М.Х.
Дулати атындағы ТарМУ оқытушысы
Шонов
Еркін Шайбекович
Дене шынықтыру студенттер өмірінің
бейнесінде
Дене шынықтыру пәнінде
жаңа технологияларды қолданудың орны орасаң болары
хақ. Білімгерлердің танымдық қабілеттерін арттырып,
салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа
байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде білімгерлердің
білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға
қол жеткізуге болады. Пәнге деген қызығушылығын
арттырып, білім сапасын көтеруге
сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор.
Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен
қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын,
тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ
сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды
жүргізу нәтижесінде білімгерлердің белсенділігі артып,
спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Жаңаша әдістерді
сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен
практиканың ұштасуына мән бергенде ғана
жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы
бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп
оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру
пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру
пәні не береді?»-деген сұраққа: Қимыл қозғалысты
береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені
шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын
меңгертеді.
Білімгерлерге патриоттық
тәрбие беру, отансүйгіштікке, елін қорғауға
Қазақстан мемлекетінің намысын қорғайтын азаматы
болуға дайындау барлығымыздың міндетіміз. Білімгер жастар
дене тәрбиесі және спортпен шұғылданса ертеңгі
Республикамыздың арнайы кәсіпкер мамандарын дайындаймыз.
Дене шынықтырумен жастайынан
шұғылдану білімгерлердің үлкен спортқа жолдама
алуына мүмкіндік береді. Ол үшін спорттың бір түрімен
айналысып жоғарғы көрсеткіштерге жетуге тырысып,
Қазақстанның намысын ірі Халықаралық ареналарда
қорғауға мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру білімгерлер
өмірінің бейнесі ретінде тек қана оның жеке
тұлға ретінде емес, оның әлеуметтік бағасына
септігін тигізеді. Дене шынықтыру жастарға бұқаралық
ортада әуесқойлық баға береді. Көптеген
зерттеулердің белгілегені дене шынықтыру және спортпен
үнемі айналысқан білімгердің жоғарғы
белсенділігінің артуы, өзі-өзіне сенімділігінің артуы,
алдына қойған мақсатының орындалуы,
қоршаған ортада, оқуда және еңбекте өзін
еркін сезінумен айқындалған. Олар әрқашан
қызметтес болуға дайын, әлеуметтік сезімге мақтанады,
сыртынан айтылған сын-ескертпелерден қорықпайтын болады.
Дене шынықтыру
пәнінің басқа пәндерге қарағанда
көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен білімгерлердің
қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де
білімгерлердің бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген
қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған
сабаққа байланысты. Сондықтан білімгерлердің
пәнге қызығушылығын арттыру жақсы
ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан
білімгерлердің пәнге қызығушылықтарын арттыру
мақсатында мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен
практиканы ұштастыру жаңа инновациялық технологиялардың
тиімділігі баса назарда болуы қажет.
Дені сау адамның
көңіл-күйі көтеріңкі өмірге
құштар, қандай іске болсын дайын, мақсатына жету
жолындағы қиыншылыққа төзімді болады. Ал, ауру –
адамның мүмкіндігін шектейді, көңіл-күйі
жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап, алдына айқын мақсат
қоя алмайды. Мұны мен айтқым келгені, дене шынықтырумен
айналысып тұруымыз керек, сонда ғана деніміз сау болады.
Дене шынықтыру – спорт
қызметінің негізгі құрамдас бөлігі. Салауатты
өмір салты болып табылады. Негізгі оқу орындарында дене
тәрбиесінің деңгейін айқындайтын білімгердің күнделікті
өмірде дене шынықтыру спорт
қызметіне енгізу дәрежесіне көзін жеткізу болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесі
сабағы көптеген зерттеулердің, көптеген
тәжірибелердің көрсеткіштеріне қарап,
білімгерлердің көрсеткіштеріне қарап, білімгерлердің
күнделікті өмірінде дене шынықтыру спорт қызметіне
маңызды мән береді. Білімгер жастарымыздың әр
түрлі жат қылықтардан арылтуға, темекі мен алкогольді
ішімдіктерден, наркомания мен токсикоманияға қарсы, салауатты
өмір салтын ынталандыру шараларын
жасау біздің басты міндетіміз. Елбасы Н.Назарбаев
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында жастарды
тәрбиелеу, болашақта жастар қоғамымыздың негізгі
құрамдас бөлігі болып табылатынын атап көрсетті.
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,
есірткі, темекі және алкогольді тұтынуды қойып, тазалық
пен санитария шараларын сақтауымызға және тағы сол
сияқтыларға бағытталған.
Білімгердің дене шынықтыру
және спортпен үнемі айналысуы, оның жалпы сабақ кезінде
дене шынықтыру жаттығулары денсаулығына пайдасы тиіп,
оқу үрдісінде қозғалыстағы белсенділігін
тұрмыста, оқуда, демалуда жақсы мүмкіндік береді.
Жоғарғы оқу орындарында білімгер жастардың дене шынықтырумен
айналысудағы үлкен мүмкіндігі оқытушы –
жаттықтырушылардың кешенді бағыт беру жолдары, олардың
өз пәнін құрметтеумен шектелген. Мысалға,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде білімгерлермен
тәрбие жұмысын жетілдіруде дене тәрбиесі оқытушыларының
факультет аралық спартакиададағы команданы
тыңғылықты дайындап, оларға жетекшілік етеді.
Білімгер жеке тұлға ретінде
белгілі жастағы адам ретінде үш жақты мінездеме бере алады.
Бірінші, қоғамдық құбылыс көрсететін
әлеуметтік жағдай. Білімгер
жеке тұлға ретінде әлеуметтік белсенділігі
жағынан өзін-өзі көрсету арқылы, білімгерлер
ортасына кіру, өз функциясын орындау, жоғарғы оқу
орнында оқыту және тәрбиелеу үрдісіне жазылу болып
табылады. Екіншіден, оның психологиялық тұлғасы,
оның жеке тұлға ретінде психикалық құбылыс.
Үшіншіден – биологиялық жағдайы оның
жоғарғы нерв қызметін қосатын анализаторлық
құрылымын, дене құрылысын және тағы
басқа құбылысты біріктіреді. Бұл биологиялық
бөлігі көбіне генетикалық жағынан айқындалған,
оның тәрбиелік және өзін-өзі тәрбиелеу
бағытында өмірдегі жағдайымен өзгертілген.
Оқытушы әр білімгерге жеке анализ бере отырып, оларға
жаттығуға спорттың қандай түрімен
айналысуға бейім екенін түсіндіріп, кеңес беру қажет
болады. Білімгер өзіне-өзі сенімді болу үшін күш-қайратын,
мінезін, тексеру, қиын жағдайда өзін алып шығу басты
міндеті. Білімгер жасқа мінездеме бере отырып өзін-өзі
тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу керек. Бұған
білімгер жеке бюджет уақытын, қаржысын, оқу
жүйесінің талаптарын тағы басқа жоспарларын міндеттейді.
Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті
жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең
маңызды мәселе болып табылады. Салауаттылық ұғымы
қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден
келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын
жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен
айтқанда, өз ұлтының
дінін ұстануға үйрету. Салауаттылық – ішкіліктен,
есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын
сақтау.Жастар әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды
әдеттерге әуес болса, ол мемлекет қашанда әлсіз,
қорғансыз. Жастар – біздің болашағымыз. Ал бізге
болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы
қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі
жастар – ертеңгі қоғам иелері.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дене тәрбиесі: С.Тайжанаров, А. Құлназаров, Алматы
«Атамұра», 2012 жыл
2. Дене тәрбиесі: С. Қасымбекова, С. Тайжанов, Алматы «Атамұра» 2011 жыл
3. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының
тарихы мен дамуы: Е.Шоңов, Тараз қалалсы, 2015 жыл
4. Н.М.Аносов, Эксперимент по омоложению, журнал «Будь здоров» 2005 год, №2,3