.И.Боживичтің сипаттауынша жасөспірім шақта жеке тұлғаның мотивациялық сферасының маңызы өте зор. Шешеу рөль «ішкі позициясының»динамикасына беріледі. «Ішкі позиция»адамның қоршаған ортаға, өзіне және ақиқатқа деген көзқарасын білдіреді. Кейінгі жылдары жалпы және әлеуметтік психология саласында көптеген жаңалықтар енгізуге атсалысып жүрген ғалымдар Б.Г. Ананьев психикалық дамудың теңсіздігін көрсетті, К.А.Абулханов - Славская, Н.А.Логинова өмірлік жол, Е.И.Головохин жеке тұлғаның психологиялық кезеңдерін көрсетті.

Жасөспірімдік шақты зерттеуге арналған көптеген лонгитюдтер бар, оның бірін Германиядағы жастарды зерттеудің орталық институтында Вольтер Фридрих және Гарри Мюллер басқарды. 1000 шақты адам зерттеуге алынып, ақыл – ой, дене және әлеуметтік даму зерттелді. Ұлдар мен қыздар арасындағы психологиялық өзгешеліктер көрсетілді.

 

Әдебиет:

1.       Беркс Р.Развитие Я-концепции и воспитание. М. 1993

2.       Бескина Р.М.Чудковский В.Э Воспоминание о будущей школе. М.1968г.

3.       Божович А.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.М.1986.

4.       Буянов М.И. Ребенок из неблогополучной семьи. М.1983