Э.ғ.к., доцент Шомшекова Б.К., магистрант  Лепесов М.

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасының  салық қызметтерін  интеграция жағдайында дамытудың  кейбір   мәселелері

 

Салық - бұл мемлекеттік қаржының құрылуының негізгі қайнар көзі.

           Әр елдің өз салық жүйесі бар. Ол мемлекеттің экономикасының, қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тіршілігінің жағдайын сипаттайды.

            Қазақстанның салық жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады. Кеңес заманында 70-тен астам жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар мен алымдар болғаны белгілі. Қазақстандық салық жүйесі негізінен 1990 жылдары салық мәселелері жөнінде қабылданған заңды актілер пакетін қабылдау жолымен құрылған болатын.

         Жалпы Қазақстанның қалыптасуында жас мемлекеттің өмір сүруін тексеретін көптеген кезеңдер болды, халық шаруашылығының құрылымындағы түпкілікті өзгерістерге келген экономикалық дағдарыс бұрын кеңес өкіметінің саяси және экономикалық құлдырау, кәсіпорындар мен салалардың құрылымдық қайта қарастырылуы, алда тұрған жұмыссыздық - осының бәрі дұрыс оптималды деңгейдегі салық салуды және салықтық реформа жүргізуге әкелді.

         Осыдан тәуелсіздік алған 22 жылдар барысында ҚР дербес  мемлекет ретінде өзіндік салық реформаларын жүргізу арқылы ұлттық  салық жүйесін құрып, экономиканың қазіргі даму деңгейін қалыптастыра алды. Елімізде қабылданған «Стратегия-2030», «Салық кодексі»,  «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» және ҚР Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына  Жолдаулары мен басқа да нормативтік құжаттар  мен бағдарламалар отандық салық саласындағы  реформаларды жүргізіп, заман талабынан туындайтын шараларды жүзеге асырып, еліміздің әр кезеңдегі даму бағыттарын  айқындап отырды.

Енді алдағы уақытта экономикасы озық 30 ел қатарына енуде  және халықаралық қауымдастықта кездесетін қатерлерді ескере отырып, дамуды қамтамасыз етуге ықпал тигізетін отандық  салық саласын, оның ішінде салық әкімшілігі қызметтеріндегі стратегиялық бағыттары белгіленді. Оны «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз. Салық есептілігін жеңілдетіп, әрі мейлінше азайту қажет.

Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке  ынталандыруымыз керек»-деп атап көрсеткен болатын [1].

Осыдан  қалыптасқан  мемлекеттегі   кәсіпкерлік қызметтерді дамытуға және олардың бәсекелестік қабілеттерін арттыруға қауырт өріс беретіні анық. Осы жағдайларда отандық салық әкімшілігі қызметтерін қазіргі ықпалдасу жағдайларындағы өзгерістерге лайықтау және оның қарқындылығын арттыру арқылы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын   анықтау қажеттілігі туындайды.

Жалпы отандық салық жүйесінде халықаралық байланыстардың нығайуына байланысты салық саласында көптеген өзгерістер бар. Мысалы соңғы Салық кодексінде негізгі салықтар бойынша, оның ішінде корпоративтік табыс салығы 20 пайызға төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген.

        Кеден одағы ҚР үшін халықаралық тенденция бағытындағы  экономикалық интеграциялық процестердің жаңа  бастамасының бірі болып табылады. Сонымен қатар, біріңғай кедендік кеңістікті құру, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар аясында бизнесті дамыту үшін ерекше қолайлы жағдай туғызады.

        Қазақстанның басқа Кеден одағына  қатысушы-елдердің алдында инвесторларға арналған бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы үш елдің салықтық жүйесін салыстыра отырып, Қазақстанда салық салу басқа екі елге қарағанда едәуір либералді деп айтуға болады[2].

       Кесте 1

       Кедендік одаққа қатысушы елдердегі салық түрлері және ставкалары

Салық түрлері

Қазақстан

Ресей* 

Беларусь

ҚҚС

12%

18%

20%

КТС

20%

20%

24%

КТС, Кедендік одақтың резиденттерінің  дивиденттері

0%

9%

12%

КТС, резидент еместің табысы (тұрақты өкілеттік арқылы)

20%

20%

24%

КТС, резидент еместің табысы (тұрақты өкілеттіксіз)

20%

20%

15%

КТС, резидент еместің девиденті (тұрақты өкілеттік арқылы)

15%

15%

12%

КТС, резидент еместің пайыз түріндегі  табыстары (тұрақты өкілеттіксіз)

15%

20%

5-10%

КТС, резидент еместің роялти түріндегі табыстары  

15%

20%

15%

КТС, резидент еместің халақаралық тасымалдаудан түскен табыстары

5%

20%

6%

КТС, резидент еместің  тәуекелдіктерді  сақтандыру шарттары бойынша табыстары

10%

20%

15%

КТС, резидент еместің  тәуекелдіктерді қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары

5%

20%

15%

КТС, басқа Кедендік одаққа мүше-елінде қызметін атқаратын Кедендік одаққа қатысушының табыстары (тұрақты өкілеттіксіз)

Төлеу көздеріне салынбайды

Төлеу көздеріне салынбайды

Төлеу көздеріне салынбайды

ЖТС (жеке тұлғалар)

10%

13%

12%

ЖТС, (жеке тұлғалар) резидент емес (Кедендік одаққа қатысушы елдерді қоса)

5-20%

9-30%

12%

Әлеуметтік табыс салығы

11%

жойылған

жойылған

Мүлік салығы

1,5%

2,2%

1%

 Қайнар көзі: http://camng.kz/ru/review

         Кестедегі мәліметтерден Қазақстан келесі салық салу ставкаларының негізгі түрлері: жеке тұлғалардың табысына салық, халақаралық  тасымалдау және қайта сақтандыру, сақтандырудан  резидент еместердің КТС, Кеден одағына қатысушы-елдердің резидентімен дивидент түрінде алынған табыс салығы (КТС), ҚҚС  бойынша артықшылықтары бар.  Сонымен қатар, Қазақстанда ғана одаққа қатысушы басқа елдерде жойылған, әлеуметтік салық төленеді.

          Одан басқа Қазақстанда Арнайы экономикалық аймақтарының (АЭА) бар болуы, потенциалды инвесторларды тарту үшін   Қазақстанның тағы бір артықшылығы болып табылады.

      Кедендік одақтың басқа мүшелерінің экономикалық аймақтарына қарағанда, қазақстандық АЭА-да  қызметін жүзеге асыру шарттары аса тиімді болып табылады. Оны төмендегі 2-кестеде кедендік одаққа қатысушы-елдердегі АЭА айналасындағы берілген[ мемлекеттік жеңілдіктерден көруге болды.

      Кесте 2

      Кедендік одаққа қатысушы елдердегі АЭА айналасындағы мемлекеттік жеңілдіктер

Жеңілдіктер

Қазақстан

Ресей

Беларусь

КТС

0%-10 жылға дейін

мин. 13,5%

12%- 5 жылға дейін

ҚҚС**

0%-10 жылға дейін

0%-20жылға дейін

10%- 5 жылға дейін

Мүлік салығы

0%-10 жылға дейін

0%-5 жылға дейін

0%- 5 жылға дейін

Жер салығы

0%-10 жылға дейін

0%-5 жылға дейін

0%- 5 жылға дейін

Кеден  баждары

барлық мерзімге босату

босату

босату

 Қайнар көзі: http://camng.kz/ru/review

       Қазақстанның АЭА қатысушылары барлық салық түрлерінен босатылған, Ресейде минималь  мөлшері 13,5%  құрайтын  табыс салығы салынады, ал Белорусияда 12% және 10% сәйкесінше ҚҚС және табыс салығы салынады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне өзгертулер 2011 жылдың 1 қаңтарда күшіне енеді және  ҚР белгіленген тауарлар бойынша және кеден одағының келiсiмiне сәйкес келетiн,  АЭА-ның қызметiң жүзеге асыру үшін қатысушыларымен тұтынылатын тауарларға ҚҚС-тан босатуларды ескередi.

       Сонымен бірге, ресейлік  АЭА-дан қазақстандық АЭА-ның бірден бір айырмашылығы  жер қойнауын өңдеу мүмкіндігі болып табылады. Қазақстанның  АЭА Қызылордада  мұнай және газ шығару бойынша бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

        Сондай-ақ, шығарушы сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірлескен кәсіпорындарды құра отырып, шетелдік инвесторлар конкурсты өткізу кезінде өздеріне 20% шартты жеңілдікті қамтамасыз етеді.

        Алдағы уақытта өндірісті кең дамыту үшін,  отандық өндірушілерге көмекке барысына  талдаулар жүргізілуде. Мысалы, осындай талдаулар нәтижесінде 2 тоқсан қорытындысында Қазақстанмен  жер қойнауын пайдаланушыларының  талабы бойынша шетелдік және қазақстандық тауарлар  тізбесі айқындалған[4].

         Одан басқа «Кедендік одақтың  (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) құрылуы, жер қойнауын пайдалану саласында талап етілетін қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігіне ықпалының бағасы бойынша ақпараттар елдер арасындағы жағдайларға байланысты толықтырылып және жарияланып отырады.

        Жалпы отандық салық Кодексі заман талабынан туындаған өзгерістерді мысалы салықтар және тағы басқа міндетті төлемдердің саны, мөлшерлемелері мен тәртіптері, салық әкімшілігі  қызметтерінің ережелері  және т.б. ұдайы толықтырылып отыратыны объективті қажеттілік. 

    Осы жағдайларда  еліміздегі салық әкімшілігі қызметтерін жетілдіру, оны халықаралық тенденция жағдайларындағы талаптарға лайық дамыту арқылы бәсекелес мемлекеттер қатарынан көрінуге болады деген ойдамыз.

Әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан

2. Кедендік одаққа қатысушы-елдердегі АЭА айналасындағы мемлекеттік жеңілдіктер //http://camng.kz/ru/review