Бас киімді жобалау ерекшеліктерінің сараптама
мәселелері
Байұзақова Г.С.
М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университет, Тараз қаласы, ҚР
Бас киімнің
композициялық жобалану негізі келесі бірізділікте қарастырылады:
-
нақты оның белгіленуіндегі бас киімнің
басты қызметін анықтау;
-
бас киімнің костюммен және адам денебітімімен
композициялық өзарабайланысы;
-
бастың және беттің бедерімен бас
киімнің пішіні мен сызықтарының композициялық
үйлесімі;
-
бастың морфологиялық белгілерімен бас киімнің
тектоникалық өзара әрекеті;
-
адамды бас киімде көрген кезінде пайда болатын
көзқарастық елестер.
Мұндайда бас
киім костюм пішінінің барлық жүйесін аяқтайтын
композицияның элементі ретінде қарастырылады. Костюмнің
барлық пішіндерінің серпінділік байланысының негізгі шарты
олардың масштабтылығы мен серпінділік үйлесімділігі болып
табылады. Костюмнің негізгі бөлігіне (пальто, көйлек)
қатынасы бойынша бас киімнің масштабы бір жағынан жалпы
костюмнің нақты белгіленуімен, оның басты қызметімен,
ал екінші жағынан – берілген уақыттағы басқарушы
эстетикалық идеалдарымен анықталады. Негізгі бөлігіне
қатынасы бойынша бас киімнің пішіндері пішіндердің
серпінділік шешімінде қарама-қайшылық, нюанстық немесе
тепе-теңдік қатынасты принциптері бойынша құралуы
мүмкін. Бас киім мен костюм пішінідері арасындағы алуан түрлі
қатынастары осы пішіндердің адам денебітімімен сәйкестігін
көрсетеді. Пальтоның, костюмнің массивтілігі үлгіні
жасаушы автордың көркемдік ойынан ғана емес, сонымен
қатар адам денебітімінің өлшемдеріне байланысты және
костюмді нақты жобалауда тұтас жүйе ретінде ескерілуі тиіс.
Бас киімнің және иық белдеуінің пішіні мен
сызықтарының өзарабайланысы бар.
Бас киімнің
бас пен бет қырларының түрлерімен композициялық
өзарабайланысы, сондай-ақ бас киімнің пішіндері мен
сызықтарының бастың тірек беттерімен және
композициялық сызықтарымен үйлесуінің өзара
әрекеті байқалады. Бастың беттігі белгілі бір көлемдегі
бас киімді талап етеді. Тепе-теңдік принципі бойынша дайындалған ол
бастың көлемін қайталай отырып, басты жауып тұрады
(орамалдар, тоқылған бөріктер, байламша, дулығалар
және басқалар). Мұндай бас киімдердің пішіндері
ең алдымен утилитарлы қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.
Эстетикалық қажеттіліктер материал фактурасымен, оның
түсімен және т.б. қамтамасыз етіледі.
Қарама-қайшылық принципі бойынша құралған
бас киім біршама көлемді болады. Оның пішіні мен пропорциясын
міндетті түрде костюмнің (пальтоның, көйлектің
және т.с.с.) негізгі бөлігінің пішіні мен пропорциясымен,
денебітім сипатымен және бастың сипатымен – оның жалпы
көлемімен, ми пішінімен және бет бөліктерімен өлшеп
көру қажет. Біршамалық көлем бас киімдегі
эстетикалық немесе символикалық қызметтердің
басымдылығымен байланысты болуы мүмкін (символикалық қызметтің
басымдылығы көбіне ұлттық костюмдерде шешілетін, ал ХХ
ғасырдағы лауазымды костюмдердің бас киімінде
эстетикалық қызмет басым болады). Нюанс принципі бойынша
жасалған бас киім көлемі бойынша бастан көлемдірек болады.
Осы принцип бойынша заманауи бас киім жасалады. Бастың көлеміне
деген оның тиімді көлемінің қатынасы 2:3 бейнеленеді,
бірақ 1:3, 3:4, 3:5 қатынасы да қолданылады. Мұнда
көбіне костюм бөлігі ретінде бас киімнің заманауи
қатынасы анықталады. Ол бірмезгілде утилитарлы және
эстетикалық қызмет орындалуы тиіс. Бас пен беттің
тұрақты сызықтарымен бас киімнің сызықтары мен
пішінідерінің сәйкестенеді. Егер бастың
құрылыстық белдеулері салыстырмалы түрде бас
киімнің деңгейі анықталатын координаттар болса, онда
оларға нақты бағыну бас киімнің баста түзу
«отырғаны» болып табылады. Тік сызығынан аздап (нюанстық)
ауытқуы бас киімнің бір жағына қарай жылжығанын,
көлденең сызығынан адзап ауытқуы артқа
(алдыға) жылжығанын білдіреді. Ал біршама ауытқуы
(қарама-қайшы) – бұл бас киімнің желкеге
жылжығанын немесе төбелікте «отырғанын» немесе
құлақшынша құлаққа жылжығанын
білдіреді. Сонымен қатар, құрылыстық белдеулермен бас
киімнің сәйкестігі әр түрлі болуы мүмкін:
біреуімен тепе-теңдікте (мысалы, бас айналымының сызығын
қайталау), ал біреуімен – қарама-қайшылықта болуы
мүмкін (тік немесе көлденең сызықтарымен немесе
екеуімен де бірге). Бұл бас киім көлемінің
асимметриялық шешіміне ықпал етеді. Бас киімнің орналасуын
нақты анықтаудың жобалау кезеңі костюмнің
және салыстырмалы бастың жалпы жүйесінде эстетикалық
айтылуы «салынған» кезінде (масштаб пен пропорциясын
анықтағаннан кейін) шешіледі. Нақты адамның бас
пішінімен және беттің қырларымен өзара
әрекеттесе, олармен серпінді бағына отырып, бас киім адамның
бейнелік сипатын айқындайды. Осыған байланысты, оның жеке
даралығы ерекше «айтыла» бастайды. Бұл бас киімнің сенімді
маңыздылығы композициялық тұрғыдан бас
киімнің пішіні мен сызықытарының бас пішіні мен бет
қырларымен (сызықтарымен) жанасу арқылы жетеді.
Өйткені, адамның қабылдауында (оның көзімен)
қабылданатын нысанның шеттік нүктелері арасындағы
тәуелділікті бекіту тән қасиет, бас киім
сызықтарының дамуын киім сызықтарында, оның иық
белдеуін бас сызықтарында көру заңдылық болып табылады.
Бұл бас киім сызықтарының тәуелділігі бастың
және оның бет бөлігінің тұрақты және
ұтқырлы сызықтарымен орнатылады.
Сонымен мынадай
қорытынды жасауға болады, бас киім сызықтарының
бастың және беттің тұрақты сызықтарымен
сәйкестенуі бас киім сипатының адам сипатымен принципиалды
сәйкестігін қамтамасыз етеді. Сондықтан бас киімдерді жобалау
кезінде олардың өнеркәсіптік өндіріс кезінде берілген
адам түрі үшін тұрақты осы сызықтардың
сипатын ескеру қажет.