А.ш.ғ.д.
Қожабаев Ж.І.
Қазақ
егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының
Талдықорған филиалы, Қазакстан
Тәлімі аймақтағы ауыспалы егісте қалыптасқан
арпа өнімділігі
Қазақ
егіншілік ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, жаздық
арпа тыңайтқыштарға қайтарымды дақыл ретінде 1
тонна астық пен тиесілі сабанын түзу үшін топырақтан
орташа есеппен 28 кг азот, 11 кг фосфор және 24 кг калийді сіңіреді.
Дегенмен,
түрлі табиғи-климат жағдайларында пайдаланылатын
тыңайтқыштардың тиімділігі олардың түрлеріне,
қолдану мерзімі және тәсіліне, қала берді жергілікті
жердің ауа райы ерекшеліктеріне, алғы дақыл мен топырақ
құнарлығына байланысты әрқалай өзгеруі
мүмкін.
Егістік
танабындағы қоректік
заттардың жалпы мөлшері топырақ
құнарлығын толық сипаттайтын басты шамалардың
қатарына жатпайды, сол себепті айтылған соңғы
көрсеткішке нақты баға беру үшін өсімдік
тіршілігіне қажетті негізгі элементтердің жылжымалы және
сіңімді түрлеріне көңіл аудару керек. Осы
тұрғыдан қарағанда тәжірибедегі алғы дақыл
мен қоректену аяларына байланысты арпа егістігіндегі азот, фосфор,
калийдің жылжымалы түрлерінің топырақта жиналу
және өсімдік бойына сіңірілу ерекшеліктерін анықтау
ғылыми-практикалық маңыздылығын жоғалтпайтын
күрделі мәселелердің бірінен саналады.
Егіншіліктегі
ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімі мен
сапасын айқындайтын шешуші факторлардың бірі - өсімдіктерді
азоттың сіңімді
түрлерінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету.
Негізінен нитрат өзінің
табиғи жылжығыш қасиетімен айрықша ерекшеленетіндіктен,
жалпы қоректік режимді оңтайландыруға бағытталған
агротехникалық тәсілдер мен топырақтың азотпен
жабдықталуын бағалауды әдетте зерттеушілер осы түрге
қарап жүргізген.
Қоректік
режимге жұргізілген бақылаулар механикалық
өңдеулердің нәтижесінде қалыпты
жағдайдағы ылғадылығы мен органикалық
қалдықтардың минералдану қарқындылығы
жоғары жүретін сүрі танаптағы нитраттардың
айрықша басымдылығын көрсетеді (1- кесте).
1-
кесте
Алғы дақылға байланысты арпа
егістігіндегі қоректік
элементтердің мөлшері, мг/кг
|
Топырақ
қабаты, см |
Себер алдында |
Түптену
кезеңінде |
Жинар алдында |
||||||
|
NO3 |
P2O5 |
K2O |
NO3 |
P2O5 |
K2O |
NO3 |
P2O5 |
K2O |
|
|
Сүрі жерге
егілген арпа |
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
0-20 |
42,6 |
24,8 |
548 |
36,8 |
22,2 |
545 |
26,1 |
19,2 |
537 |
|
20-40 |
38,2 |
12,1 |
488 |
28,3 |
11,3 |
485 |
24,8 |
9,8 |
481 |
|
Арпаның
сүрі жерден кейінгі екінші
дақылы |
|||||||||
|
0-20 |
23,1 |
20,9 |
533 |
20,1 |
19,0 |
530 |
11,4 |
16,9 |
524 |
|
20-40 |
18,7 |
10,5 |
440 |
14,9 |
9,9 |
440 |
11,2 |
7,7 |
436 |
|
Арпаның
сүрі жерден кейінгі үшінші
дақылы |
|||||||||
|
0-20 |
17,6 |
17,0 |
499 |
15,5 |
16,2 |
490 |
8,1 |
12,6 |
493 |
|
20-40 |
13,4 |
8,1 |
416 |
11,1 |
7,8 |
415 |
5,7 |
6,3 |
411 |
|
Ауыспайтын арпа егістігі |
|||||||||
|
0-20 |
13,2 |
12,3 |
452 |
12,3 |
11,1 |
450 |
7,0 |
9,2 |
446 |
|
20-40 |
7,1 |
6,4 |
402 |
6,8 |
6,2 |
400 |
1,9 |
5,3 |
400 |
Атап
айтсақ, арпа себер алдында
топырақтың 0-40 см қабатындағы азоттың
нитратты мөлшері сүрі жердегі егістікте орта есеппен 40,4 мг
құраса, екінші дақылында 20,9 мг және үшінші
дақылында (15,5 мг) әлденеше
төмендеп, ал ең аз шамасы (10,2 мг) ауыспайтын егістікте тіркелген.
Корреляциялық
талдаудың нәтижелері топырақтағы нитраттың
көктемгі деңгейі мен дән өнімінің
арасындағы тығыз тәуелді байланысты дәлелдейді (r=0.71±
0.21).
Арпаның
түптену кезеңіндегі анықтауда өсімдіктердің
азотты болмашы пайдаланғаны байқалып, толық пісу мерзіміне
қарай аталған алғы дақылдар бойынша оның мәні тиісінше 25,5; 11,3; 6,9, және 4,5 милиграмға
теңелген. Осы шамалас зандылықты фосфор-калий режимі жөнінен
де айтуымызға сенімді деректер бар. Демек, таза сүрі жерден кейін
орналасқан арпа егістігі бүкіл өсу кезеңі бойына
басқа танаптармен салыстырғанда қоректік элементтермен
әлдеқайда жақсы жабдықталады.
Зерттеу жүргізілген
жылдардағы метеорологиялық мәліметтер бойынша, тәлімі
жерлердегі жаздық арпа өнімінің қалыптасуы
толығымен алғанда ауа райының өте күрделі
және жауапты кезеңдеріне сәйкес келеді. Оның
үстіне сыртқы ортадағы өсімдік тіршілігіне
қажетті факторлардың басым бөлігін саналы түрде
реттеудің мүмкіндігі болмайтындықтан, аталған
аймақтағы қолданылатын агротехникалық
тәсілдерің барлығы бірінші кезекте егістіктің
топырақ ылғалын тиімді пайдаланылуына бағытталуы шарт.
Алғы
дақылдар бойынша алынған өнім деректерің талдай отырып,
сүрі жерге себілген арпа түсімі оның екінші дақылынан
гектарына 6,4 ц, үшінші дақылынан 8,4 ц, ал ауыспайтын егістікке қарағанда тіптен 14,2 центнер
артық жиналғанын айта аламыз. Мұндай зандылық
сүрі танаптағы фитосанитарлық жағдайлардың
жақсаруына, сондай-ақ топырақтың су-физикалық
және қоректік режимдердің қолайлы түзілуіне
байланысты арпа өсімдіктерінің қалыпты қарқында
дамитындығын аңғартса керек.
Жекелеген
жылдары қалыптасқан арпа өнімінің мөлшері
мен тәжірибенің
қалған нұсқаларының арасындағы
айырмашылықтар да мүлдем басқаша. Атап айтқанда,
жиілігі бірдей төрт егістікті өзара салыстырсақ, сүрі
жердегі арпа өнімі 9,6-32,5 ц/га аралығында ауытқып, кейінгі себілетін екінші,
үшінші дақылы мен танабы ауыпайтын егістікте бұл
көрсеткіштер гектарына тиісінше 3,7-28,5; 2,8-26,6 және 0,9-16,5
центнер құраған (2-кесте).
2-кесте
Алғы дақыл мен тұқым себу
мөлшеріне және жылдың ылғалымен қамтамасыз
етілуіне байланысты арпа өнімі, ц/га
|
Тұқым себу
мөлшері, млн. дән/га |
Сүрі жерге
егілген арпа |
Арпаның
сүрі жерден кейінгі екінші дақылы |
Арпаның
сүрі жерден кейінгі үшінші дақылы |
Ауыспайтын арпа
егістігі |
|
Қуаңшылық
жылдары |
||||
|
2 |
10,8 |
5,7 |
4,3 |
- |
|
3 |
12,0 |
6,1 |
4,4 |
1,4 |
|
4 |
11,7 |
4,7 |
3,4 |
- |
|
5 |
9,8 |
4,2 |
2,3 |
- |
|
Ылғалы орташа
жылдар |
||||
|
2 |
18,3 |
13,1 |
11,0 |
- |
|
3 |
20,1 |
14,7 |
12,5 |
8,3 |
|
4 |
22,3 |
14,0 |
11,6 |
- |
|
5 |
20,9 |
13,1 |
10,6 |
- |
|
Ылғалды жылдары |
||||
|
2 |
24,5 |
21,7 |
19,8 |
- |
|
3 |
26,9 |
23,8 |
21,9 |
12,4 |
|
4 |
29,1 |
23,7 |
21,6 |
- |
|
5 |
28,3 |
22,9 |
20,7 |
- |
Есептеуден
алынған орта мәніндегі мәліметтер алғы дақыл мен
тұқым себу мөлшеріне, сонымен қатар нақты
жылдың ылғалмен қамтылу дәрежесіне байланысты арпа
өнімінің құралу ерекшеліктерін айқындай
түседі. Мәселен, қуаңшылық жылдары сүрі
жерге себілген арпа егістігінен гектарына 12,0 ц, екінші дақылынан 6,1 ц,
үшінші дақылынан 4,4 ц, ал ауыспайтын егістіктен небары 1,4 ц
өнім түзіліп, ылғалы орташа және мол түскен
жылдары бұл шамалар тиісінше 20,1; 14,7; 12,5; 8,3 және 26,9; 23,8;
21,9; 12,4 центнер құраған. Егер қуаншылық
жылдары сүрі жердегі арпа өнімі оның екінші, үшінші
дақылынан 5,9-7,6 ц/га артық жиналса, онда ылғалы орташа
және мол жылдары сүрі танаптың алғы дақыл ретінде
ықпалы біршама төмендеп, түзілетін өнім 3,1-5,0 ц/га шамасына дейін юәсеңдейді.
Ауыспалы
егістің маңызын түсіну мақсатында алынған
шамаларға көз жүгіртсек, ылғалы орташа келген
және көп жылдары үздіксіз бір танапқа себілетін арпа
түсімі гектарына 8,3-12,4 центнерге теңеліп, тәлімі
аймақ үшін қанағаттандырарлық өнім есебінде
қарастырылады. Ал, керсінше,қуаңшылық жылдары
ылғал қорының еріксіз шектелуінен өсімдіктер орасан зор
зардап шегіп, нәтижесінде өнім деңгейі себілетін
тұқым көлемінде қалып қойған.
Көп
жылдық зерттеулердің нәтижесі бойынша сүрі жерге
егілген арпаның ең жоғары өнімі гектарына 4 млн.
дән себілген егістікте түзіледі. Мысалы, осы мөлшердегі
түсім орта есеппен 22,5 ц/га құралып, бақылаумен
(арпаның үшінші дақылындағы 4 млн./га ) салыстырғанда
9,1 ц/га артық қалыптасқан. Себілетін тұқым
мөлшері 5 млн. дәнге көбейту өнім
құралымына кері әсер етіп, оның шамасын гектарына 1,3
центнерге төмендетеді. Яғни, гектарына 4 млн. дән себу
алаң бірлігіндегі оңтайлы өсімдіктер жиілігін
қамтамасыз етіп, сүрі танап топырағында жиналған
өнімді ылғал қоры мен қоректік заттардың тиімді
сіңірілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Резюме
В статье
показано формирование урожайности ячменя на богарных землях в зависисимости от
питательного режима почвы и количества осадков.
Summary
In the article the yielder of barley in the rain
fed conditions subject to nutrient regimen of soil find amount of precipitins during vegetative period is studied.