Оқыту   процесінде   студенттердің   отансүйгіштік   сезімдерін

қалыптастырудың педагогикалық шарттары

 

Құрманбекова А.С.

 

Тараз мемелекеттік педагогикалық институты

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатының бірі жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатты іске асыруда оқу орны студенттерінің басқару ұйымдарының маңызы ерекше. Студенттердің басқару ұйымдарының құрылымы, олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері патриоттық тәрбие жүйесі арқылы және  басқару бөлімінің құрылымы мен атқаратын қызметтерімен, олардың негізгі бағыттарымен айқындалады.

Кез-келген өз ге де әлеуметтік жүйе секілді, патриоттық тәрбие жүйесі де басқаруды қажет етеді.

Патриоттық тәрбиенің жүйелілігі, оның құрылымдығы мен біртұтастығы барлық деңгейде және барлық буындарда тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бүкіл тәрбиелеуші факторларды ескеруге мүмкіндік береді.

Патриоттық тәрбие жүйесін басқару ұйымдары қызметі:жоспарлау, тәрбиешілер қызметі мен кіші жүйелердің өз міндеттерін атқаруын үйлестіру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мен тексеру, тәрбиеде дербес негіздерді дамыту және пайдалану, идеологиялық мамандарды іріктеу мен даярлау, басшылық ұйымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету, патриоттық тәрбие нәтижелерін зерттеу және түзету түрлерін айқындайды.

Патриоттық тәрбиені жоспарлаудағы нысаналы көзқарас принципі Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан 2030 стратегиясының ережелеріне негізделеді, әрі ағымдық және болашақтық жоспарлауды жетілдіру, тиімді патриоттық тәрбиені күшейтудің құралы болып табылады.

Болашақтық жоспарлау-патриоттық тәрбиеде кешенді көзқарасты жүзеге асыруда маңызды. Кешенді жоспарлау, ең алдымен тәрбие ықпалын дұрыс бағдарлауға, патриоттық тәрбиенің барлық күштері мен құралдарын, бағыттарын, нысандары мен әдістерін ұтымды пайдалануға бағытталған.

Жоспарлау-деп, патриоттық тәрбие жүйесін басқарудың ұйымдастырушы бастамасы мен негізін айтамыз.

Жоспарлауға нысаналы көзқарас тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында патриоттық тәрбие бірлігін, болашақтық және ағымдық жоспарлау бірлігін қамтамасыз етеді, барлық тәрбиелеуші бөлімшелердің күш-жігерін үйлестіруді жеңілдетеді. Болашақтық нысаналы жоспарлаудың күрделілігі жоғары білікті қазіргі заманғы мамандарға қойылатын үкіметтің талаптары, жоғары оқу орындарының әлеуметтік қызметі мен бағыт-бағдары, барлық тәрбие міндеттерін іске асырудың бір мезгілділігі, факультеттер мен оқыту курстарының өзіндік ерекшіліктері және т.б. сияқты көптеген факторларды ескеру қажеттігінде жатыр. Сонымен бірге, нысаналы кешенді жоспардың тиімді ұйымдастырылуы, негізгі ағымдық жоспарлаудың қызметін атқаруға, тәрбиенің түпкі нәтижелерін болжауға, оның жеткілікті түрде жинақы және көрнекі болуына әсер етеді.

Патриоттық тәрбиенің басты бағыттарын анықтаумен студенттердің оқу процесінде келесі бөлімдер бойынша топтастырылады. Мысалы, идеялық-саяси тәрбиенің кіші жүйесіндегі негізгі шаралар мынадай тарауларды қамтиды:

1) студенттердің жинаған материалдарын зерттеу (дүниетанымдық даярлығын, патриоттық тәрбиелілігін, кәсіби бағытын анықтау);

2) қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардағы патриоттық тәрбиенің қыр-сыры (халықтың Отан қорғау туралы ілімімен танысу, патриотизм проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу талдамасына қатысу);

3) әскери, жалпы ғылыми және арнаулы даярлықтық дүниетанымдық-тәрбиелік бағыты (ғылымдардың дүниетанымдық қырларын және т.б. бөліп көрсету);

4) патриоттық тақырыптар бойынша саяси ағарту (лекциялар, саяси ақпарат, әскери басылымдарға жазылу көрнекі үгіт және т.б.);

5) кітапхана жұмысы (кітаптарды талқылау, жазушылармен және т.б. кездесу);

6) қоғамдық-саяси қызмет (қоғамдық-саяси аттестаттаулар, жиналыстар, мұражайлар және жауынгерлік даңқ бөлмелерін жасау, әскери-басшылық жұмыс және т.б.);

7) патриоттық тәрбиенің тиімділігін (Отанды дамыту және қорғау саласындағы үкімет саясатын түсіну деңгейін, жоғары оқу орнында, практикада, жаратылыстану факультетінде және оңды жағдайлар жасалған кезде тәжірибеден өтуде танымдық, қыметтік және қоғамдық-саяси белсенділік дәрежелерін зерттеу)

Студенттерді патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

1.     Ауызша патриоттық насихат («Отан от басынан басталады», «Отанды

қорғау ел салты», «Тәрбиенің түп тамыры ерлік», «Отаншылдық ұрпақтар ұраны» т.б. тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар, лекциялар, баяндамалар, әскери-патриоттық тақырыптарға әңгімелесулер өткізу);

2. Көрнекі насихат;

3. Бұқаралық ақпарат құралдарын, баспаларды, газеттерді, оқырмандар, конференцияларын пайдалану;

4. Соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізу;

5. Спорттық-олимпиадалық ойындар өткізу;

6. Ерлік патриоттық тақырыпқа студенттерге ғылыми жұмыс, оқу ізденіс жұмысын жаздыру.

Жоспарлау барысында барлық нақты мүмкіндіктерді: тәрбие объектісінің жай-күйін, тәрбиешілердің даярлығын, сондай-ақ университет, факультеттің мүмкіндігін, материалдық базасының жай-күйін ескеру маңызды.

Кешенді көзқарас жылына, немесе айына бір рет жүзеге асырылатын болашақтық (оқытудың бүкіл кезеңіне) және ағымдық (күнпарақтық) жоспарлауды табиғи үйлестіруді талап етеді. Ағымдық жоспарлау патриоттық тәрбиенің жалпы стратегиясы негізде жүзеге асырылады, ал патриоттық тәрбиенің жалпы стратегиясы тәрбие жұмысының іскерлік ырғағына ауысады.

Жоғары оқу орны, факультет кеңесі мен жастар ұйымдары қызметін, қалалық, облыстық, халықаралық жастар ұйымдарының қызметімен үйлестірудің және бұл ұйымдардың мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдаланудың патриоттық тәрбие мәселелерінде ерекше маңызы бар.

Патриоттық тәрбие жүйесінің нақты және дұрыс жұмыс істеуі көп жағдайда тәрбиешілердің шығармашылықтарына, шеберліктеріне, жеке тұлғалық қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамы, белсенді студенттер ішінен тәрбиешілердің шеберлігін жетілдіру, семинарларға, курстарға, конференцияларға тұрақты қатыстыру, олардың дербес жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы да жүзеге асырылады.

        Оқу  процесінде студенттерде  отансүйгіштік  сезімдерін  қалыптастыру- дың  педагогикалық   шарттарын  төмендегідей көрсетуге болады:

         1. Оқу  пәндері  мазмұнының  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мүмкіндіктерін  анықтау  және  олардан  мақсатты  түрде  пайдалану.

        2.  Тәрбиелеуші  оқыту  принципін  іске  асырып  оқу  үрдісінде  отансүйгіштікке  тәрбиелеудің   арнаулы  әдіс – тәсілдерінен пайдалану.

        3.   Болашақ мамандарды  кәсіптік  тәрбиелеуді  отансүйгіштік   бағдарда  жүзеге асыру.

       4. Мотивациялық,  когнитивтік және мінез-құлықтық  компоненттерінің өзара бірлігі негізінде қалыптасатын,  студенттердің  жеке  тұлғасын интегративтік қасиеті ретіндегі отансүйгіштікті қалыптастыру  технологиясын пайдалану;   

      5. Оқыту процесінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің этникалық – аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану;

      6. Болашақ мамандардың кәсіптік қалыптасуы және азаматтық – субъектілігін позициясының  жан-жақты даму контексінде отансүйгіштік сезімдерін (отансүйгіштігін) тәрбиелеу;                                                

           Студент жастрадың бойында отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру кез келген мамандықтың оқу жұмыс жоспарында арнайы элективті пән ретінде қарасырылғаны жөн деп есептейміз.

 

Қолданылған әдебиеттер

1.       ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы.Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан,2010 жыл.

2.       Иманбетов А. Отансүйгіштікке тәрбиелеу-басты міндет //Қазақстан мектебі, 2005, №5.-38 б.

3.       Абуова Б. Патриотическое воспитание молодежи как элемент системы формирования духовных ценностей //Ұлт тағлымы, 2005,№3.– С. 215-218.

4.     Джанабаева Р. Патриоттық тәрбиенің жүйелік сипаты //Абай ат. Қаз ҰПУ дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы. 2006, №1. – Б. 101-102.