Аға оқытушы, магистр  Мукаева А. М., 4 курс студенті Уалиев Н. Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

«Өнер» — мәдениеттің айнасы

Өнер – қоғамдық сананың ең көне салаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.

Суретші- дизайнер творчестволық процесінде өнердің көршілес аймақтарының әдістері мен категорияларын қолдануға құқығы бар. «Өнер туындысы- бұл адам жаратушының, немесе басқада дәуір адамдарының, біздің беймәлім суретшінің өзіндік тіршілікке көзқарасы». Суретші ретіндегі дизайнер іскерлігінің  нәтижесі тек қана оның терең ойлауымен ғана емес, сонымен қатар автор идеяларын материалдардада түрлі әдістермен шебер қолдана білуі.  Осының ішіне дизайн творчествасына байланысты қандайда бір қатынасы бірден немсе зерттеулерден кейін пайда болды.  Бұл өнердің барлық түрлерінде:музыка, әдибетке, бейнелеу және декоративті өнерге қатысты.

Дизайндағы концепция  дизайнердің негізгі  ойын көрсетеді. Стильдегі нысандық қабылдаудың  жоғарғы дәрежесіне қарамастан дизайн концепциясын  жүргізу және  оны ортада ерекше қолдану қажет. Дизайндағы  концепция-көркемдік негізгі ой және  эмоционалды  әсер етуін анықтау, анық бейненің  сезінуін көрсету, қазіргі заманның сән үлгісіне қатысты әр түрлі  стильдік бағыт.

 Дизайн концепция – болашақтағы  өнеркәсіптік дизайн  нысанының негізгі бейнелі ойды көрсету қажет. Жобалау графикасының  барлық түрлерін  пайдалану және  жоғарғы дәрежедегі  стильдеу көрінісі қажетті түрде жіберіледі. Дизайнердің шығармашылық  қайнар көзі болып өнеркәсіптік дизайн нысанын жобалаудағы табиғат көрінісі, айналасындағы  болмыс жағдайлар, қоршап тұрған орта және т.б. болып табылады.

       Ұсынып отырған жұмыста шығармашылық түп нұсқа ретінде  «Тау бөктерінде»  үлгісінің бейнесі ұсынылады (сурет 1).  Кез-келген нақты шығармашылық түп нұсқа тек өзіне тән ерекше  мінездеменеді. Осы  мінездемелетін  ерекшеліктерін көре білу және айқындау дизайнердің бұйым жасаудағы тапсырмаларының бірі.

       Алыстағы тау тұлға бітімі, бірінші пландағы көлшік жағасындағы көк шөптер мен қой тастар және екінші пландағы жасыл шыршалардың  көркемдік шешімі өздеріне тән ерекшеленіп, пішін құруына өзгеше мінездеме тудырады.       Композициялық шешім арқылы мінездеме берсек,  үлгідегі шамаластық принцип ұйымдастырылуы, ішкі көлемдік толтыруын және массамен көлемнің элементтерінің бір-біріне сәйкістілігін анықтайды.

       Теңгерілу принцип пен баға берсек композиция  тұрақты, симметриялы және тепе-теңдікті. Пішін құрылымы және түс шешімі қарама қайшылық,  тау, тас, су, ағаштар фактураның қарама-қайшылық шешімімен келістірілген. Шығармашылық түп нүсқа мөлшер, орталық орналасу, мәң мағналы заңдар арқылы өз-ара композициялық шешімдеріне ие болуда. Бейнелік шешімде ырғақтык тәртіп қолданылып, үлгінің пішін құруына динамикалық қозғалыс беруде [1].  Шығармашылық түп нұсқаның пішін құру нәтижесін шамаластық қағида арқылы қарастырсақ, оған мынандай сипатама беруге болады. Шамаластық қағида сызық, масса және мөлшер арқылы анықталады.

        Сурет 1. Шығармашылық түп нүсқа. Тау бөктерінде

 Нақты шешім үлгісінің нұсқасы – үлгі, көркемдік-құрылымдық, қойылған талаптарға толық жауап беретін және дизайн-концепциясын толық көрсетеді. Ұсынылып отырған жұмыс – майлы бояумен жазылған тау композициясы.

          Көркем жобалау жүйесінде бұйым түрі күрделі процестен өтеді.Жұмысымыздың графикалық ізденісінің соңы, таңдалған үлгіге келіп тіреледі. Эскиздерді жасау  шығармашылық  ойды қалыптастыруға  мүмкіндік жасайды.    Жоғарыда айта кеткендей, эскиз жасау  процесі  нысананың принципиальді  схемасын бөлшектерге содан соң бұйымдардың  жалпы пішініне қарай жүреді. Графикалық шешім  бұйымды толық көруге мүмкіндік береді: көлемін, пішінін, пропорциясын, түсін анықтайды.

          Ұсынып отырған жұмыс майлы бояумен жазылған (сурет 2). Жұмыстың  композициялық шешімі  бір топ –  шыңында қар жатқан, бөктері көкшіл қоңыр  түсті тастардан  құралған. Композицияның жалпы хроматикалық шешімі ахроматикалық түсті  арқылы бір түтастыққа келіп түр.

 

Сурет 2.   Хан-Тенгри тауы

              Композицияның фондық шешімі, таудың бейнесінен фонға түсіп түрған құлай түскен көлеңке,  композицияның жалпы түстік шешімін сақтай отырып ашық ауа түспен берілген. Көркемдік жобалаудың жасалуы әдемі болып көрінуіне, қозғалысты көзбен шолу арқылы сызығымен, сұлулығына қызмет етеді. Бұны дайындау кезінде игеру түрімен келеді. Ерекше тәсілі, өнерде ойлау түрі де болады. Ойлау түрі бұл жерде дизайнердың қызметімен көркемдік туындысында. Ол бейнені көркемдік таңдау арқылы үйлестіруімен  «ұстап» алып,сол арқылы келесі   бейнені ойластыра қосады. Інжу  үлгісін жасағанда дизайнер функционалды және эстетикалық қасиет арқылы анықтамасы анықталады. Көркем бейнеге іздену ол дизайнер өзіндік деген ерекшілігі болады [2].

     Ұсынып  отырған картинаның көркемдік шешіміне назар аударсақ, композицияның жалпы эстетикалық, түстік ұсынысы өте маңызды. Пәлсәпе тілімен айтқанда, типтік образды жеке образ арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.

Демек, көркем образды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді, себебі, әдемілік, әсемділік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады.  Сондықтан, жобаланатын  бұйымның нақты шешімі, көркемдік-құрылымдық пішіні, қойылған талаптарға толық жауап беретін және дизайн-концепциясын толық көрсетуіне және өнердің шындық көрініс құбылысына келіп тіреледі. Ал,  «Өнер» — мәдениеттің айнасы деп бекерде бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері қалыптасады.                                                                                           

 

Әдебиеттер тізімі

1.     http://www.doviendi.ru/wp-content/uploads/2011/08/podushka.jpg

2.     http://www.moskva-matras.ru