Мемлекеттік тілді оқытуда білім алушылардың сөздік қорын дамыту

 

Испандиярова А.Т., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік                университетінің аға оқытушысы , гуманитарлық ғылымдар  магистрі

 

      Білім беру саласындағы өзгерістер, жоғары оқу орнында кредиттік жүйе бойынша оқыту білімді және жеке тұлғаға бағыттауға, оның қабілетін дамытуға,болашақ маманның жеке тұлға болып қалыптасуына, оқу үрдісінде жаңа талаптар қойып отыр.Оқутудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану, жаңа технологияны пайдалану,студенттердің өздік жұмысына басшылық жасау әр оқытушының міндеті. Студенттер тапсырмаларды орындау барысында саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдырып шешуі және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Солардың бірі қазақ тілі сабағында сөздік қорын молайту.

       Тілден сабақ беретін оқытушының негізгі мақсаты студенттердің тілін дамыту. Бұл өмірдің талабынан, тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Қоғамдық мәдениет өскен сайын өмірді сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетінде көтеріңкі сөйлейтін, немесе жазатын адамдардың ойы әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп құруын қарайды. Ол үшін студенттердің тілін ауызша да, жазбаша да дамытуға алғашқы кезден бастап қолға алу керек.  [1].

 «Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйреніп жүр. Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.» -деп елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтқан болатын. Мемлекеттік тілді білу әр қазақстандықтың борышы.

Қазіргі таңда қазақ тілін оқушылар да, студенттер де, қызметкерлер де меңгеріп, тілге деген ерекше көңіл аударуда. Мектеп, жоғары оқу орны, мемлекеттік мекеме болсын мемлекеттік тілді үйрену үшін барлық жағдай жасалуда.Сондықтан тіл және әдістеме саласында еңбек етіп жүрген оқытушылар да тыңдаушылардың тілге деген қызығушыларын арттыруда.

  Сабақ беру барысында мемлекттік тілді үйренушілердің талабы оқулықта берген материалды игеру емес, одан әрі тілді терең үйрену қабілеттерін білдіруде, күделікті тұрмыста ауызекі сөйлем мәнері.

Ал студенттердің сөздік қорын дамыту үшін қазақ тілін үйренудің негізгі түрі-берілген сөйлемдердің мағынасын білу үшін орыс тілге аудару.

  Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу арқылы дамиды. Сөйлеу, біріншіден, тыңдап түсінуден, екіншіден, сөйлеуден тұрады. Сөйлеудің екі түрі бар: диалогтық және монологтық.

Мен лексикалық тақырыпты меңгерту үшін ең алдымен жаңа сөздер беремін (орысша,қазақша).Сол сөздерді танысқаннан кейін сөздермен сөз тіркесін құрайды. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырылады. Мәтінмен жұмыс жасалады. Мәтін меңгерген сөздердің көмегімен мәтін қазақ тілінен орыс тіліне аударылады. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. Әрқашан сабағымда лексикалық тақырыппен қоса грамматикалық тақырыпты байланыстырып отырамын. Лексикалық тақырыпты жақсы меңгерту үшін әртүрлі сұхбаттар құрылады, сұхбаттан монолог айтып, жағдаяттық тапсырмалар енгізіліп, ауызекі сөйлеуін үйретудемін.

Сабақтың мақсаты: Іс-шараларды жоспарлау.

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақ бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құруға үйрету.

Сабақтың барысы:1.Амандасу.Ой шақыру. «Жоспар» деген сөздің мағынасы қандай?Жоспар сөзіне байланыста қандай сөздер білесіздер?Студенттер ойланады,білетін сөздері болса ортаға салады,мұғалім тақтаға жазады.

2.Жаңа сабақ. Мағынаны ажырату. Алдымен жаңа сөздермен танысу.

Бір ай,бір апта,бір жыл, жоспарлау,іс-шара,айдың басында,айдың бір жартысында,айдың ортасында,айдың аяғында,жылдың басында,бірінші тоқсанда,лездеме өткізу,іссапарға бару,құжаттармен,хаттар мен өтініштерді тіркеу,құжаттарды рәсімдеу,құжаттарды тексеру,бұйрықтарды бекіту,есеп беру,мәжіліс өткізу,келіп түскен хаттарға жауап беру,бөлім бастығымен кездесу,бастықтық қабылдауында болу,жеке адамдарды қабылдау....

Студенттер жаңа сөздерді оқиды,тыңдайды,мұғалімнен кейін қайталайды,аударады,сұрақтарға жауап береді.

Мәтенмен  жұмыс. Жоспарлау мәтінін  оқиды,аударады.Мәтен бойынша сұрақтар қойылады.

Тапсырма.Үлгіге қарап,сұхбат құрыңыз.

Грамматика: Етістіктің шақтары.

Берілген үлестірмелі карточкалармен жұмыс. Екі-үш студент тақтаға шығып,граматикалық тапсырмалармен жұмыс істейді.(Мысалы: берілген сөйлемді оқып,қай шақта тұрғанын анықтаңы және мақсатты келер шақта жазыңыз т.б).

 Бекіту:  Сұхбатпен жұмыс. Диалогты жұппен оқиды,аударады. Меңгерген жаңа сөздерді,сөз тіркестерін байланыстырып  студенттер сұхбат құрайды.Сұхбат бойынша монолог құрастырылады.

-Осы аптада сіздің қолыңыз бос па?

-Жоқ,апта бойы жұмыстан қолым бос болмайды.

-Сонда не істейсіз?

-Бөлім мәжілісіне дайындаламын,бөлімнің жылдық жоспарын бекітемін,жеке адамдарды қабылдаймын.

-Иә,апта бойы жұмыстан қолыңыз босамайды екен.

-Иә,солай.

Студенттерді бағалайды,үй тапсырмасы беріледі.

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұратбекеова А. Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру –Білім-Алматы,№3,2008ж.

2.Амандықова Г. Шет тілдерін оқыту әдістемесі.- Астана,2007ж.