Э.ғ.к., доцент Шомшекова Б.К., магистрант  Самылтыров М.

                                                                   

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚР шағын және орта бизнесті несиелендірудің кейбір мәселелері

 

 Нарықтық экономика -  бұл кәсіпкерлік экономикасы, оның негізгі элементі кіші, орта бизнес болып табылады.   Ол аймақтық экономиканың дамуында лидер бола отырып, ол өндіріс, сауда, қызмет көрсету, соңғы тұтынушыға өнімді жеткізу барысында аса маңызды орын алады.

        Сондықтан қазіргі отандық экономиканың жаңа сапалы сатыға көшуінің басты белгісі шағын және орта бизнестің жан-жақты дамуына қол жеткізу болып табылады.

        Шағын немесе орта бизнестің елдің әлеуметтік-экономикалық орны мен мүмкіндігін өндірісі дамыған елдер тәжірибесінен көруге болады.  Кейбір шет елдер экономикасында  шағын немесе орта бизнес кәсіпорындарының 90-95% құрап, ұлттық өнімнің 20-25% өндіреді.

«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында  «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.   Бүгінгі күннің міндеті ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру» деп атап көрсеткен болатын [1].

Осыдан ҚР әлеуметтік-экономикалық  өмірдің алдағы уақытта  дамуы отандық кәсіпкерлердің оның ішінде  шағын, орта бизнесті қарқынды қызметтері мен оны банктік несиелендіру көлемiн ұлғайту көмегімен қол жеткiзу, яғни бар оң нәтижелердi одан әрi  дамытып, оның саны мен сапасын және тиiмдiлiгiн арттыру.

Мұның әсіресе, еліміздің алдағы уақытта әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін маңызы зор.

Жалпы ҚР бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 17,8 пайызды құрап, ШОБ  айналысатындар саны 2,5 млн. адамға жеткен. Олардың ішіндегі белсенді субъектілер саны 760 мыңнан астам адамды құрап, шығарған өнімі 8,0 трлн. теңге болып отыр.

 Бұл көрсеткіштер қалаған талаптар мен еліміздегі мүмкіндіктерден төмен. Осы жағдайларда ШОБ дамытудың маңызды бағыты оны несиелеу қарқындылығын арттыру болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы бойынша 2007-2011 жылдар аралығындығы шағын және орта бизнеске берілген несилердің экономика салалары бойынша үлесін талдап көрелік(кесте1).

         Кесте 1

Шағын және орта бизнеске берілген несилердің экономика салалары бойынша үлесі, %

 

Экономикалық салалар

Уақыт кезеңдері

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж

Өнеркәсіп

23,2

30,5

28,5

32,3

35,5

Ауыл шаруашылығы

8,4

9,4

8,4

8,8

10,0

Құрылыс

4,1

4,3

4,3

4,8

4,6

Көлік

3,4

6,0

5,9

4,9

4,2

Байланыс

2,1

2,1

1,8

2,4

2,8

Сауда

29,8

33,3

36,7

32,6

29,2

Басқалар

29,0

14,4

14,4

14,2

13,7

Барлығы

100

100

100

100

100

Қайнар көзі : www.stat.kz  

Берілген кесте мәліметтерінен экономикалық салалары ішінде өнеркәсіп саласындағы    ШОБ несиелеу 23,2 пайыздан 35,5 пайызға дейін өскен немесе 12,3 пайыз абсолюттік өсімді көрсетіп отыр. Оған кәсіпкерлерді өнеркәсіпке бет бұруы  себеп болып отыр. Ауыл шаруашылық саласында қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің 2009-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларына сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландыру да 1,6 пайызға өскен. Ал сауда саласы өз кезегінде 2009 жылы 29,8 пайыздық үлесін құраса, 2011 жылы 36,7 пайызға дейін өсіп, ал 2012 жылы 29,2 пайыз болған. Жалпы  шағын бизнес салалары бойынша 2007-2011жж.өзгерістер шамалы [2].

Енді  жалпы несие көлеміндегі ШОБ берілген несиелерінің үлесін қарастырып көрелік(2-кесте).

     Кесте 2

     Несие көлеміндегі ШОБ берілген несиелерінің үлесі, млн. тнг.

Көрсеткіштер аталуы

уақыт кезеңдері

01.01. 2010ж.

01.01.2011ж.

01.01.2012ж.

Барлық несиелер, млн. тг

148830

276218

489804

 % үлесі

100

100

100

Кәсіпкерлік фирмаларға берілген жалпы несие, млн. тг

 

39857

 

74222

 

121953

% үлесі

16,8

26,9

24,9

    Қайнар көзі: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мәліметтері бойынша құрастырылған.

       2-кесте мәліметерінен Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын және орта несиемен қамтамасыз етуі, барлық несиелердің ішінде 2009ж.-16,8%,2010ж.- 26,9 % және 2011ж.- 24,9%  құраған. Бұл мәліметтерден шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін банк несиелердің орташа үлесі 22,8  % құрап отыр.  

       Осы жағдайлардағы жекелей банктердің ШОБ саласындағы несиелеу қызметтерін «Халық Банкі» АҚ  мысалында қарастырып көрелік.  «Халық Банкі» АҚ  жалпы несие саясатының бағыттарының бірі – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу болып табылады. Ол  ШОБ  саласына  келесі бағыттар бойынша  несиелер береді:

1.     «Бизнестің жол картасы – 2020»;

2.     Овердрафт;

3.     «Халық Кәсіпкер»;

4.     Бизнес Medium;

5.     Лизинг Classic;

6.     «Халық-АгроТехника»;

7.     «Бизнес-Контракт»;

8.     «Халық-Агро»;

9.     «Бизнес-Депозит».

         «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Халық Банкі» АҚ  несиелеу мақсаты   экономиканың шикізаттық емес секторындағы өңірлік кәсіпкерліктің орнықты түрде және теңгерімділік өсіммен дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі бар жұмыс орындарын сақтау және жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу болып табылады. 

 Одан басқа «Халық банкі»АҚ «Жаңаша бизнес бастамаларды қолдау» атты кепілдік берудің 1-ші бағыты шеңберінде қабылданған және ҚР Экономикалық даму және сауда министрілігі мақұлдаған жобалардың саны бойынша көш бастап келеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының 1-ші және 3-ші бағыты шеңберінде Банк Өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдаған жобалардың саны бойынша тиісінше төртінші және екінші орынды иеленуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» атты 2-ші бағыты шеңберінде Банк Экономиканы модернизациялау мәселелері бойынша екінші орынды иеленуде. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Банк жалпы сомасы 112,6 млрд. теңгені құрайтын 195 жобаны мақұлдап, 87 жобаны субсидиялады. 

Бағдарламаны жүзеге асырудың бағыттары:

1. Жаңа бизнес-бастамаларға қолдау жасау  - экономиканың шикізаттық емес секторындағы жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау көрсету және осы бағытқа қолдау жасаудың мүмкін болатын құралдары ретінде  жаңадан берілген  заемдардың және 2010 жылғы  1 қаңтардан кейін берілген, әрекет етуші кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;

2.Жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа қожалықтарының (фермерлік шаруашылықтардың) мүддесі үшін әрекет етуші Шаруашылық серіктестер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, коммандиттік серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестер), Акционерлік қоғамдар, Мемлекеттік кәсіпорындар, Өндірістік кооперативтер және әрекет етуші бизнеске беріледі. Бұл қаржыландыру мақсаты:

         1)Айналым капиталын толықтыру, бизнесті дамыту;

         2)Жылжымайтын мүлік сатып алу, оның ішінде: бизнесті ұйымдастыру үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік, коммерциялық емес жылжымайтын мүлік (одан кейін тұрғын үй қорынан шығару арқылы), коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысын салу мақсатында жер телімдерін сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы, бизнесті ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті күрделі жөндеуден өткізу;

        3) Жылжымалы мүлік сатып алу, коммерциялық мақсаттағы ғимараттарды, үй-жайларды жөндеу /қайта салу;

        4)«Қазақстан Халық Банкі» АҚ және басқа банктердегі /қаржылық мекемелердегі ағымдағы, мерзімі өтпеген қарыздарды қайта аржыландыру. Бұл жағдайлардағы негізгі талаптары төмендегідей:

         1)сыйақы мөлшерлемесі: жылдығы 13%-дан басталады;

         2) кредит беру  валютасы: теңге;

         3)бизнес-жоспар: талап етілмейді;

4)кредит беру мерзімі: 10 жылға дейін;

5)кредит сомасы: 120 млн. теңгеге дейін;

6) жеңілдікті кезең: 9 айға дейін;

7) қамтамасыз ету кепілі: жылжымайтын мүлік.

Қосымша қамтамасыз ету кепілі ретінде жер телімдері, құрал-жабдық, тауарлық-материалдық  қор, жеке мүлік, көлік құралдары, өзге жылжымалы мүлік  қабылданады.

Қарызгердің өмірін жазатайым жағдайлардан «Халык Life» АҚ-да сақтандыру -сыйлық ретінде көрсетіледі. Сыйақының тиімді мөлшерлемесі – жылдығы 13,97 %-дан басталады.

Осыдан «Халық  Банкі» АҚ  шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелеу - несиенің беделді түрі болып, несие түрлерінің резервінде ірі үлеске ие.

   «Халық Банкі» АҚ  2009 -2011ж. ШОБ субъектілеріне берiлген несиелері мен олардың сыйақы нарқы келесі кестеде берілген [3].

Кесте 3

ә»Қазақстан Халық Банкі» АҚ  ШОБ субъектілеріне берiлген несиелері және сыйақы ставкалары

Несие мерзiмi

 2008

 2009

 2010

 2011

Млн.тг

%

Млн.тг

%

Млн.тг

%

Млн.тг

%

Барлық берiлгенi:

13 108

 

17 790

 

22 526

 

19 688

 

Қысқа мерзiмдi

6 264

22

6 613

22,7

9 376

22,6

7 903

24,9

Ұзақ мерзiмдi

6 844

20

11 177

19

13 150

17,8

11 785

18,4

Несиелердiң жалпы сомасы iшiнде:

Жеке тұлғаларға берiлгендер:

 

12 607

20.9

 

17 318

20,4

 

21 958

19,8

 

19 056

21

Қысқа мерзiмдi

6 148

22

6 500

22,7

9 286

22,6

7 787

24,9

Ұзақ мерзiмдi

6 458

19,9

10 818

19

12 671

17,8

11 269

18,4

Жеке тұлғалар-шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берiлгендер:

 

 

501

21,6

 

 

472

19,3

 

 

568

20,3

 

 

632

19,7

Қысқа мерзiмдi

116

23

113

22,3

89

27,1

115

27,6

Ұзақ мерзiмдi

386

21,2

359

18,4

479

19

517

17,9

       Қайнар көзі: www.halyk.kz

        Кестедегі мәліметтерден «Халық  Банкі» АҚ  берген несиелерінің пайыздық нарқы жоғары екені байқалады. Осындай сыйақымен несиенің 32%-ы Алматы қаласына, 14%-Қарағандыға, 8% -Оңтүстік Қазақстан облысына, 9%-Шығыс Қазақстанға берілген[4].

 ҚР басқа өңірлеріндегі ШОБ дамуы және осы саладағы отандық банктердің несиелеу қызметерінде шешімін күтіп тұрған мәселелер бар екені байқатады.

Осыдан қазіргі таңда отандық банк секторының ШОБ несиелеу қызметтерін жетілдіру және оны дамыту мақсатында, сондай – ақ алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, халықаралық стандарттарды талабында банк заңнамасын жетілдіру, банктердің   тұтынушылық кредит берумен байланысты банк тәуекелдерін төмендету, қаржы статистикасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындайды.

        Одан басқа қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға   өзіндік ықпал ететін негізгі факторлар бар, олар -рұқсат беру құжаттарын барынша жеңілдету, несие ресурстарына мүмкіндігінше жол ашу, кәсіпкер бизнесмендерді оқыту және кәсіпкерлер еркін ыңғайлы салық саясатын жүргізу - кәсіпкерліктің дамуының басты шарттары болып қалып отыр.

        Аталған мәселелердің шешімін табуы ШОБ саласында іскерлік ортаны жақсарта отырып еліміздің 30 бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінуіне мүмкіндік құрады деген ойдамыз. 

        Әдебиеттер

1.     Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан

2.     www.stat.kz

3.     “Халық Банкі ”АҚ 2010- 2012 ж. есептері

4.     www.halyk.kz