Бас киімдердің жіктелінуі сұрақтарына

Байұзақова Г.С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет, Тараз қаласы, ҚР

Сән тарихшыларының пікірі бойынша бас киімдердің екі негізгі түрі бар: күнқағар/телпек және қалпақ, сондай-ақ екі негізгі силуэт – жазықтығымен және жазықтықсыз. Қалғандарының бәрі – олардың нұсқалары. Соңғы 500 жылда көбіне тек өлшемдері, көлемдері, пропорциялары, силуэттері мен бас киімдердің бөлшектері ғана өзгеріп отырған.

Әйгілі сән тарихшысы Колина Макдаулдың пікірі бойынша бас киімдердің үш негізгі түрі бар: күнқағар, телпек, қалпақ; 2 негізгі силуэт: жазықтығымен және жазықтықсыз. Ал қалғандарының барлығы – олардың нұсқалары.

Тұрмыстық қызмет көрсету өнеркәсібі үшін Орталық тәжірибе-техникалық тігін зертханасы (ОТТТЗ-ЦОТШЛ – Центральная опытно-техническая швейная лаборатория) ассортименттік жіктелінуі дайындалды және онда барлық бас киімдер төрт белгі бойынша жіктелінеді:

1.       Маусымдық белгілері бойынша: жаздық, қыстық, көктемдік, күздік;

2.       Шикізаттық белгілері бойынша: фетр, сабан, үлбір, былғары, жасанды маталар және табиғи;

3.       Пішіндері бойынша: жұмсақ (тоқу, тігу, өру), қатты (қалыпталған);

4.       Белгілері бойынша: салтанатты, күнделікті, ұлттық.

Бас киімдердің өлшемдік жіктелінуі жеке дайындалған болатын. Соған сәйкес күрделілігі үш топтан тұратын бас киімдер шығарылды: бірінші, екінші және үшінші. Үлкендер үшін бас киімдердің өлшемі – 53-тен 62-ші, жасөспірімдер және мектеп жасындағы балалар үшін – 50-ден 56-шы, сәбилер үшін 45-тен 47-ге дейін. Бастың өлшемін анықтау үшін желкенің шығыңқы бөлігі бойынша және құлақ доғалының және қас доғасынан 1,5-2,0 см жоғары сантиметрлік лентамен айналымы өлшенеді. Бас киімдердің өлшемдері бас киімге ішкі жағынан салынатын сақина - өлшегішімен анықталады.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында Т.В. Козлованың, Г.И. Петрушкованың, Л.Б. Рытвинскаяның еңбектерінде бас киімдердің толық жіктелінуі дайындалған. Онда ең алдымен пішін қалыптастырудың тектоникалық белгілері ескерілген. Сонымен қатар, тектоника материалдардың пластикалық қасиеттерінің есебі, пропорционалдық қатынастардың және бөлшектердің ырғақтық ұйымдастырылуына негізделген пішіндердің көркем көрнекті құрылыстық шешімі ретінде қарастырылған.

Костюм элементі ретінде мұқабалық және каркастық құрылым диапозонына енгізілетін бас киімнің тектоникалық шешімі де осы деңгейде қарастырылады.

Жұмыстарда еуропалық костюмдегі бас киімдері қызметтерінің тарихи дамуы пішіндердің алуан түрлілігін көрсетіп өткені айтылады. Материалдар қасиеттерімен тікелей сәйкес келетін немесе материалдар қасиеттерімен контрасттық байланысқа және құрылыстық шешімге негізделетін бас киімдер әр түрлі кеңістіктік шешімге ие болған: бастың пішінін қайталайтындай (мұқабалық түрі) басты тығыз қымтыған, материалдың пластикалық қасиеттеріне байланысты және каркасты құрылыс көмегімен тапсырылған пішінге ие.

Онда негізгі көлем анық ескеріледі – төбелік. Ол алуан түрлі пішінді болуы мүмкін. Төбелік жазықтар мен қалқанмен серпімді байланысады, бірақ өзіндік мәнге де ие болуы мүмкін. Ұлттық костюмнен заманауи костюм тұтастығымен ерекшеленетін пішіндерді алған. Яғни, адам басының этникалық ерекшеліктерімен салыстырғандағы серпінділік нақтылықпен.

Жеке белгілері бойынша жоғарыда келтірілген бас киімдердің жіктелінуі салыстырмалы кестені жасауға мүмкіндік береді. Кесте 1 суретте берілген.

Бас киімдердің жіктелінуі

Сұлба 1

 

 

 


Қатты тұрақты пішінді

 

Жұмсақ тұрақсыз пішінді

 

Күрделі пішілген сәнді

 

Басты қынап қойған

 

 

Сурет1 – Бас киімдердің көлемді-кеңістіктік шешім бойынша жіктелінуі

Сонымен, бас киімдердің даму тарихының, сән тенденцияларының сараптамасы және бас киімдердің жіктелінуі жобалық істерді жүзеге асыруға қажетті білім базасы сияқты бас киімдердің алуан түрлі піщіндері мен материалдарының ассортименттік глоссарийін құруға мүмкіндік береді.