Прикрепите Вашу научную работу в виде файла Microsoft Word с расширением .doc или . rtf . 

Ваши данные

Название секции: ПЕДАГОГИКА. Современные методы преподавания

Авторы: Тлегенова Кулян Аубакировна, Досанова алтынай Жапаровна

Название работы: Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуда компьютерлік әдісті қолданудың тиімділігі

Количество страниц: 5

Количество журналов(сборников): 1

Страна: Казахстан

Мобильный телефон: (701)683-09-58

Наука: ПЕ

Подсекция: 5

Сборник после публикации выслать на адрес

Почтовый индекс: 010001

Почтовый адрес: г.Астана, ул.Ы.Дукенулы 38-32

Получатель : Досанова Алтынай Жапаровна

E-mail: dosanova_a@inbox.ru

Название (журнала)конференции: Эффективные инструменты современных наук

Педагогические науки/5.Современные методы преподавания.

 

Тлегенова К.А., п.ғ.к., доцент

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Қазақстан

 

Досанова А.Ж., п.ғ.к., доцент

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуда компьютерлік әдісті қолданудың тиімділігі

 

Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Сөз жоқ, білімді ақпараттандыру күрделі де көп, қырлы үрдіс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғылымдар мен педагогтердің, психологтер мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» [1] деп атап көрсетті.

Жаңа технологияны іске асырудың басты мақсаты – білім мен өмірді өз қажетіне қарай ұштастыра алатын, қалыптасқан пікірі мен ойы бар, болашақ ұрпақ-жеке тұлға тәрбиелеу.

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары – адамның жеке қабілеті мен ұсынылатын материалдардың танымдық бірлігін іске асыратын, оқушының шығармашылық мүмкіндігін дамытуға бағытталған, жүйелі білім беруге негізделген сапалы  оқыту тәсілдерінің жиынтығы.

Тіл адамдардың түсінісуін, пікір алысуын, сөйлесуін қамтамасыз ететін, айтар ойын іс жүзіне асыратын қатысымдық (коммуникативтік) құбылыс. Ол өзара байланыста жұмсалатын тілдік тұлғалардың біртұтас жүйесі болып табылады. Қазақстандық тілші ғалымдар қазіргі кезде тілді жүйелік-құрылымдық табиғатымен қатар қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдік қатысымдық қызметін ескере отырып, оны қатысымдық-танымдық жағынан меңгеруді көздейді.

Қазақстан Республикасында қабылданған білімді дамыту Тұжырымдамасы 2015 жылға дейінгі мемлекеттік білім саясатын дамытуға негізделген және ол білім жүйесін құруды қайта ұйымдастыруға бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, оның мазмұнын дүниежүзілік білім ортасын интеграциялауға мақсат етіп отыр [2].

Білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру саласындағы реформаның да негізгі мақсаты - қазіргі заманға сай білім беру жолдарын жан-жақты қарастыру және оны тәжірибеге енгізу. Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру саясаты Қазақстандағы білім беруді әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді дамуын көздейді.

Қазіргі Қазақстан білім саласында жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, студенттің жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен, оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақталуының үрдісімен нәтижесін, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуының құралы қызметтерін қамтамасыз етеді. Оның өзі оқытудың мақсаттары, мазмұны, түрлері мен әдістерін анықтау тұрғысы болып табылады, оларға жаңа мазмұн-мағына береді. Компьютерді пайдалану арқылы сабақтың көрнекілігін арттыруға, әрбір оқушыны жеке жұмыспен қамтамасыз етуге, олардың ақыл-ой дамуын жетілдіруге болады.

Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезеңде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру - күттірмейтін мәселе. Осындай мәселелердің бірі - қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Барлық аудиторияларда тілдік аудиторияларды компьютерлендіріп, компьютердің түрлі бағдарламаларын пайдаланып, соның нәтижесінде студенттің пәнге деген қызығушылығын арттыруға күш салу.

Бір назар аударатын жай, компьютерді қолдану оқытушының арнайы дайындығын қажет етеді. Оқытушы компьютерлік сауаттылықтың ғылыми негіздерін білуі шарт. Компьютерлік оқытудың әдістемесін игеру оқытушының профессиограмма мен инвариантты біліктілігі талаптарына сай болуы тиіс.

Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы студенттің біліктілігі мен белсенділігі, пәнге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады. Компьютердің көмегімен жүргізілген бақылау жұмыстары оқушының білімін объективті бақылап, материалдың дұрыс өтілетінін немесе дұрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі пәнін компьютермен оқытудың мақсаты – оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, студенттің қазақ тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, студенттің мақсаты мен қызметін ынталандырады. Мысалы, Paint графикалық редакторы бойынша суретті ашу, құру, сақтау және түрлендіру жұмыстары жүргізілсе, Word мәтіндік редакторы бойынша әр түрлі мәтіндер жазу, оқу, талдау жұмыстары атқарылып, компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктеріне фонограф, әмбебап және лазерлік ойнатқыштар көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдаймыз. Әрбір лексикалық тақырыпты өткен кезде ақын-жазушының өмірі, шығармашылығы немесе шығармаларының мазмұны, композициясы, сюжеті, көркемдік ерекшелігі, т.б. туралы тірек-сілтемелер беріледі. Студенттер тірек-сілтемелер арқылы ойын жинақтап, шығармашылықпен жұмыс істей алады. Сонымен бірге студенттердің көмегімен бағдарламадан тыс материалдарды жинақтап, мультимедиа бағдарламасы бойынша репортаж дайындауға, ұйымдастыру кезеңінде олардың фотосуреттерінен галерея ұйымдастыруға болады.

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Тілді оқытумен байланысты сабақтардағы, графиканы, мультимедияны, сабаққа қатысты слайдтарды, қызықты грамматикалық ойындардың барлығын сканер желісі, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану яғни, компьютер арқылы шешу студентке ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң студент тест, бақылау жұмыстары арқылы өз білімдерін бекітеді. Студент өз білімін өзі тексере алады. Бұдан соң студенттің өзінің өз бетінше оқуға қызығуы артады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Пән оқытушысы студенттердің білім деңгейін өлшеу жүйесі: тест, бақылау жұмыстары, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеуді дәстүрге айналдырып келеді. Бұдан өзге компьютерлерде тапсырма жазылған үлестірмелер, сөзжұмбақтар, өзара тексеру парақтарын дайындайды. Түрлі терминдер сөздіктері (тілдік, тарихи, экономикалық, экологиялық, т.б.) жасалынды.

Компьютермен жұмыс жасай отырып, студент кез келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл-ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай, оның типін анықтап, дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару диапазоны өте кең: студенттің сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Студент тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес. Ең алдымен компьютер, студентке өз іс-әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.

Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады деп айтуға болады, ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды. Осыған бағытталған ақпараттық орта студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді. Қашықтықтан оқыту ісі оқытушының мүлдем жаңа түрін қалыптастырады десе де болады.

Сонымен, қорыта келгенде компьютерді пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар студенттердің ынтасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады, студенттің назарын пән мазмұнына аударады, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады. Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді тану құралы болып табылады. Олай болса, барлық пәндер, соның ішінде қазақ тілі пәні сабақтарын компьютермен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы // Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, 2006. 

2. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға білімді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2005. 3-б.