ӘОЖ 656.07:631.11 (574.54)

т.ғ.к., аға оқытушы Нұрмұхамед Б.С.,  магистрант Нұржан Д.Ж.

(Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы)

 

Өзіндігінен жүретін машиналар мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету тиімділігін бағалаудың кешенді көрсеткіштері

 

Машиналар мен машина парктерінің жағдайын сандық бағалау.

         Машина қалыпқа келтірілетін күрделі бұйым әрі өндірістік процесстің субъектісі болып табылады және белгілі бір уақыттарда мынадай жағдайлардың бірінде болуы мүмкін: объектіде жұмыс атқару, техникалық күтім немесе жөндеуде, жұмысты күтіп тұру және т.б. Машинаның бір жағдайдан екіншісіне өту ықтималдығы үздіксіз уақытты Марков процессі заңдылықтарына байланысты анықталып [1, 2]. қай жағдайда тұрғанынан орташа уақытымен сипатталады (1-кесте), ал осы жағдайлар ұзақтығының жиынтығы циклды құрайды:

Дц = Дэ + Дн+ Др.

 

1-кесте. Машиналардың маңызды стационарлық жағдайлары

Машиналардың

техникалық күйі

Орналасқан жері

Процесс

Ұзақтығы, күн (ауысым, сағ)

Жарамды

Объектіде- пайдалануда

Өндірістік

Дэ

Жарамды

Сақтау зонасында

Жұмысты күтуде (демалыс күн, жұ- мыс, персонал жоқ )

Дч

Жарамсыз

ТБ және жөндеу зонасында

ТБ, жөндеу, ТБ немесе жөндеуді күту

Др

Цикл қысқа мерзімді (күн, апта, ай) немесе ұзақ мерзімді: бір жылдан күрделі жөндеуге  немесе есептен шығаруға дейін  болуы мүмкін.

Стационарлы көрсеткіштер келесілерді сипаттайды:

- машинаның немесе парктің жұмысқа қабілеттілік деңгейін;

- коммерциялық эксплуатация мен қызмет көрсетудің ішкі жүйелері арасындағы қарымқатынастарды;

- қызмет көрсетудің ішкі жүйесі жұмысының тиімділігін.

Машинаның (парктің) стационарлық жағдайының негізгі көрсеткіштері:

 – жұмысқа шығару коэффициенті, машинаның (немесе парк) шын мәнінде объектіде өндірістік жұмыс атқарған күнтізбелік уақытының бөлігін анықтайды. Ол келесі өрнектер бойынша анықталады:

машиналар үшін:                 ,

машиналар паркі үшін:      ,

         бұл жерде АД-  белгілі күндер бойы (ауысым) белгіленген жағдайда болатын машиналар саны.

          – техникалық дайындық коэффициенті (ТДК), машиналарды (парк) жарамды және өндірістік процессте пайдаланылуы мүмкін жұмыс уақытының бөлігін анықтайды. Ол келесі тәуелділіктермен анықталады:

         машиналар үшін:                              ,

машиналар паркі үшін:           ,                                        (1)

          – жұмыссыз күндер коэффициенті, жарамды машинаның (машиналар тобының) өндірістік процеске ұйымдастыру себебтерімен (демалыс, жұмыстың, не персоналдың жоқтығы, ереуіл, ауа райы жағдайлары) қатыспаған күнтізбелік уақытының бөлігін анықтайды. Ол келесі өрнектермен анықталады:

 ;         .

         Техникалық дайындық коэффициенті машиналар мен парктердің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштірдің бірі. Онда келесі қатынасты қарастырайық:

 ,

         осыдан

.

         Сонымен, жұмысқа шығару коэффициенті техникалық дайындық коэффициенті мен жұмыссыз күндер коэффициенттеріне тәуелді болып келеді, ал осы үш коэффициенттердің арақатынасы мекеменің әрбір ішкі жүйесінің өндірістік процестегі үлесін және ӨМАКҚ  мен парктің  өнімділіктерін анықтайды.

         Жүк тасымалдары үшін:

Wa = 365 αT ( 1 -  αH)  q γ βlcc ,   т км / жыл

 


Овал: 2Овал: 1Овал: 3

                                                                        

 

αВ       =   αT    (1 - αH)

 

бұл жерде:

1 -  автомобильдің потенциалды өнімділігі;

2 - көлік жұмысына инженерлік-техникалық қызметтің тасымалдауға жарамды техниканы ұсыну арқылы қосқан үлесі;

3 - тасымалдау қызметімен басқарудың үлесі (тапсырыстардың болуы, тасымалдау процесін ұйымдастыру, клиенттермен жұмыс, қозғалысты ұйымдастыру, мекеменің жұмыс істеу режимі және т.б.);

q - номинальды жүк көтерімділік;

γ- жүк көтерімділікті пайдалану коэффициенті;

β- автомобильдің жүрісін пайдалану коэффициенті;

lссорташа тәуліктік жүріс.

         Машина парктері үшін:

т км/жыл,

         бұл жерде  – парктегі машиналардың инвентарлық саны.

         Техникалық дайындық коэффициентінің техникалық баптау мен жөндеуді ұйымдастырумен байланысын қарастырып шығайық. Егер (1) өрнектегі алым мен бөлгішті ДЭ бөлсек, келесі шығады:

 .

         Пайдалану циклының ұзақтығы күнмен есептегенде жоспарланған атқарым (наработка) немесе циклдағы жүріске және орташа тәуліктік атқарым немесе жүріске lсс тәуелді:

 .

         Циклдағы техникалық баптау және жөндеуде бос тұру күндері күрделі жөндеуде, (егер ол жүргізілсе) және ТБ мен ағымды жөндеуде бос тұрулардан құралады:

 .

         Әдетте күрделі жөндеуде бос тұру күнтізбелік күндермен, ал ТБ және АЖ бос тұруы – жылжымалы көліктің 1000 км жүрсіне немесе стационарлық машинаның бір жұмыс сағатына шыққандағы үлес нормасы күндерімен  нормаланады.

         жылжымалы (мобильдік) көлік үшін:

 ,

         технологиялық жабдықтар үшін:

 ,

бұл жерде ТТО-1, ТТО-2, ТТ, ТК – сәйкесінше бір ТБ, бір ағымды және бір күрделі жөндеуге жұмсалатын уақыт;

               nTO-1, nTO-2, nT, nK – сәйкесінше ТБ, ағымды және күрделі жөндеулердің бір циклдағы саны;

              ТЦ  - жөндеу циклының ұзақтығы, сағ.

         Бос тұрудың негізгі үлесі ағымды жөндеуге (85-95%) келетініне назар аудару қажет. Сондықтан жөндеуде бос тұру уақытын қысқарту эксплуатациялық мекеме ИТҚ ішкі жүйесінің  және   жоғарылатудың басты қоры болады.

         Техникалық дайындық коэффициентін әрі қарай талдайық және келесі қатынасты қарастырайық:

 ,

         бұл жерде ВРР/LK  мекеменің бір циклде ТБ мен жөндеудің барлық түрлерінде болғанда жұмыс уақыты шығынына соқтыратын меншікті бос тұруы (күн/1000км, күн/сағ).

         Бұл жағдайда

,                                                (2)

бұл жерде VЭ  – эксплуатациялық жылдамдық (пайдалану қарқындылығы);

                   ТН  – жұмыс ауысымының ұзақтығы (немесе наряд уақыты), сағ.

(2) формулада ВР ИТҚ  әсерін, ал , ТН және VЭ – пайдалану процесі қарқындылығының техникалық дайындық коэффициентіне, яғни машина мен парктің жұмыс қабілеттілігі деңгейіне әсерін анықтайды.

         Келтірілген формулалар мен 1-суреттен көретініміз машиналарды (, VЭ, β, γ, ТН, өсім) пайдалануды интенсивтендіру өнімділікті  жоғарылатады, бірақ техникалық дайындық коэффициентін төмендетіп, ИТҚ жүктемесін жоғарылатады. Сонымен машиналарды жұмыс қабілеттілігін арттыру талабы (мысалы, техникалық дайындық және жұмысқа шығару немесе тоқыраусыз жұмыс коэффициентін қажетті деңгейге жоғарылату) ИТҚ-ке қосымша шығындар туғызады.

Сондықтан, жұмыс көлемін ∆W арттыру қажеттілігін тудыратын сұраныс болса:

- балама қатарларынан (парктің өсуі, машиналардың құрамы мен техника-экономикалық қасиеттерін, техникалық дайындық коэффициентін арттыру, , VЭ, ТН арттыру, жұмыссыз күндерді қысқарту және т.б.) өнімділікті W арттыру әдісін таңдап алу;

- техникалық дайындық деңгейін арттыру және машиналарды одан ары қарқынды пайдалану (∆q, ∆VЭ, ∆γ, ∆lСС, ∆αТ) туралы шешім қабылданғанда, өндірістік процестің қосымша табысынан шығындардың өсуіне байланысты (еңбек сиымдылығы, материалдар мен қосалқы бөлшектер шығыны, қосымша аудандарға деген қажеттілік және т.б.) ИТҚ компенсация қарастыру қажет.

1-cурет. Автомобильдерді пайдалану қарқындылығының өнімділік пен жұмысқа қабілеттілігіне әсері.

 

Резюме

Подвижной состав АТП производственного процесса, который может в определенные моменты времени находиться в одном из состояний: работать на объекте, проходить ТО или ремонт, ожидать работу и т.д. Вероятность перехода машины из одного состояния в другое определяется по закономерностям марковского процесса с непрерывным временем

При достаточного больших промежутках времени работы подвижного состава эти вероятности становятся достаточно стабильными и характеризуют среднее врем нахождения машины в определенном состоянии.

Основные показатели состояния машины (парка):

  – коэффициент выпуска

 – коэффициент технической готовности (КТГ)

 – коэффициент нерабочих дней

Соотношение этих трех коэффициентов определяет вклад каждой из подсистем предприятий в производственный процесс и производительность машин (Wа) и парка (WА).

 

Әдебиеттер:

1) Под редакцией доктора технических наук, профессора Е.С. Кузнецова Техническая эксплуатация автомобилей, Москва «Транспорт» 1991 г.

2) Н.И. Байко, В.Г. Санамян, А.Е. Хачкинаян Сервис самоходных машин и автотранспортных средств. Ростов-на-Дону «Феникс» 2007 г.