Заркенов М.С.

Қарағанды «Болашақ» университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

Заманауи жағдайда алғашқы міндеті Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия саласындағы мемлекеттік реттеу болып саналатын, оны ерекше сала ретінде түсінуді көздейтін, Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия жүйесіне, жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе берілуі қажет.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылдың қаңтарындағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның басты даму векторы» атты жолдауында «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – бұл экономиканы күшейтуге, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жаңа міндеттер» деп ен салды. Қазақстанда экономикалық табыстардың ішінде оңтайлы теңгерімін табу және қоғамдық игіліктермен қамтамасыздандыру өмірлік маңызды болып есептеледі. Қазіргі заманда бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түпкілікті мәселесі, Қазақстанның таяудағы онжылдығының басты даму векторы.

Бірақ, ұзақ мерзімді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының нақты іске асырылуы, біздің көзқарасымыз бойынша, біріншіден, тұтынушылардың және мемлекетпен реттелетін табиғи монополия субъектілерінің, реттелмелі нарық мүдделерінің теңгерімнің деңгейіне жетуіне байланысты.

Осыған орай, экономикалық табыстардың ішінде оңтайлы теңгерімін табу үшін және қоғамдық игіліктермен қамтамасыздандыру үшін табиғи монополиялар саласында мемлекеттік реттеу ерекше маңызды болып табылады.

Табиғи монополиялардың қызметтерін реттеу мәселелерінің өзектілігі, күрделілігі және көп жоспарлылығы ғалымдардан және тәжірибелі адамдардан өзіне деген теңбе-тең қарым-қатынастарын талап етеді. Осы мәселелер бойынша қазіргі кезде алдыңғы қатардағы өнеркәсіптік елдерде белгілі теориялық және тәжірибелік атқарылған жұмыс көлемі баршылық. Қазақстанда бұл мәселені шешу, сонымен қатар, оны ғылыми танып білу мәнісі қалыптасу сатысында.

Экономикалық жүйеде, монополия бәсекеге қарағанда өте тиімді болатын да жағдайлар кездеседі. Осындай жағдай табиғи монополия атауын алды. Яғни, бір фирма, екі немесе оданда көп фирмаға қарағанда, аса аз шығындармен барлық нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті тауар шығара алады. Бұл тұжырымдаманың құрамында қарама-қайшылық бар, оның шешімі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндетіне жатады. Шынында, бір жағынан – монополия нарығының жағдайында өндіруі аса тиімді тауарлардың бар болуы мойындалады, ал басқа жағынан – бәсекенің жоқтығынан, жалғыз өндіруші өзінің пайдасын барынша көбейту мақсатында өзінің нарықтағы жағдайымен қиянат жасай алады. Сонымен бірге, өзінің пайдасын барынша көбейту үшін монополиямен белгіленген өнімді өткізу бағасы әрдайым бәсеке бағасына қарағанда жоғары болады және бұндай жағдайда қоғам жалпы зиян шегеді.  Аталмыш жағдайда монополистің тұтынушыларға өзінің шарттарын мәжбүрлеп қойғыздыртпауы үшін, сонымен бірге оның табысты қызмет етуіне және дамуына мүмкіндік бере отырып, мемлекет табиғи монополиялар қызметтерін реттеуі қажет.

Заманауи кезеңінде табиғи монополиялар салаларындағы бағаларды мемлекеттік реттеудің нәтижесін жоғарылату, табиғи монополиялар әрекеттері елдің барлық тіршілік іс-әрекетіне қатысты болуымен көкейкесті, одан қоғамның жақсы тұрмысы мен өмірі тікелей тәуелді.

Біздің еліміздің болмыс заңнамалық базасымен әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, мемлекеттегі өмірдің жоғарғы деңгейін және тұрақты экономиканы құрастыруын қамтамасыз ету үшін табиғи монополиялар факторында ескеру қажет.

Табиғи монополия – тауарлық нарық жағдайы, бұл жерде өндірістің технологиялық ерекшеліктерінің күштеріне байланысты бәсекенің болмауынан сұранысты қанағаттандыру нәтижелі болады (өндіріс көлемі жоғарылаған сайын өндіріс шығындарының тауар бірлігіне мәнді төмендеуімен байланысты), ал табиғи монополияның субъектілерімен өндірілетін тауарлар қолданыста басқа тауарлармен алмастыруы мүмкін емес, сондықтан да, табиғи монополия субъектілерімен өндірілетін тауарларға аталмыш нарықта сұраныс, тауарлардың басқа түрлерінің сұранысына қарағанда, аз дәрежеде оның бағасының өзгеруіне тәуелді [1].   

Бұрынғы одақ экономикасында бүкіл бағалар жоспар ретінде тұрақталатын, ал ресурстар орталандырып таратылатын, сондықтанда табиғи монополияларға қатысты салаларды арнайы айқындау жүргізілген жоқ. Нарық экономикасына ауысу, табиғи монополияларды реттеудің белгіленген әдістерін қолдану қажеттілігін мұқтаж етті. Бұндай қажеттілік бірнеше қатар себептермен туындады. Аталмыш салалардың іс-әрекеттерін бақылау мен реттеудің тұрақталған механизмдерінің жоқтығы инфляцияның пйда болуына, өндіру салаларындағы өндірістің қысқартылуына, соңғылармен тұтынушылардан өнім үшін төлеу ақысын ақталмаған жоғары бағалар бойынша алуға және экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін.

Сондықтанда сірә, табиғи монополиялар өнімдеріне тарифтерді қалыптастыру механизмдерін жетілдіру міндеті бірден шешуді талап етеді. Бұл жерде табиғи монополиялар субъектілерінің маңыздылығын, олардың қоғамға және экономикалық дамудың ырғағы мен пропорциясына әсер ету дәрежесін ескере отырып, олардың өнімдерін тұтынушыларының мүддесін сақтау жағдайында, табиғи монополиялар субъектілерінің қарқынды дамуын қамтитын бағаны құру жүйесін қолдану жағына тариф саясатын жетілдіру қажет.  

Табиғи монополиялар өнімдеріне тарифтерді нәтижелі қалыптастыруды шешу мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 15 қазанда № 1126 қаулысымен «2002-2004 жылдарындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тариф саясатын жетілдіру бағдарламасы» қабылданды [2].

Аталмыш Бағдарламаны жүзеге асыру табиғи монополиялардың барлық салалары үшін «қолайлы» тарифті тұрақтандырудың әдіснамалық базасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 15 мамырда № 455 қаулысымен Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтiк саясатты дамыту тұжырымдамасы мақұлданды [3].

Тұжырымдаманың мақсаты болып экономиканың барлық салаларының сәйкесті дамуын қамтитын табиғи монополиялар салаларындағы реттеу саясатын жетілдіру мен дамытудың негізгі бағыттарын анықтау саналады. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тариф құрудың нәтижелі жүйесін құру, тариф саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде, келесі қағидалары негізделуі қажет:

-      тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүддесінің теңгерімін сақтау;

-      табиғи монополия субъектісінің нәтижелі жұмыс істеуін қамтитын шығын мен кірісті өтеу;

-      орташа мерзім негізіндегі тарифтің тұрақтылығы;

-      Қазақстанды дүниежүзілік экономикасына интеграция процесін қамту мақсатымен, тарифтарды дәлелсіз саралаудан бас тарту;

-      табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекетінің нәтижесін жоғарылату.

Аталмыш Тұжырымдамаға сәйкес, маңызды міндеттердің біреуі болып, тарифті реттеу жүйесін жетілдіру саналады.

Сонымен, жоғары айтылғанды қорытындылай отырып, табиғи монополия салаларындағы бағаларды мемлекеттік реттеу нәтижелілігін жоғарылату жолымен, біздің мемлекет, халыққа қолайлы бағамен сапалы қызмет көрсете алады, кәсіпкерлікке жағдай жасай алады, табиғи монополиялар субъектілерінің жағдайын жоғарылатып Қазақстан Республикасында мықты экономиканы дамыта алады.

 

Әдебиет тізімі

1.  Кононкова Н.П. Естественная монополия как объект государственной собственности / Н.П. Кононкова, П.Ф. Кононков //Вестник Московского университета. - Сер. 6. Экономика. – М., 2008.

2.  Постановление Правительства Республики Казахстан «Программа совершенствования тарифной политики субъектов естественных монополий на 2002-2004 годы» от 15 октября 2002 года N 1126.

3.  Постановление Правительства Республики Казахстан «О Концепции развития тарифной политики в сферах естественных монополий» от 13 мая 2005 года N 455.