Кирбасова Лейла Габитовна

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті

Қазақстан  өнеркәсібінде инновациялық әлеуетті көтеру жолдары

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды жетілдіруде басқару механизмін қалыптастырудың, соның ішінде ғылым мен техника саласын басқаруды дамытудың маңызы зор. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Әртараптандырылған және сапасы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның секторлары мен жеке салаларын дамыту басты мақсат болып табылады. Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуді қолға алып отыр. Индустрияны дамытудың кластерлік тәсілін пайдалану әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қабілетті дайын өнім өндіруге қол жеткізу үшін өндіріс факторларын бір жерге жинауға мүмкіндік береді. Демек, бұл бәсекеге қабілетті салалардың жиынтығын құрау деген сөз.Яғни мен бұл жерде Қазақстандағы өнеркәсіпті дамытудың негізгі бағыттары мен жолдарына тоқталайын деп отырмын. Міне, бүгінгі күні отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына келтірер кедергілер көп. Соның біріне өнеркәсіп өндірісіндегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр.

Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуының басымдығы кәсіпорын өндірісінің ескі құрал-жабдықтарымен жұмыс істеп  импорттық баламалармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді. Қазіргі кезде қолданылмай бос тұрған техниканың ішінде де  моральдық және табиғи тозығы жеткен құралдардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру жұмыстарының дәрежесі өте төмен деңгейде. Жалпы алғанда, моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Көптеген ғылыми ізденістерде, соның ішінде еліміздегі экономикалық әдебиеттерде инновация ғылыми-зерттеу үрдісінің тікелей жалғасы ретінде қарастырылған. Бірақ экономикасы инновацияға бет бұрған көптеген елдер тәжірибесінен инновацияның ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізумен ғана емес, сонымен қатар оның нәтижелерін пайдалануда қол жеткен табыстармен анықталатынын байқауға болады. Инновациялық жаңалықтар ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, тауар өндірушілердің тұтынушылармен және бәсекелестермен нарық конъюктурасына сәйкес ақпараттары байланыста болуын қажет етеді.

Осыған байланысты инновацияны әзірлеу үшін қажетті білімнің ғылыми үрдістің жүру барысындағы білімнен айырмашылығы болады. Бұл айырмашылық инновациялық қызметтегі өзара байланысты қызметтердің жиынтығынан тұрады. Ол технологиялық сынақтар, нарық мониторингін негізге алады. Әрине, бұл жерде кәсіпкерліктің рөлі жоғары.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық әлеуеті (өнеркәсіп, сала, кәсіпорын бойынша) инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті интелектуалдық, ғылыми, ғылыми-техникалық, материалдық, өндірістік, қаржы-инвестициялық және басқару ресурстарының жиынтығын білдіреді.

Экономикасы дамыған елдерде инновациялық қызмет кәсіпқой менеджментпен үйлестіріле отырып, өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістің басқару тиімділігін көтерудің негізгі алға жетелеудің күшіне айналған. Сөйтіп, олармен ғылыми-техникалық жасалымдардың иелері, инновациялық өнімдерді тұтынушылар, несие-қаржы, патентті-лицензиялық, консалтингті, оқу-әдіснамалық және тағыбасқа мемлекеттік және жеке құрылымдар айналысады.

Өндірістік кәсіпорындарда өндірісті техникамен жарақтандыру қосымша инвестицияларды қажет етеді. Машиналар мен құрал-жабдықтарды импорттау өндірістің технологиялық деңгейін көтеруге мүмкіндік бермей отыр. Біздің талдау нәтижелеріміз негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция өндірісті толық жаңартуға емес, тек оны қолдау шараларын жүргізуге ғана жұсалатынын көрсетті. Сондықтан инвестицияны пайдалану, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде өте төмен деңгейде деп тұжырым жасауға болады.

Қазіргі кезде технологиялық үрдістерді жаңарту мен ресурстарды үнемдеу арқылы өнімнің сапасы мен бәсекелік қабілетін көтеретін инновацияны енгізу басты мақсат болуға тиіс. Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инновациялық белсенділіктің төмен болуы оның экономикалық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізіп отыр.

Өнеркәсіпте инвестициялық-инновациялық әлеуетті көтерудің негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:

а) өнеркәсіптің инновациялық әлеуетін көтеру;

б) өнеркәсіп салалары құрылымындағы қарама-қайшылықтарды жою;

в) өнеркәсіп өнімдері мен қызмет түрлерінің тұтыну нарығын кеңейту;

г) өнеркәсіп технологиясының ескіруіне жол бермеу;

д) өндірістік-экологиялық проблемаларды шешу;

ж) индустрияландыру үрдістерін инновациялық және инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету тетіктерін анықтау және т.б.

Нарық жағдайында инновациялық сфера тоқырау құбылыстарына тез сезімталдық білдіріп, өнеркәсіп құрылымының өзгеруіне әсерін тигізеді. Нарықтық экономикада инновациялық идеяларды жүзеге асыру үрдісінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоймақ. Өйткені             «Ақша-инновация » ережесіне негізделген жүйеде тезірек табыс табу үшін басқа кәсіпорындар біраз уақыттан бері игерілмей келе жатқан жаңа рыноктарды, оның ішінде сыртқы рыноктарды бағындыруға аса тиімді әрі таптырмас құрал болып есептелінеді.

Көп жағдайда инновациларды өндіріске енгізу кезінде кездесетін қаржы тапшылығы жаңалықтарды ойлап табу, іздестіру, өндіріске енгізу, қолдану және т.б. іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі жасап отыр. Сондықтан, мемлекет тарапынан және өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының жеке қаражаттарынан құралатын инвестициялар көлемін инновациялық үрдістермен  тығыз байланыстырған жөн.

Енді Қазақстан өнеркәсібінде инновациялық әлеуетті көтеру үшін не қажет екендігіне тоқталып өтейін:

-       инновациялық стратегияның басым бағыттарын анықтау;

-       инновациялық қызметтің белсенділігін күшейтетін экономикалық, институтционалдық және нормативті-құқықтық климатты қалыптастыру;

-       ғылыми-өндірістік және инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

-       инновация облысында халықаралық байланысты күшейтуге ықпал ету, технологиялық трансферттің ішкі және сыртқы каналдарын дамыту;

-       инновациялық мақсатқа арналған қаржы ресурстарын пайдалану механизмін қалыптастыру;

-       маркетингтік, аналитикалық және конъюктуралық зерттеу орталықтарын құру арқылы экономиканың нақты секторында инновациялық дамуды таңдамалы түрде конъюктуралық зерттеу жүргізу және инновациялық қызмет субъектілерін ақпараттармен қамтамасыз ету;

-       амортизация нормаларын ырықтандыру қажет. Жеке алғанда, негізгі қорларды жаңарьу стимулдарының бірі ретінде негізгі қорлардың жағдайын жан-жақты зерттеу арқылы амортизация нормаларын көтеру мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

      Сонымен қорыта келгенде өнеркәсіп әлеуетін жетілдіру үшін инновациялық белсенділікті арттыру, қаржыландыру көздерін дамыту  және инвестициялық-инновациялық стратегияның тиімді варианттарын таңдау арқылы оның ұтымды жолын табу керек.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.       И.Т.Балабанов; «Инновационный менеджмент», «Питер», Санкт-  

     Петербург, 2001

2.       Ахметов Қ.Ғ.; «Менеджмент негіздері», Алматы, 2003

3.              Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.; «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003

4.     Қаржы-қаражат ( Финансы Казахстана ) Научно-практический журнал 6/2007

5.              www.nbuv.gov.ua/portal/natural